Google

Google Inc.

Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі кеңейтілген іздеу жүйесі. Танымалдығы бойынша бірінші орында тұр (79.65 %), айына 41 млрд 345 млн сұраныс қабылдайды (нарық бөлігі 62,4 % ), 25 миллиардтан астам веб-беттерді индекстейді, (2009 жылдың 15 қазанынан бастап) ақпараттарды 191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие.

Google Inc.
Түрі

қоғамдық акционерлік компания

Биржадағы листингі

NASDAQ: [1]

Құрылды

1998

Құрушы

Ларри Пейдж — тең құрылтайшы
Сергей Брин — тең құрылтайшы

Орналасуы

Google АҚШ: Маунтин-Вью, Калифорния

Басты адамдары

Сундар Пичаи — бас атқарушы директоры
Рут Порат — қаржылық директоры

Саласы

Интернет

Меншікті капиталы

USD 46,241 млрд (2010)

Айналым

USD 29,321 млрд (2010)

Операциялық кірісі

USD 10,381 млрд (2010)

Таза табыс

USD 8,505 млрд (2010)

Қызметкерлер саны

28 768 (1 шілде 2011)

Басшы компания

Alphabet Inc.

Еншілес компания

YouTube, DoubleClick, On2 Technologies, Google Voice, Picnik, Aardvark, AdMob

Сайты

google.com

Google Басқа мағыналар үшін Google (айрық) деген бетті қараңыз.

Google іздеу жүйесі PDF, RTF, PostScript, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint және т.б. форматтағы құжаттарды тауып беру мүмкіндігіне ие.

Құрылу тарихы

Google іздеу жүйесін Стэнфорд университетінің аспиранттары Ларри Пейдж және Сергей Брин оқу жобасы ретінде шығарған еді. Олар 1996 жылы BackRub іздеу жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу жүйесінің негізінде Google-дың негізін салады. Алғаш рет Google жеке-меншік корпорация ретінде 1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин және Эрик Шмидт Google-да 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге келіседі. Компанияның көздеген мақсаты «әлемдік ақпаратты жинап, халық тұтынуына мол мүмкіндік беру. Google инженері Амит Патель ойлап тапқан компанияның бейресми ұраны –"Don't be evil" (Қатыгез болма!)». 2006 жылы компания қазіргі Штаб-пәтері орналасқан Калифорния штаты, Маунтин-Вьюға көшеді. Google.com домені 1997 жылы 15 қыркүйекте тіркеледі, іздеу жүйесі (2000 жылдан бастап) туған күнін 7 де және 27 қыркүйекте де атап өтеді.

Google компаниясы

Google сондай-ақ Gmail электронды поштасы қызметін және Orkut, Google Buzz және Google+ әлеуметтік желілер қызметін, Google Chrome веб-браузерін ұсынады, сонымен қатар Google Motorola Droid ұялы телефондарына, Samsung Galaxy смартфондар серияларына, сондай-ақ Google Chrome OS, 5 Samsung серияларына және Acer AC700 Android ұялы операциялық жүйесін қондырумен жұмыс жасауда. Қазіргі кезде Google-дың бүкіл әлем бойынша миллионнан астам серверлері және миллиардтан астам іздеу сұраныстары қызмет көрсетуде. Alexa-ның тізімі бойынша, google.com сайты интернеттегі ең көп қолданылатын веб-сайт ретінде анықталды. Сондай-ақ YouTube (Alexa: 3), Blogger (Alexa:. 6), және Orkut сияқты Google - дың көптеген халықаралық жеке сайттары (Үндістанда google.co.in сайты, Ұлы Британияда google.co.uk сайты) ең көп қолданылады. 2011 жылы Google-ге кірушілер саны 1 миллиардқа жетеді. Google атауын Гугол (Googol) – Сергей Брин берген. Google «гугол» сөзінің жазылуында өрескел қате кеткен. Жүз нөл біреуінде дегенді көрсетеді, яғни іздеу жүйесі халықты мол ақпаратпен қамтамасыз етеді дегенді білдіреді. Алғашында Google Стэндфорд университеті сайтында google.stanford.edu доменімен жұмыс істейді. 2001 жылдан бері Google көптеген компанияларға ие болады. 2004 жылы Google компаниясы Keyhole, Inc компаниясын иемденіп Жердің 3D көрінісін беретін Earth Viewer деп аталатын өнімін шығарады.

Қызметі

Викиіздеу Пайдаланушыға іздеу сұранысы бойынша берген нәтижелерді реттеуге мүмкіндік беретін іздеу технологиясы. Пайдаланушы шыққан нәтижелерді тізімнен өшіріп, тізімді жоғары көтере алады. Аталмыш технологияны 2009 жылы Google компаниясы шығарады, технология сол жылдың күзіне дейін қызмет атқарып келеді. 2010 жылы, 4 мамырда іздеу баптауларында «Викиіздеу» қызметін қосумен жұмыс істеуді бастайды.

Google Аудармашы - мәтіндерді немесе веб-беттерді аударуға арналған машиналық аудармашы. SYSTRAN технологиясын қолданатын Babel Fish және AOL аударма сервистеріне қарағанда Google де Translate.ru сияқты өзіндік бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданады. Компания қызметкерлері веб дизайнерлер үшін сайттың аудармасын бірден басқа тілдерге аударуын қамтамасыз етеітн скрипт ойлап шығарған. Google Аудармашының да басқа автоматты аударма құралдар сияқты өзіндік шектеулері бар. Әрдайым аударманың сапасына қатысты жұмыстар жүргізіп отырады, басқа да тілдерге аудару жұмыстары жасалуда.

Дыбыстық іздеу 2010 жылы 22 қыркүйекте компания Ресейде дыбыс іздеуін шығарады. Іздеу үшін телефондағы іздеу түймесін басып, өз сұранысыңызды дыбыстайсыз. Телефон сіздің дыбысыңызды серверге жіберіп, браузер дыбыс бойынша іздеу нәтижелерін тауып береді. Бұл халық үшін өте қолайлы болды.

Логотипі

Google Doodle Google логотипі мейрамдарда немесе танымал тұлғалардың туған күндерінде өзгеріп отырады. (әр аймақтық домендер өз мейрамдарына, белгілі бір атаулы күндерге байланысты өзгеріп отырады) Мысалы, Наполеон Орданың туған күнінде 2010 жылы 11 ақпанда Google-дың белорусь домені логотипінде атақты суретшінің акварельдері шығады. Сондай-ақ, 2011 жылы 22 наурызда Қазақстандағы Google домені логотипінде 22 наурыз қазақтың төл мерекесіне байланысты көктемнің суреті шығады. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдығына арналған жаңа логотипі шықты.

Сайт индексациясы

Google іздеу роботында– іздеу индексі үшін беттегі мәліметтерді сканерлейтін Googlebot негізгі робот User Agent бар. Сонымен қоса, бірнеше мамандандырылған роботтар бар:

  • Googlebot-Mobile – мобильді құрылғылар сайтын индекстейтін робот,
  • Google Search Appliance (Google) gsa-crawler – Search Appliance жаңа құрылғы-бағдарлама кешенінің іздеу роботы,
  • Googlebot-Image – сурет индекстері үшін бетті сканерлейтін робот,
  • Mediapartners-Google — AdSense мазмұнын анықтау үшін бет контентін сканерлейтін робот,
  • Adsbot-Google — AdWords беттері сапасын бағалауға арналған контентті сканерлейтін робот.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Google Құрылу тарихыGoogle компаниясыGoogle ҚызметіGoogle ЛоготипіGoogle Сайт индексациясыGoogle ДереккөздерGoogle Сыртқы сілтемелерGoogleТрансұлттық корпорацияХалықаралық фонетикалық әліпби

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Python1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларҚазақстан астанасыХолециститМодернизмНесіпбек Тұрысбекұлы АйтАқпараттық қауіпсіздікШойынАхмет БайтұрсынұлыПроцессорЕсім ханның ескі жолыЖеті жарғыВолейболМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваШвейцарияАтаулы сөйлемТың игеруТұрақты сөз тіркесіҰрықтануАбылай ханЖапонияӨсімдіктердің көбеюіҒаламдық экологиялық проблемаларЖаңбырГаметофитҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыДНҚАлкендерХимиялық элементтер тізіміИмпрессионизмМитохондрияШарана шайқауРайымбек батырЕтістікКүй аңызы (әңгіме)БаяндауышКенесары ханТемірхан МедетбекЭкстремизмЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріАсанәлі Әшімұлы ӘшімовЖәнібек ханАқсу-Жабағылы қорығыТәуелдік жалғауҚазақ хандығының құрылуыЕкінші дүниежүзілік соғысЭктодермаҚазақстанның жеті кереметіМіржақып ДулатұлыБалықтарМөде қағанЖыныстық жасушаларБабырСын есімҒабиден МұстафинТыныс белгілеріСайын МұратбековДінҚобызОрбұлақ шайқасыҚазақстан географиясыРақымжан ҚошқарбаевЕсім ханАлматы қорығыӨсімдіктерАнықтауышЖалғаулық шылауларМахаббат, қызық мол жылдарБатыс ЕуропаӘлкей Хақанұлы МарғұланҚазақстандағы «қайта құру» саясатыҚазақ солдаты (роман)АлкандарАқ затӘбілхан ҚастеевЮрий Алексеевич ГагаринТоғыз-құмалақДепортацияКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс🡆 More