Ұлыс

Ұлыс — аймақ, мекен, әкімшілік бірлік мағынасын беретін көне түркі сөзі.

Түркі-моңғол халықтарында ұлыс бірнеше мағынада айтылады. 6 ғасырда Ұлыс мекен, қала мағынасында қолданылған. Мысалы, көне түркі қолжазбаларында “халықтан халыққа, ұлыстан ұлысқа, елден елге жүрдім” деген сөз бар. 13 ғасырда Шыңғыс хан әрбір ұлына иелік бөліп бергенде, олар ұлыстар деп аталды. 16 — 19 ғасырларда Сібірді мекендеген буряттар мен қалмақтарда рулық бірлестіктегі әкімшілік “Ұлыс” аталған. Бұл халықтардың көшпелі тіршілігінде ұлыстар арасында жер бөлісі болған. Әрбір Ұлыс орда саналып, оны ноян биледі. Ұлыстар аймаққа, хотанға бөлінді. Ал бірнеше ұлыстың нояны тайшыға бағынды. Бұл халықтар отырықшы тіршілікке көшкенде де ұлыстың әкімшілік сақталды. Орталық Азия халықтарында ұлыс негізінен аймақ мағынасында қолданылды. Мысалы, ноғай ұлысы, он сан ноғай ұлысы. “Ұлыстың ұлы күні” дегенде ұлыс “аймақтың, елдің” деген мағына берген, яғни сол елге тиесілі ең қасиетті мейрамды білдіреді.

Дереккөздер

Tags:

АймақЕлді мекенКөне түркі тіліӘкімшілік-аумақтық бөлініс

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сан есімҚазақстан 2030Дара сөздер мен күрделі сөздерҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақстан өзендеріҚазан төңкерісіАммиакФариза ОңғарсыноваСалалас құрмалас сөйлемНаймандарВирустарТамыр (өсімдік органы)ОмонимБиосфераТәуке ханАлаш партиясының бағдарламасыҚазақ билеріБесқонақМайларАминқышқылдарҚазақстандағы әскери коммунизм саясатыАрендерВолейболТұсаукесерИммунитетГипофизТұрақты сөз тіркесіТынық мұхитЖанр18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыБактерияларАдайУақытша үкіметСөйлем мүшелеріТұтқырлықСаяси партияАртериалдық гипертензияЖасушаның бөлінуіБірінші дүниежүзілік соғысЖұқпалы ауруларЖоңғар хандығыТанымал қазақтардың тізіміФонетикаИсламАмерика Құрама ШтаттарыОсман империясыҚазақ ұлттық киімдеріҚазақстанның сыртқы саясатыПсихологияның зерттеу әдістеріҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміЕсімдікҚаһарҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыТабиғатЖүсіпбек АймауытовАдамаралық қарым-қатынасҚазақстандағы сайлау жүйесіЖерАзаматтық некеЖеті атаІлияс ЖансүгіровБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевСүреМал шаруашылығыҒұндарӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановАнемияОтбасыДәрігерНарықМұнайГайморитКөкбауырСерверДамушы елдерМастопатияҚызылорда🡆 More