Пеле

Едсон Арантес до Насименто (порт.

Edson Arantes do Nascimento; 21 қазан немесе 23 қазан 1940 жыл, Трес-Корасойнс, Минас-Жерайс — 29 желтоқсан 2022 жыл), немесе Пеле (порт. Pelé) — әйгілі бразилиялық футболшы, XX ғасырдың үздік футболшысы, үш дүркін әлем чемпионы (1958, 1962, 1970). Пеле Халықаралық олимпиада комитетiнің ұйғарымы бойынша XX ғасырдың спортшысы деп мойындалды. "Сантос" және "Нью-Йорк Ғарыш" клубтарында ойнаған. Бразилия құрамасында 92 матч өткізіп 77 гол соққан.

Пеле Футбол
Пеле
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Эдсон Арантис ду Насименту

Лақап аттары

Футбол королі

Туған күні

23 қазан 1940 (1940-10-23)

Туған жері

Трес-Корасойнс, Минас-Жерайс, Бразилия

Қайтыс болған күні

29 желтоқсан 2022 (2022-12-29) (82 жас)

Азаматтығы

Пеле Бразилия

Бойы

174 см

Салмағы

73 кг

Позиция

шабуылшы

Жастар клубы
1955–1956 Бразилия Нороэсте
Клуб карьерасы
1956—1974 Бразилия Сантос 496 (504)
1975—1977 Америка Құрама Штаттары Нью-Йорк Ғарыш 64 (37)
Ұлттық құрамы
1957—1971 Пеле Бразилия 92 (77)
Пеле
Пеле (1965)

Әлем чемпионатын ойыншы ретінде ұтқан рекордшы — үш титулға қол жеткізген. Төрт рет әлем чемпионатын қатысқан. 1970 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы. 1958 жылғы әлем чемпионатының ең үздік жас футболшысы. Оңтүстік Америкадағы Жыл футболшысы (1973). Екі рет әлем чемпионаттарының символдық құрамалары мүшесі болды.

Футболшылық ғұмыры

Клубтық карьерасы

Пеле кәсіпқой карьерасын 1956 жылы "Сантоста" бастады. Қыркүйек айында "Коринтиансқа" қарсы ойында алаңға шықты да, гол соқты.

Сантос сапында ойнаған 18 маусымда (1956-74) 11 рет Сан-Паулу чемпионы атанып, осынша рет турнирдің үздік мергені атанды. Және де екі рет Құрлықаралық кубок иегері атанды.

1975 жылы АҚШ-тың "Нью-Йорк Космос" клубымен шарт жасасты. Оның АҚШ-қа баруы үлкен сенсация болды. Пеленің баруымен ол жақта да футбол кәдімгідей №1 спорт түріне айнала бастады.

Екі жылдан соң футболмен мүлде қоштасты. Қоштасу матчында "Сантос" пен "Нью-Йорк Космос" командалары кездесіп, Пеле екі жақта бір-бір таймнан ойнады.

Ұлттық құрамада

Бразилия құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 1957 жылы өткізді. 1958 жылғы әлем чемпионатында Пеле алты доптың авторы атанды, тұңғыш голын 1/8 финалда Уэльстің қапасына енгізді. Ал жартылай финалда Францияның қақпасына хет-трикті бір-ақ тоғытты. Финалда Швецияға екі доп енгізіп, әлем чемпионы атанды.

1962 жылғы турнирде бір ғана матчта ойнап, жарақатының кесірінен қалған матчтарға қатыса алмады, соған қарамастан әлем чемпионы атанды. 1966 жылғы әлем чемпионатында да осылай болды, жарақатынан толық айыға алмады да, онысы құраманың ойынына да әсер етіп, Бразилия топтық турнирден оза алмады.

1970 жылғы чемпионатта Пеле барынша жарқырады. Бразилия үшінші рет чемпион атанды. Пеле бұл турнирде төрт гол соқты (соның біреуін финалда Италияға).

1971 жылы Пеле құрамадағы карьерасын аяқтады.

Футболдан кейінгі өмірі

  • 1995 жылы Бразилия спорт министрі боп тағайындалды.
  • 2000 жылы Пеле ЮНЕСКО өкілі атанды.
  • 2006-2008 жылдары «Сантостың» бапкерлер штабында жұмыс істеді.

Жеке өмірі

1966 жылы Пеле Роземери дос Рейс Шолбиге үйленді. Екеуінің үш перзенті болды:Келли Кристину (1967), Эдсона (1970) и Женнифер (1978). 1982 жылы екеуі ажырасты.

1994 жылы Пеле екінші рет Ассирия Лемос Сейшасқа үйленді. Олардың Жошуа және Селесте атты егіз балалары болды. Бірақ 2008 жылы тағы ажырасты.

2016 жылы 75 жасында үшінші рет жапон ұлтының өкілі Марсия Сибели Аокиге үйленді.

Жетістіктері

Клубтық

Пеле  Сантос

  • Бразилия чемпионы (6):
  • Бразилия кубогы (5): 1961, 1962, 1963, 1964, 1965
  • Робертан кубогы: 1968
  • Паулиста Лигасының жеңімпазы (10): 1958, 1960, 1961, 1962, 1964, 1965, 1967, 1968, 1969, 1973
  • Рио—Сан-Паулу турнирінің жеңімпазы (4): 1959, 1963, 1964, 1966
  • Либертадорес (2): 1962, 1963
  • Континентаралық кубок (2): 1962, 1963
  • Континентаралық суперкубок: 1968

Пеле  Нью-Йорк Космос

  • САФЛ чемпионы: 1977

Ұлттық құрама

Пеле  Бразилия

  • Әлем чемпионы(3): 1958, 1962, 1970
  • Төрт әлем чемпионатының қатысушысы (4): 1958, 1962, 1966, 1970
  • Рока кубогы: 1957, 1963

Жеке жетістіктері

  • Әлемнің үш дүркін чемпионы атанған жалғыз футболшы: 1958, 1962, 1970
  • Төрт бірдей әлем чемпионатында ойнаған үш футболшының бірі: 1958—1970.
  • 1969 жылы 19 қарашада карьерасындағы 1000-шы голын соқты.
  • Бразилия құрамасының үздік мергені: 77 гол
  • Оңтүстік Америкадағы жыл футболшысы: 1973
  • ФИФА-100 тізімінде бар
  • ХОК сараптамасы бойынша ғасыр спортшысы: 1999
  • ФИФА версиясы бойынша жүзжылдықтағы үздік футболшы

Фильмография

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Пеле Футболшылық ғұмырыПеле Футболдан кейінгі өміріПеле Жеке өміріПеле ЖетістіктеріПеле ФильмографияПеле ДереккөздерПеле Сыртқы сілтемелерПеле1940 жыл2022 жыл21 қазан23 қазан29 желтоқсанБразилия Ұлттық футбол құрамасыМинас-ЖерайсНью-Йорк ҒарышПортугал тіліСантос (футбол клубы)Трес-Корасойнс

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АстероидЭнергияСомалық жасушаларОғыз мемлекетіӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)МысықСалалас құрмалас сөйлемРаушангүлділерҚорқыт атаКөне түркі жазбаларыЗәр шығару жүйесіТұманбай МолдағалиевҒабиден МұстафинҚазақ хандығыҰлы Жібек жолыМұхтар ШахановСаркомерлерЖануарларЭндемикҰйқы безіМұхтар Мұқанұлы МағауинНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіТүрік қағанатыЖыныссыз көбеюМейозСфералық айналарОрбұлақ шайқасыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМахамбет ӨтемісұлыМорфология (лингвистика)Қазақстандағы көмір кеніЖалпы ішкі өнімЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Күн жүйесіАдам ағзасындағы химиялық элементтерБөлшектенуФотосинтезРентген сәулесіДін философиясыТранспортирДәрілік өсімдіктерРимАустралияҚазақстан экономикасыЖұмыссыздықКүй аңызы (әңгіме)ИзомерияТыныс алуДемократияҚазақстан азамат соғысы жылдарындаӘбілхан ҚастеевБесеудің хатыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерЗат алмасуФерромагнетиктерҚырғызстанТүркістан (қала)Тарих философиясыСалқам Жәңгір ханАспанСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовБалдырАлександр Викторович ЗатаевичБатыс ҚазақстанҚозы Көрпеш – Баян Сұлу кесенесіҚалқанша безЕуразияТабиғи газАмерика Құрама ШтаттарыҚұрмалас сөйлемАфрикаГалактикаГидросфераЭкологиялық пирамида ережесіАхмет БайтұрсынұлыАлмаҚызмет көрсетуОңтүстік Америка🡆 More