Үнді Мұхиты

Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит.

Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.Әрине мұның бәрі дұрыс болып табылады!

Үнді Мұхиты

Жалпы мәлімет

Атлант мұхитымен Ине мүйісінің (20 ш.б.) меридианымен Африкадан Антарктидаға өтетін сызықпен шектеседі. Тынық мұхитпен арадағы шекара Малакка түбегінен басталып (9818 ш.б.) Суматра, Ява, Сумба, Тимор, Танимбар және Чут аралдары арқылы Жаңа Гвинеяға, онан әрі Австралияға (1105 о.е., 14203 ш.б.), Тасман аралдарына өтеді. Тасманиядан Антарктидаға дейінгі шекара 14655 ш.б. меридианымен белгіленеді. Аудандық теңіздерімен қоса есептегенде 76,17 млн. км2, суының көлемі 282,6 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы).

Жағалауы

Солтүстік-батысы мен шығысына негізгі, солтүстік-шығысына аккумулятивті жаға типі тән. Антарктидаға қараған жағаларын қайраң мұздығы басқан. Ірі теңіздер мен ірі шығанақтар түгелдей дерлік солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерінде (Қызыл, Арабия, Андаман, Тимор, Арафур теңіздері, Аден, Парсы, Оман, Бенгал шығанақтары). Оңтүстік бөлігінде Карпентария, Үлкен Австралия, Сент-Винсент, т.б. шығанақтар бар.

Аралдары

Шығу тегі құрлықпен байланысты аралдар (ірілері: Мадагаскар, Шри-Ланка және Сокотра, ұсақтары: Занзибар, Мафия, Пемба, т.б.) жағаға жақын орналасқан. Мұхиттың батыс бөлігінде жанартаулық шағын аралдар көп (Крозе, Принц Эдуард, Комор, Амирант, Сейшель, Маскарен т.б.). Үндістан түбегінен оңтүстік-батысқа қарай дүние жүзіндегі ең ұзын Мальдив және Лаккадив маржан аралдар тізбегі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км-ден аса қашықтыққа созылған. Тропиктік ендіктерде басқа да көптеген маржан аралдар (Чагос, Кокос, Андаман, т.б.) таралған. Аралдардан басқа тереңдігі бірнеше ондаған метрге ғана жететін тайыз банктер кездеседі (Сая-де-Малья, Назарет, Кампече, т.б.).

Үнді Мұхиты 
Үнді мұхиты солтүстігіндегі Лакшадуип үнді аралдары

Түпкі жер бедері мен шөгінділері

Үнді мұхитының орташа тереңдігі Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай, бірақ абсолюттік тереңдігі жөнінен (7729 м) олардан көп кейін тұр. Түрлі тереңдіктердің үлесі төмендегідей: Құрлықтық қайраң енсіз (100 км-ден аспайды), тереңдігі 50 — 200 м, тек Антарктида жағалауында ғана 300 — 500 м-ге дейін барады. Құрлықтық беткейді кей жерлерде өзен аңғарларының (Инд, Ганг, Брахмапутра, Замбези, т.б.) су астындағы жалғасы және терең каньондар тілімдеген. Мұхит ортасы жотасы айқын көрінеді, бірақ орта тұсынан батысқа қарай ығыса орналасқан. Ол Арабия-Үнді және Батыс Үнді су асты жотасынан құралған. Мұхит ортасы жотасынан оңтүстік-шығысқа Орталық Үнді және Австралия-Антарктида, оңтүстік-батысқа Африка-Антарктида су асты жоталары тарайды. Мұхиттың дәл ортасын бойлап меридиан бағытында 5000 км-ге Шығыс Үнді су асты жотасы созылып жатыр. Су асты жоталары мен қыраттары мұхит шарасын қазаншұңқырларға бөледі. Бастылары: Сомали, Орталық және Батыс Австралия, Африка-Антарктида, Австралия-Антарктида. Солтүстік-шығысында мұхит түбінің өтпелі белдемінде, Зонд топаралы тізбегіне іргелес Зонд шұңғымасы өтеді (тереңд. 7729 м). Қазаншұңқырлардың түбі құрлыққа таяу бөлігінде аккумулятивтік жазықты құрап, мұхиттың орт. бөлігінде төбелі жазық түрінде көрінеді. Мұхит шарасында жанартаулар көп таралған, олар кей жерлерде ірі массив түрінде шоғырланады немесе тізбек түзеді. Құрлықтық беткейдің етегінде жиналған терригендік шөгінділер қалыңд. 3 — 4 км-ге дейін баратын қабаттар құрайды. Мұхиттың неғұрлым терең орта тұсында тұнған қызыл саздың қалыңд. 100 м-ден аспайды. Мұхит түбін негізінен фораминифера, диатом және маржан шөгінділері басып жатыр. Пайдалы қазбалардан құрлықтық қайраңда мұнай мен газдың аса бай қоры шоғырланған (Парсы шығанағы мұнайлы-газды алабы). Риф белдемдерінде металл кендері шоғырланған (хром, темір, марганец, мыс кендері).

Климаты

Климат жағдайлары негізінен оңтүстік жарты шарда орналасуымен байланысты. Мұхит солтүстік жарты шарда Шаян тропигіне дейін ғана созылады. Сондықтан термик. экватор оңтүстік жарты шарға ығыса орналасқан. Солтүстік шағын бөлігіне муссондық климат тән. Бұл бөлігінде жазда экваторлық оңтүстік-батыс, қыста тропиктік солтүстік-шығыс ауа ағындары басым. Оңтүстік үлкен бөлігінде ауа массаларының циркуляциясы белдем бойынша өзгереді. 8 — 10 о. е-тен оңт-ке қарай субтропиктік тұрақты жоғары қысым аймағының әсерінен ауа айналымы тұрақты жүреді: тропиктік және субтропиктік ендіктерде оңтүстік-шығыс пассат желдері, ал қоңыржай ендіктерде батыс желдері басым. Қоңыржай ендіктерде тропиктік дауыл — тайфун жиі қайталанады. Тамыздағы ауаның орташа температурасы солтүстік бөлігінде 25 — 27С, оңтүстік бөлігінде — тропиктік ендіктерде 20 — 25С-тан оңтүстік поляр шеңберіне таяу 0 және одан да төмен. Жылдық жауын-шашын экватор маңында 2000 — 3000 мм. Арабия т-нің шығысы мен Бенгал шығанағында 3000 мм-ден астам, Арабия түбегіне жақын маңда 100 мм-ден кем. Оңтүстік жарты шардағы субтропиктік ендіктерде 500 — 1000 мм, қоңыржай ендіктерде 1000 мм-ден Антарктида жағалауында 250 мм-ге дейін азаяды.

Гидрологиялық режимі

Үнді мұхитында Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай бір-біріне параллель тұрақты 2 пассат ағысы түзілмейді. Солтүстік пассат ағысының орнын муссондық ағыс алады. Оның бағыты муссондық желдерге сәйкес маусым бойынша өзгереді. Оңтүстік пассат ағысы Австралияның батыс жағынан басталады. Оңтүстік жарты шардағы пассат желі мұхиттың беткі қабатындағы жылы суды батысқа қарай айдайды, оның орнына төменгі терең қабаттан салқын су көтеріледі. Ол құрлықтың жағалауын бойлап, солт-ке қарай өтетін Батыс Австралия ағысына бастама береді. Оңтүстік пассат ағысы Африка жағалауына жеткеннен кейін құрлыққа тіреліп, екі тармаққа бөлінеді: солт-ке қарай Сомали ағысы, оңт-ке қарай Мозамбик-Ине мүйісі жылы ағыстары кетеді. Қыста Оңтүстік пассат және муссондық ағыстарға қарама-қарсы батыстан шығысқа қарай пассатаралық қарсы ағыс таралады. Оңтүстік қоңыржай белдеуде мұхитты Батыс желдері салқын ағысы батыстан шығысқа қарай қиып өтеді. Судың беткі қабатының темп-расы экватор маңында жыл бойы 26 — 28С шамасында. Солтүстік жарты шардың жаз айларында мұхиттың солтүстік бөлігінде 27 — 28С-қа дейін көтеріледі. 30 о.е-те 16 — 20С, 50 о.е-те 3 — 5С, 55 о.е-тен оңт-ке қарай –1С-тан төмен түседі. Солттүстік жарты шардың қысында мұхиттың солтүстік бөлігінде 23 — 25С, 30 о.е-те 21 — 25С, 50 о.е-те 5 — 9С, 60 о.е-тен оңтүстікке қарай 0-тан төмен. Бүкіл су қабатының орташа тұздылығы жөнінен Атлант мұхитынан кейінгі екінші орында (34,76‰). Беткі қабаттың тұздылығы жеке аудандарда 32 — 36,5‰ аралығында. Ең жоғарғы тұздылық Парсы шығанағында (37 — 39‰) және Қызыл теңізде (41‰). Судың ең жоғ. тығыздығы (1027 кг/м3) антарктик. ендіктерде, ең төменгі тығыздық (1018 — 1022 кг/м3) — Бенгал шығанағы мен мұхиттың солтүстік-шығыс бөлігінде. Толысу толқынының биіктігі ашық мұхитта 0,5 — 1,6 м, шығанақтарда 5 — 7 м (Камбей шығанағында 11,9 м). Судың температурасы жыл бойы төмен болатын арктикалық ендіктерде мұз пайда болады. Желмен және теңіз ағыстарымен ыққан мұз бен мұзтаулар солт. 55 о.е-ке дейін таралады. Мұзтаулар әсіресе 40 — 80 ш.б-та көптеп кездеседі.

Өсімдіктері мен жануарлар әлемі

Үнді мұхит тропиктік және оңтүстік қоңыржай белдеулерді алып жатыр. Тропиктік белдеудің тайыз сулы бөлігінде 6 және 8 сәулелі маржандар көп. Маржан құрылыстарында түрлі омыртқасыздардың аса бай фаунасының өкілдері: губкалар, құрттар, крабтар, ұлулар, т.б. мекендейді. Жағалаудың көп жерін мангр тоғайлары алып жатыр. Қоңыржай белдеудегі теңіз жағалауларындағы жағажайлар мен жартастарда қызыл және қоңыр балдырлар қаптап өседі, омыртқасыздардың түрі көп. Ашық мұхиттағы судың беткі қабатында диатом балдырлары өрбиді. Мұхит жануарларының негізгі массасын конепода шаяндары құрайды (түрі 100-ден астам). Басқа омыртқасыздардан қанат аяқты ұлулар, медузалар, т.б. жаппай тараған. Балықтардан ұшар балық, тунец, желкен балық көп, түрлі акулалар, теңіз жыландары, теңіз тасбақасы, ірі теңіз сүтқоректілері (кит, ескек аяқтылар), құстардан альбатрос, фрегат пингвиннің бірнеше түрі тіршілік етеді.

Басты порттары

Үнді мұхит алабында негізінен дамушы және орташа дамыған елдер орналасқан. Олар теңіз жолымен сыртқа шикізат пен азық-түлік шығарады да, шеттен өнеркәсіп өнімдерін әкеледі. Экспорт тауарларының ішінде шикі мұнай мен мұнай өнімдері басты орын алады. Аса ірі порттары: Аден (Йемен), Бомбей, Мадрас (Үндістан), Карачи (Пәкстан), Читтагонг (Бангладеш), Коломбо (Шри-Ланка), Рас-Таннура (Сауд Арабиясы), Харк, Бендер-Махшехр (Иран), Басра, Фао (Ирак), Мина-Әл-Ахмади (Кувейт), Дар-Эс-Салам (Танзания), Фримантал (Австралия), Дурбан (ОАР), Янгон (Мяньма), Могадишо (Сомали), т.б.

Қызықты деректер

  • Парсы шығанағы мен Индонезиядағы кен орындарынан алынған мұнай шикізаты мен мұнай өнімдері Үнді мұхиты арқылы тасымалданады.
  • Үнді мұхитының ең терең жері — Ява шұңғымасы 7729 м.
  • Үнді мұхитындағы маңызды су жолдары: Суэц каналы, Хомуз бұғазы (Иран, Оман) және Малакка бұғазы (Индонезия, Малайзия).
  • Үнді мұхиты айдынындағы аралдарда Мадагаскар, Комор, Сейшел, Мальдив, Маврикий және Шри Ланка елдері орналасқан.
  • 2004 жылдың 26 желтоқсанында Үнді мұхитының жағасында орналасқан бір- қатар елдер цунамиден зардап шекті. Мұхиттан келген үлкен толқындар 226 000 адамның өмірін қиып, бір миллионнан астам адамның баспанасын шайып әкетті.

Шекараласатын елдер мен аймақтар

Үнді мұхиты жағалауындағы шамамен сағат тілімен алғандағы елдер мен аймақтар (италикпен):

Африка

  • Үлгі:Байрақ/Комор аралдары
  • Үнді Мұхиты 
  • Үнді Мұхиты 
  • Үнді Мұхиты 
  • Үнді Мұхиты 
  • Үнді Мұхиты 
  • Үнді Мұхиты 
  • Үлгі:Байрақ/Оңтүстік Африка
  • Үнді Мұхиты 
  • Үнді Мұхиты 

Азия

Океания

  • Үнді Мұхиты  Heard Island and McDonald Islands

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Tags:

Үнді Мұхиты Жалпы мәліметҮнді Мұхиты Қызықты деректерҮнді Мұхиты Шекараласатын елдер мен аймақтарҮнді Мұхиты СілтемелерҮнді МұхитыАвстралияАзияАнтарктидаАтлант мұхитыАфрикаЖер (ғаламшар)Тынық мұхиты

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сөз табыМишықШығыс ҚазақстанЕсім ханның ескі жолыҚазақстан азамат соғысы жылдарындаИсламПлагиатҚасқырШойынБерлин операциясыЖалпы ішкі өнімКөлікАхмет БайтұрсынұлыҚаһарАқбөкенЯдролық қаруАдам генетикасыЗиготаКөп жасушалы ағзаларЭмбриогенезМәдени мұраСпартак көтерілісіБаяндауышҚапшықталған рецепторларТемір жолЖұлынФилософияҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріЖелтоқсан көтерілісіДүниежүзілік көрме (2017)Әлішер НауаиКүрішЖүктілікҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыАссонансТүрксібАқшаАбай жолы (роман)Рухани мәдениетМәлік ҒабдуллинҚазақстан мәдениетіТемпераментАғаш түрлеріБритан музейіАлғашқы қайта өрлеу дәуіріМемлекетҒылыми стильМагмалық тау жыныстарыЖақты сөйлемСемей полигоныСан есімЭкологияБразилияАзамат соғысыҚазақстандағы саяси партияларТранспортирМагниттік өтімділікОралхан БөкейАғашЕсік Алтын адамыӨсімдіктердің көбеюіБұқаралық ақпарат құралдарыТеңіз жануарларыШоқжұлдызТүйе малының атауларыҰлықбекМашинажасауАспанҰрықНегіздерЖүсіпбек АймауытовТағамның маңызы, құрамы және қызметіЭкологиялық проблемаАзотҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАуғанстан🡆 More