Google Аудармашы

Google Аудармашы (ағылш.

Қызмет онлайн үлгіде жұмыс істейді және интернетке кіру мүмкіндігі бар кез келген қолданушыға қолжетімді. Google аудармашы жүйеге қосылған барлық тілдер арасында жеке сөздер мен сөйлемдерді, мәтіндерді және тұтас веб-парақшаларды аудару мүмкіндігіне ие.

Google Аудармашы
логотипі
скриншоты
URL

http://translate.google.com/
https://translate.google.kz

Сайттың түрі

машиналық аударма

Тіркелу

жоқ

Тіл(дер)і

Қолданыстағы тілдер...

Иесі

Google

Авторы

Google

Ашылған уақыты

сәуір 28, 2006; 17 жыл бұрын (2006-04-28) (статистикалық машиналық аудармашы ретінде)
қараша 15, 2016; 7 жыл бұрын (2016-11-15) (нейромашиналық аудармашы ретінде)

Қазіргі статусы

белсенді

Google Аудармашы Басқа мағыналар үшін Google (айрық) деген бетті қараңыз.

Тарихы

Google аударма жүйесінің негізін қалаушы Франц Джозеф Ох. Ол Перспективті қорғаныс жобаларын зерттеу агенттігің (DARPA) 2003 жылғы машиналық аударма бойынша жүлдесін жеңіп алған. Бұдан соң Ох Google компаниясының аударма жобаларымен айналысатын бөлім жетекшісі болып тағайындалды. 2005 жылдан бастап Google аудармашының әдіснамасы жасалып, алғашқы тәжірибелер өткізілді. Жүйенің жұмыс істеу механизмі мен негізгі принциптерін Ох өзінің жеке еңбегі ретінде жазып шығарған.

Мүмкіндіктері

Google Аудармашының да басқа машиналық аудармашы құралдар сияқты өзіндік шектеулері бар. Оқырманға шет тілдегі мәтіннің мазмұндық мағынасын түсінуге көмектескенімен, әрдайым нақты аударманы жеткізіп бере алмайды..

Кейбір тілдер бойынша басқа тілдерге қарағанда аударма нәтижесі жақсырақ болып келеді. Мысалы, Google Аудармашы ағылшын тілі мен Еуропа Одағы тілдері арасында сапалы аударма жасайды.

Google Аудармашыны Уикипедия ашық энциклопедиясында қолданылуы

Google Аудармашы 
Google аудармашының қолдану мысалы

Google аудармашы Ағылшынша Уикипедияның басты бетін португал тіліне автоматты түрде аудара алады. Кейбір Уикипедия бөлімдерінде GoogleTrans құралы қосылған. Бұл құралдың көмегімен сөзді, сөз тіркесін, толықтай мәтінді белгілеп (таңдалған мәтін көлемі 500 таңбадан аспауы тиіс)  ⇧ Shift  пернесін басқанда Google Аудармашы қосылған кез келген тілге (белгіленген тілге) автоматты аударып береді. Мұндай гаджет әзірге қазақша Уикипедия, ағылшынша Уикипедия, нидерландша Уикипедия, жапонша Уикипедия, индонезше Уикипедия, испанша Уикипедия, хиндише Уикипедия, македонша Уикипедия, норвегше Уикипедия бөлімдерінде ғана орнатылған.

Google аудармашы аударма жүйесіне қосылған тілдердің Уикипедия бөлімдеріндегі әрбір бетті бір-біріне автоматты аударуға болады. Мысалы: қытайша, жапонша, корейше, ивритше Уикипедия бөлімдерінің әрбір бетін ағылшын тілінде оқуға болады. Ол үшін Үлгі:Google translation үлгісін қолдануға болады.

Аудармашыға қазақ тілінің енуі

2012 —2014 аралығында Wikibilim қоғамдық қоры Google Аудармашыға қазақ тілін қосу бойынша жұмыс атқарды.

2014 жылдың 12 желтоқсанында қазақ тілі Google онлайн аударма жүйесіне қосылды. Сонымен бірге аударма сервисінің қазақша нұқсасы да жарық көрді: https://translate.google.kz.

Мәлімдемеге сәйкес, Google аудармашы пайдаланушылары түзетулер енгізу арқылы аударма сапасын жақсартуға және лингвистикалық сараптама жасауға көмектесе алады.

iOS нұсқасы

Google Аудармашы 
iPhone-да орнатылған Google Аудармашы қосымшасы (неміс тіліндегі нұсқасы)

2008 жылдың тамызында Google компаниясы iOS операциялық жүйесіне арналған iPhone қолданушыларына HTML5 веб қосымшасын іске қосты. Google Аудармашыға арналған ресми iOS қосымшасы 2011 жылдың 8-ақпанында шығарылды. Ол 15 тілде сөздерді дауыс күйінде (voice input) қабылдай алады. 50-ден астам тілге тәржіме жасай алады. Ал 23 түрлі тілде аударманы дауыстап айтып бере алады.

Android нұсқасы

Google Аудармашы Android операциялық жүйесі үшін тегін жүктеп алуға болатын қосымша (арр) болып табылады. Алғашқы версиясы 2010 жылы қаңтарда іске қосылған және қолданылуы шолғыштағыдай (browser) қарапайым. Android-та өзге тілді қолданушылармен емін-еркін жазысуға мүмкіндік беретін "SMS аударма" опциясы 14 тілде ұсынылған. Сонымен қатар, кейбір тілдерде сөздерді теріп емес, дауыспен енгізуге (voice input) болады.

Қолданыстағы тілдер

Төмендегі тілдердің барлығы бір-біріне аударыла алады. Тізім 2014 жылдың желтоқсанына қарай берілген.

  1. ағылшынша
  2. албанша
  3. арабша
  4. армянша
  5. африкаанс
  6. әзірбайжанша
  7. баскша
  8. беларусша
  9. бенгалша
  10. болгарша
  11. боснияша
  12. валлияша
  13. мажарша
  14. вьетнамша
  15. галисияша
  16. грекше
  17. грузинша
  18. гуджарати
  19. датша
  20. жапонша
  21. зулусша
  22. иврит
  23. игбо
  24. идиш
  25. индонезияша
  26. ирландша
  27. исландша
  28. испанша
  29. итальянша
  30. йорубаша
  31. қазақша
  32. каталанша
  33. каннада
  34. корейше
  35. креолша (Гаити)
  36. қытайша (дәстүрлі, қарапайым)
  37. қырғызша
  38. қхмерше
  39. лаосша
  40. латынша
  41. латышша
  42. литваша
  43. люксембургша
  44. македонша
  45. маори
  46. малагасиша
  47. малайша
  48. малаяламша
  49. мальташа
  50. маратхиша
  51. монғолша
  52. мьянмаша
  53. немісше
  54. непалша
  55. голландша
  56. норвегше
  57. орысша
  58. өзбекше
  59. парсыша
  60. пенджабша
  61. полякша
  62. португалша
  63. румынша
  64. себуано
  65. сербше
  66. сесетоше
  67. словакша
  68. словенше
  69. сомалише
  70. сингалше
  71. суахили
  72. сунда
  73. тәжікше
  74. тайша
  75. тагалша(филиппинше)
  76. тамилше
  77. телугу
  78. түрікше
  79. украинша
  80. урду
  81. финша
  82. французша
  83. хаусаша
  84. хмонгша
  85. хорватша
  86. хинди
  87. чехше
  88. чичеваше
  89. шведше
  90. эсперанто
  91. эстонша
  92. яваша

Тесттік түрде

  1. амхарша
  2. ассамша
  3. гуарани
  4. дзонг-кэ
  5. кантонша
  6. черокиша
  7. корсикаша
  8. гаваиша
  9. фризша
  10. руандаша
  11. күрдше (Курманджи)
  12. күрдше (Сорани)
  13. люксембургша
  14. романша
  15. қырғызша
  16. орияша
  17. пуштунша
  18. шонаша
  19. шотландша (кельт)
  20. синдхише
  21. татарша
  22. тибетше
  23. түркіменше
  24. ұйғырша
  25. волофша
  26. самоаша
  27. косаша

Дереккөздер

Tags:

Google Аудармашы ТарихыGoogle Аудармашы МүмкіндіктеріGoogle Аудармашы ны Уикипедия ашық энциклопедиясында қолданылуыGoogle Аудармашы Аудармашыға қазақ тілінің енуіGoogle Аудармашы iOS нұсқасыGoogle Аудармашы Android нұсқасыGoogle Аудармашы Қолданыстағы тілдерGoogle Аудармашы ДереккөздерGoogle АудармашыGoogleАударма сөздікАғылшын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жүсіпбек АймауытовМақала38-атқыштар дивизиясыМенің атым Қожа (повесть)Міржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Орта ғасырлардағы мәдениетҚазақстанның экологиялық проблемаларыЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарӘлеуметтік өзгерісҚазақтың ұлттық ою-өрнегіЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіМысСыртқы саудаЭндемикШеңберСелекцияЯдродағы нуклондардың байланыс энергиясыБұрыш (геометрия)Морфология (лингвистика)БүйрекБірінші дүниежүзілік соғысІлияс ЖансүгіровКонсументтерКүй аңызы (әңгіме)Астық шаруашылығыҚазақстан астанасыЕуропаСөйлем мүшелеріҚазақстандағы экологиялық проблемаларҚазақ мәдениетіТұқым қуалайтын ауруларЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеФерромагнетиктерНұркен ӘбдіровЖаңа білім беру жүйесіӨнерЭкономикалық қатынасҰрықтануЗар Заман ақындарыҚазақстан географиясыБабырБаланы қырқынан шығаруРаушангүлділерКөкпарАрыстан баб кесенесіШанхай Ынтымақтастық ҰйымыПсихологияБурабай ұлттық паркіМал шаруашылығыЕтістікТозаңдануАвтоматтандыруСарматтарНайзағайСүтқоректілерКөне түркі жазбаларыҚазақстан Республикасының КонституциясыАқпарат-коммуникация технологиясыТехнологияОдағайЖетіқарақшыПалеозойЭкологиялық жүйеМұнай экспорттаушы елдер ұйымыҚазақстанның сыртқы саясатыЖайылма сөйлемҚазақстандағы саяси партияларБіріккен Араб ӘмірліктеріАнтигитлерлік коалицияБесеудің хатыҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеӘбу Райхан әл-БируниСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстандағы ұжымдастыруШымкент🡆 More