Мадагаскар Республикасы (Үлгі:Lang-mg , фр.
République de Madagascar) — Үнді мұхитындағы Мадагаскар мен оған жақын ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.
Мадагаскар Республикасы Repoblikan'i Madagasikara République de Madagascar | |||||
| |||||
Ұран: «Tanindrazana, Fahafahana, Fandrosoana» «Отан, Бостандық, Прогресс» | |||||
Әнұран: «О, біздің сүйікті Отанымыз» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 26 маусым 1960 жыл (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | малагасий тілі, француз тілі | ||||
Елорда | Антананариву | ||||
Ірі қаласы | Антананариву | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі | Андри Радзуэлина Кристиан Нтсай | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті | Әлем бойынша 46-шы орын 226 597 км² 0,9 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (1993) • Тығыздығы | ▲ 24 894 551 адам (52-ші) 12 238 914 адам 35,2 адам/км² (174-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда | 40,055 млрд. $ 1,563 $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда | 10,372 млрд. $ 405 $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,519 (төмен) (161-ші) | ||||
Валютасы | ариари | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .mg | ||||
ISO коды | MG | ||||
ХОК коды | MAD | ||||
Телефон коды | +261 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+3:00 және Indian/Antananarivo |
Арал тұрғындарының жартысына жуығы жергілікті діни сенімдерді ұстанады (45%), қалғандары христиандар (40%) мен мұсылмандар (15%).
Мадагаскар аралының шығыс және батыс жағалаулары аласа, жайпақ келеді; шығыс жағалаулары құм төбешіктер, батыс жағалауы — маржан рифтері. Солтүстік-батысы мен қиыр солүстігіндегі жағалауы биік жартасты, қатты тілімделген. Аралдың климаты тропиктік; солтүстік-батысында — экваторлық муссон климаты; шығыс жақ теңіз жағалауындағы ойпаттар мен үстіртті климатты ыстық әрі ылғалды. Айлық орташа температура 13 — 20ӘС-тан 27 — 33ӘС-қа дейін, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 мм-ден асады, ал кей жерлерінде 3000 мм-ге жетеді. Елдің шығысында тропиктік мәңгі жасыл ормандар өседі.
Аралдың ежелгі және ортағасырлық тарихы аз зерттелген. Алғашқы мемлекет құрылымдар 14 ғ-да пайда болды. Бұл мемлекет Имерина деп аталды. 16 ғ-дан аралға Еуропа отаршылары, әсіресе француздар орнығуға тырысты. 19 ғ-дың басында Имерина барлық аралды біріктіріп, Мадагаскар патшалығын құрды. 19 ғ-да Мадагаскар үшін ағылшын-француз бәсекесі күшейді. 1883 ж. Мадагаскарға француз әскерлері басып кіріп, арал үкіметі Франция протектораттығын мойындауға мәжбүр болды (1885). 1895 ж. Франция Мадагаскарға қайта шабуыл жасап (1896, тамыз) Имерина монархтарының билігін жойды (1897). Франция отаршылық жылдары Мадагаскардың адам күші мен табиғи қорын аяусыз пайдаланды. 10 млн. га шұрайлы жерлер мен орман алқаптары жергілікті халықтан тартып алынды. Мадагаскар халқының ұлт-азаттық күресі 2-дүниежүзілік соғыстан кейін өрши түсті. Нәтижесінде 1958 ж. қазан айында Мадагаскарға Франция бірлестігі аумағындағы автономия құқық еркіндігі берілді. 1960 ж. 26 маусымда Мадагаскардың тәуелсіздігі жарияланып, елдің аты байырғы халық атымен үйлестіріліп, ресми түрде Мальгаш (Малагасия) Республикасы деп аталды. 1972 ж. билік әскери-азаматтық топтардың бақылауына көшті. Олар ұсынған “Малагаси социалистік революциясының Хартиясы” атты құжат бойынша, Мадагаскар “Социалистік бағдарға” ауысып, кейбір өндіріс салалары мемл. меншікке көшірілді. 1991 ж. маусым айында аралда халық толқулары басталды. Оппозиция топтар жалпыхалықтық референдум бойынша 1992 ж. тамызда жаңа ұлттық конституция жариялады. Жаңа заңға сәйкес елдің аты Мадагаскар Республикасы болып өзгертілді.
Мадагаскар — ауыл шаруашылығы дамыған ел. Күріш, картоп, жүгері, қант қамысы, темекі, т.б. өсіріледі. Балық аулау мен мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Ауыр өнеркәсібі мешеу қалған. Өндірістік салалар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге маманданған. Сыртқа кофе, қант, балық өнімдері, түсті металдар шығарылады. Сырттан азық-түлік пен тұрмысқа қажетті бұйымдар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, АҚШ, Германия, Жапония, Оңтүстік Африка Республикасы, т.б.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Мадагаскар, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.