Камерун

Камерун (фр.

11°55′00″ ш. б. / 5.11667° с. е. 11.91667° ш. б. / 5.11667; 11.91667 (G) (O) (Я)

Cameroun, ағылш. Cameroon), ресми — Камерун Республикасы (фр. République du Cameroun, ағылш. Republic of Cameroon, порт. Rio dos Camarões — «асшаяндар өзені») — Орталық Африкадағы мемлекет. Жер көп. 475440 км2. Халқы 15,4 млн. адам (1999). Халқы тілдеріне қарай банту (дуала, балунду, баса, батанга, т.б.) шығыс банту (бамилеке, бамум, тикар, т.б.), хауса (бата, мандара, т.б.) топтарына бөлінеді. Ресми тілдері – ағылшын және француз тілдері. Тұрғындары христиан дінінің католик 35%, протестант (18%) тармақтарын ұстанады. Дәстүрлі нанымдарына сенушілер (25%) мен мұсылмандар (22%) да бар. Астанасы – Яунде қаласы. Елді президент басқарады (1982 жылдан П.Бийя). Ол 5 жыл сайын төте сайлау негізінде сайланып отырады және үкімет басшысы да болып саналады. Заң шығарушы орган бір палаталы парламент. Ұлттық мерекесі 1 қаңтар – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – Камерун франкі.

Камерун Республикасы
фр. République du Cameroun
ағылш. Republic of Cameroon
Камерун Камерун
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Paix, Travail, Patrie
(фр.
Бейбітшілік, Еңбек, Отан
Әнұран: «Chant de Ralliement»
Камерун
Тарихы
Тәуелсіздік күні 1 қаңтар 1960 жыл (Франциядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері француз тілі және ағылшын тілі (де-факто)
Елорда Яунде
Ірі қалалары Яунде, Дуала
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Килиан Мбаппе
Жозеф Дион Нгуте
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 53-ші орын
475 442 км²
0,57
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2005)
Тығыздығы

23 439 189 адам (56-шы)
17 463 836 адам
39,7 адам/км² (167-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

95,068 млрд. $ (93-ші)
3,820 $ (152-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

38,445 млрд. $ (98-ші)
1,544 $ (152-ші)
АДИ (2017) 0,556 (төмен) (151-ші)
Валютасы Франк
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .cm
ISO коды CM
ХОК коды CMR
Телефон коды +237
Уақыт белдеулері +1

Табиғаты

Камерун экваторлық және субэкваторлық белдеулерде орналасқан. Жерінің көпшілігі таулы үстіртті және қыратты. Климаты экваторлық (оңтүстігінде) және экваторлық-муссондық. Ең ыстық айлары ақпан мен наурызда 24 – 28°С, салқын айлары шілде мен тамызда 22 – 24°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 мм-ден (солтүстікте) 3000 мм-ге (мұхит жағалауларында) дейін жетеді. Басты өзендері – Санага, Ньонг, Нтем, Бенуэ, т.б. Жерінің 1/3 бөлігі (15 – 13 млн. га) орман және саванна. Қызыл ағаштар мен темір ағаштардың көптеген түрлері кездеседі. Жануарлар түрлеріне өте бай: ормандарында піл, гиппопотам, қолтырауын, саванналарда буйвол, жираф, арыстан, қабылан, т.б. кездеседі. Пайдалы қазындылары – темір, алтын, боксит, табиғи газ.

Тарихы

Камерун жеріне адам баласы өте ерте заманда қоныстана бастаған. Бұл елдің ежелгі халқы пигмейлер болған деп есептеледі. Дегенмен олардың ертедегі тарихы жөніндегі мәліметтер бізге жетпеген. 15 – 16 ғасырларда Мандара тау бөктерлерінде Мандара сұлтандығы құрылды. 1472 жылы Камерун жеріне португалдар келіп, елді Рио-душ-Камаруш деп атады. Олар бұл жерде құл саудасын дамытты. 17 ғасырдың басында шығыстан дуала тайпалары басып кіріп еуропалықтар (ағылшындар, португалдар, голландықтар) мен жергілікті тайпалар арасындағы сауданы өз қолдарына алды. 19 ғасырдың бас кезінде елдің солтеңізіне Нигериядан фульбе тайпалары басып кіріп, Мандара сұлтандығын жаулап алды. Оған қоса елдің басқа аймақтарында да ұсақ мұсылман мемлекеттері өмір сүрді. 16 ғасырдың аяғында Камерунға голландиялықтар, 18 ғасырда француз, ағылшын, неміс саудагерлері мен миссионерлері келді. 1884 жылы Германия елге өз үстемдігін орнатып, какао, кофе, банан плантацияларын өсіруге кірісті. 1916 жылы Камерунды ағылшындар мен француздар бөлісіп алды. Жергілікті халық отаршыларға қарсы бірнеше рет (1922, 1928 – 29, 1931) бас көтерді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1960 жылы француздар өз иеліктеріндегі Шығасыр К-ға тәуелсіздік беруге мәжбүр болды, ал Оңтүстік-батыста көтеріліс басталады. 1961 жылы көтеріліс басылып, БҰҰ бақылауымен референдум өткізілді. Нәтижесінде ағылшындар бақылауындағы өңірлердің Оңтүстік Камерунға, Солтүстік Нигерияға қосылды. 1961 жылы Камерун федерациялық республика болып құрылды. Ел 1960 жылы БҰҰ-на, 1963 жылы Африка бірлестігі ұйымына қабылданды. 1972 жылы елде жаңа конституция қабылданып, Камерун унитарлық мемлекетке айналды. 1982 жылы үкімет солтүстіктегі мұсылман-офицерлер бүлігін басып тастап, оппозицияны қуғынға ұшыратты. Бірақ халық толқулары нәтижесінде 1992 жылы саяси амнистия жарияланып, оппозиция өкілдері сайлауға жіберілді.

Экономикасы

Елдің жылдық ұлттық табысы 9,1 млрд. АҚШ доллары, сыртқы қарыз 9,5 долл. көлемінде, халықтың 70%-ы. ш-нда, 9%-і – өнеркәсіпте, 21%-і қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Жұмыссыздар халықтың 25%-ін құрайды, барлық жердің 12,8%-і а. ш-на қолайлы. Елде қазба байлықтар (мұнай, табиғи газ, боксит, темір кентасы, уран, алтын, т.б.) қоры көп. Экспортқа, негізінен, шикі мұнай мен мұнай өнімдері, ағаш және ағаштан жасалған заттар, кофе, алюминий, мақта, банан шығарылса, импортқа машиналар, құрал-саймандар, химия өнімдері, жанар май, т.б. әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Испания, Италия, Германия, Нидерланд, Бельгия, АҚШ.

Дереккөздер

Tags:

Камерун ТабиғатыКамерун ТарихыКамерун ЭкономикасыКамерун ДереккөздерКамерунАғылшын тіліПортугал тіліФранцуз тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тыныс алу жүйесіОдағайҚазақтың атақты әнші-күйшілеріАлтын Орда тарихыГлюкозаАбай ҚұнанбайұлыҚазақ хандығының құрылуыБасты бетҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріЖүсіпбек АймауытовВолейболАдам ағзасындағы химиялық элементтерБірінші Мемлекеттік ДумаІлияс ЕсенберлинМоңғол шапқыншылығыӘдеби жанрларНұралы ханОмонимШыңғыс ханТатарларНесіпбек Тұрысбекұлы АйтЭтносМұхтар ШахановМерезНАТОҰлы Отан соғысыМагмалық тау жыныстарыМысҚатерлі ісікҚанХалықаралық ұйымдарЭндокриндік жүйеЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАмерикадағы азамат соғысыСолтүстік ҚазақстанЖыныс мүшелерінің құрылысыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыҚызыл кітапСаяси жүйеЕуропаБидай (астық)Қосарлы ұрықтануҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыЖасушаБензолЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыАнықтауышРентген сәулесіАбай Құнанбайұлының шығармаларыАлаш ОрдаҚазақстан әкімшілік бірліктеріСалалас құрмалас сөйлемБасынқы сөйлемАксонКөшбасшылықҚарағайСуТехнологияЖұлын жүйкелеріНорвегияРим империясыКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысШаңырақЖұрнақЫңғайлас салалас сөйлемЕуропа одағыҚазақ газетіДивизияҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыҚұлпынайҚырғызстанАмерика Құрама ШтаттарыҚазақстандағы ұжымдастыруКөміртегіАвтокөлік шығаратын елдер тізімі1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықДыбыстың қаттылығыМейозПысықтауыш🡆 More