Twitch

Twitch видеоны тікелей эфир арқылы жүргізетін, Twitch Interactive басқаруындағы, Amazon компаниясының еншілесі, видео ойынға және киберспортқа мамандандырылған қызмет.

Twitch платформасында видеоны тікелей эфирде және сұраныс бойынша көруге болады. Бұл қызмет 2011 жылы маусым айында видео ойындарды тікелей эфирде хабарлайтын Justin.tv платформасына көмекші ретінде жасалған. Видео ойындардан басқа Twitch платформасында музыка, влог тақырыбында тікелей эфир жүргізуге болады.

Twitch
логотипі
URL

twitch.tv

Коммерциялық

Иә

Сайттың түрі

Видеостриминг қызметі

Тіркелу

Міндетті емес

Тіл(дер)і

Көптілді

Сервердің орналасқан жері

Сан-Франциско,
Калифорния,
Twitch АҚШ

Иесі

Amazon

Ашылған уақыты

6 маусым, 2011; 8 жыл бұрын

Қазіргі статусы

Белсенді

Кірушілер

2012 жылдың ақпан айында сайт кірушілер саны 15 миллионға жетті. Кірушілердің негізін жасы 18-ден 34-ке дейінгі адамдар құрайды. 2012 жылдың қыркүйек айында сайтқа 20 миллион адам кірген, ал 2013 жылдың тамыз айында бұл сан 45 миллионға жеткен.

Мазмұны

Twitch арқылы видео ойындар, киберспорттық жарыстар тікелей эфир арқылы өткізіледі.

Видео ойындардан басқа бұл платформада Music & Performing Arts (қаз. Музыка және шығармашылық өнер) санаты танымал. Бұл санатта арна авторлары көрермендердің сұранысы бойынша әртүрлі әндерді орындайды. Сондай-ақ Just Chatting (қаз. Жай сөйлесу) деген санатта танымал. Бұл санатта стримерлер өз көрермендерімен сөйлеседі, сұрақтарына жауап береді.

Travel & Outdoors (қаз. Саяхат және Таза ауада) деген санатты да назарсыз қалдыруға болмайды, бұл санатта авторлар көшеде жүріп тікелей эфир өткізеді.

Қолдайтын платформалар

Twitch кез келген құрылғының браузері арқылы қол жетімді. Ресми қосымшасы IOS және Android-та қол жетімді. Сондай-ақ ресми қосымшасы ДК қолданушыларына қол жетімді.

TwitchCon

Twitch 
TwitchCon 2016 жылы

TwitchCon бұл жыл сайын Twitch-ке және оның мәдениетіне арналған құрылтай. Бұл құрылтай стримерлер өз жазылушыларымен және басқа да стримерлермен, жаңа серіктестермен, демеушілермен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жанкүйерлер бұл құрылтайда өз сүйікті стримерлерімен жүздесуге және суретке түсуге мүмкіндік алады. Алғашқы TwitchCon 2015 жылы Сан-Франциско қаласында өтті.

TwitchCon АҚШ-тан тыс жерде алғаш рет Берлинде 2019 жылы өтті.

2020 жылы TwitchCon Амстердамда өткізіледі деп жоспарланған, бірақ коронавирус қаупінен болдырылмады.

Орналасуы

Негізгі штаб-пәтері АҚШ-та Сан-Франциско қаласында орналасқан. Қосымша штаб-пәтерлер Амстердамда және Сингапурда орналасқан.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Twitch

Tags:

Twitch КірушілерTwitch МазмұныTwitch Қолдайтын платформаларTwitch ConTwitch ОрналасуыTwitch ДереккөздерTwitch Сыртқы сілтемелерTwitch2011 жылAmazon.comВидео ойынКиберспортМаусым

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЭмбрионЖүрек ауруларыҚоректік тізбекСемей полигоныХан ШатырҚорықНаурызым қорығыРентген сәулесіҚазақстан 2030Қазақстандағы жануарлар әлеміТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріВолейболЖалғауАлматы облысыҚарағанды металлургия комбинатыЗат алмасуҚазақстан демографиясыҚимақ қағанатыЭкологияТұқым қуалайтын өзгергіштікХиуаз Қайырқызы ДоспановаЛеонардо да ВинчиҚасым ханӨсімдіктердің көбеюіСыртқы саудаӨркениетЖер құрылымыКүкірт қышқылыТұздар (химия)Қазақстан өсімдіктеріҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыҚарағайИнтернетАксонҚуыршақ театрыҚызылша (медицина)Тоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровШоқан Шыңғысұлы УәлихановАсқорыту мүшелеріОтын-энергетикалық кешенҮш Жүз партиясыТахауи АхтановКиіз үйМемлекеттік басқару формасыГалактикаГаструлаНұрдәулет Бәбиханұлы АқышСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)БалдырҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЖыныс гормондарыТүркістан (қала)АстероидДНҚРентген сәулелеріМиелин қабықшасыМұхтар Мұқанұлы МағауинАғашИспанияҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыЖер сілкінуСақ мәдениетіҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміЛенинград шайқасыЖарықтың шағылуыПартеногенезОрталық жүйке жүйесіӨзгергіштікҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріТерроризмЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановСабақтас құрмалас сөйлемҚоғамЭмбриогенезКСРО ыдырауыЖылқы малының атауларыЭкологиялық проблемаТыныс алу жүйесі🡆 More