Netflix

Netflix, Inc.

1997 жылы 29 тамызда Скоттс-Вэллиде (Калифорния) Рид Хастингс пен Марк Рэндольф құрған. Ол онлайн ағындық мультимедиа тарату және тапсырыс бойынша видео және пошта арқылы DVD ұсынуға маманданған. 2013 жылы Netflix фильм және телевизия өндіру, сондай-ақ онлайн таратуды қосты. Қазіргі уақытта компания штаб-пәтері Калифорниядағы Лос-Гатос қаласында.

Netflix Inc.
Түрі

қоғамдық компания

Биржадағы листингі

NASDAQ: [1]

Құрылды

29 тамыз 1997; 26 жыл бұрын (1997-08-29)

Құрушы

Рид Хастингс
Марк Рэндольф

Орналасуы

Netflix АҚШ: Лос-Гатос, Калифорния

Өнімі

фильм өндірісі
сериал өндірісі
Blu-ray және DVD онлайн-прокат тарату

Айналым

20 156 миллиард $ (2019)

Операциялық кірісі

2 604 миллиард $ (2019)

Таза табыс

1 866 миллиард $ (2019)

Қызметкерлер саны

6 700 (2019)

Сайты

netflix.com

2016 жылы компания 126 фильм мен сериал шығарды. Бұл кез-келген басқа желілік және кабельдік арналарға қарағанда көп. 2019 жылы сәуірге сәйкес Netflix-тің дүние жүзі бойынша 148 миллионнан астам жазылушысы бар, оның ішінде 60 млн АҚШ-тан.

Негізінің қалану тарихы

Netflix-ті 1997 жылы 29 тамызда Скоттс Валлийде, Калифорнияда Марк Рандольф пен Рид Хастингс құрған. Олар Netflix идеясын Санта-Круздағы үйлерімен және Sunnyvale-дегі Pure Software компаниясының штаб-пәтері арасында саяхаттау кезінде ойлап тапты.

Хастингс Netflix үшін стартапқа 2,5 миллион доллар инвестициялады. Олардың пікірінше, фильмдерді VHS бейнекассеталарына жеткізу олардың көлемінің салыстырмалы түрде үлкен болуына және сәйкесінше сақтаудың қолайсыздығына байланысты тиімсіз болды. Netflix әлемдегі алғашқы онлайн жалға беру дүкені ретінде басталды, тек 30 қызметкері мен 925 фильмі бар, жалға ақы төлеу моделін қолдана отырып, ставкалары мен қайтару уақыты негізгі бәсекелесі Blockbuster-ге ұқсас.

Netflix 
Лос-Гатостағы (Калифорния) Netflix штаб-пәтері.

Дүние жүзі бойынша таралуы

Netflix 
2022 жылдың наурыз айына сәйкес Netflix-тің әлем елдеріндегі болуы     Netflix бар     Netflix жоқ
2007 Netflix АҚШ-та таратыла бастады.
2010 Компания алғаш рет халықаралық нарыққа қызмет көрсетуді 2010 жылы 22 қыркүйекте Канадада бастады.
2011 Netflix әрі қарай қызметін ұсынуды Бразилияға, Испан тілді Америкаға, Caribbean аймағына және Гвианаға дейін кеңейтті.
2012 Netflix 2012 жылы 4 қаңтарда алғаш боп Ұлыбритания мен Ирландияда іске қосылу арқылы Еуропаға енуін бастады. Қыркүйектің 18 мәліметіне сәйкес ол Дания, Финляндия, Норвегия және Швецияға дейін тарату аймағын кеңейтті.
2013 Компания кеңеюін бәсеңдетті. Себеп: жазылу құнын реттеу. Нидерланд ғана қосылды.
2014 Netflix-ті көру Аустрия, Бельгия, Франция, Германия, Люксембург, және Швейцарияда мүмкін бола бастады.
2015 Netflix Аустралия және Жаңа Зеландия, Жапония, Италия, Португалия, and Испанияға шығып, кеңейді.
2016 Netflix 2016 жылдың қаңтарында Электроника тұтынушылар шоуында (Consumer Electronics Show) өздерінің құрлықтық Қытай, Сирия, Солтүстік Корея және Қырым аймағынан басқа әлемнің барлық жерінде қолжетімді екенін жариялады.

Қарыздар

Netflix 2016 жылы 126 өз сериалдары мен фильмдерін түсіріп, осы көрсеткішпен басқа желілік және кабелдік арналар үздігі болды. Оның жаңа мазмұн шығару мен қосымша мазмұнның құқығын қорғау, 190 елге таралу әрекеттері миллиардтаған қарызға тіреді: 2017 жыл қыркүйегіне сәйкес 21.9 миллиард $, 2018 жылға қарағанда 16.8 миллиард $. оның $6.5 милларды ұзақ-мерзімді қарыз, қалғаны ұзақ-мерзімді облигациялар. 2018 қазан айында Netflix жаңа мазмұнды контент жасау мақсатында тағы $2 миллиард қаржы қарыз алатынын мәлімдеген.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Netflix Негізінің қалану тарихыNetflix Дүние жүзі бойынша таралуыNetflix ҚарыздарNetflix ДереккөздерNetflix Сыртқы сілтемелерNetflixБейғам тынығуКалифорния

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Болмыс (философия)Жаңа экономикалық саясатАИВ/ЖИТСБағаналы жасушаҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыМәдениеттануГалогендерЖол белгілеріАнтропогенезМемлекет астаналары тізіміМоңғол империясыСүреБуын үндестігіТобылШанхай Ынтымақтастық ҰйымыПопуляцияАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыРесейАуызекі сөйлеу тілінің стиліҰлт-азаттық көтерілістерИнсультЛексикаМәдениет туралы түсінікІштің қатуыДекларацияАрендерТөменгі сатыдағы өсімдіктерЭтносӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Біріккен сөздерҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыҚазақстан тарихыДомбыраТыныс алуТоқырау жылдарындағы ҚазақстанЗат алмасуЗікірҚадір түніДидактикаГипофизАқшаӨсімдік ұлпасыБесін намазыНауқасты субъективті тексеру әдісіҒаламдық экологиялық проблемаларАдамның зәр шығару жүйесіШерхан Мұртазаұлы МұртазаБейімбет Жармағамбетұлы МайлинҚазақстан Республикасының КонституциясыДәрігерЖау тылындағы балаТопырақҚазақ ұлттық киімдеріФерменттерҚазақстан экономикасының тарихыРевматизмТәуке ханҚазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуыСаяси режимТеатрЭкзистенциализмХиуа хандығыИнсулинСаяси мәдениетЛипидтерФосфорҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныКүнделік.кзЖалқы есімЕліктеу сөзӘдеби жанрларЕрте токсикозӘскери коммунизм саясатыТоталитаризмҚазақстандағы саяси партияларЖүрек ауруларыҚазақстандағы сайлау жүйесіПсихологияның зерттеу әдістеріГенетика🡆 More