Қоқиқаздар

Қоқиқаздар (лат.

Phoenicopterus) — құстардың қырлы төсті құстар тармағының қоқиқаздар тұқымдасына жататын құстар туысы, дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар.

Қоқиқаздар
Қоқиқаздар
Қоқиқаздар
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Ықшам табы: Neognathae
Сабы: Mirandornithes
Тұқымдасы: Қоқиқаздар тұқымдасы
Шарль Люсьен Бонапарт, 1831
Тегі: Phoenicopterus
Linnaeus, 1758
Қоқиздарның ғаламдық таралуы
Қоқиздарның ғаламдық таралуы
Түрлері

Мәтінді қара

Қоқиқазтәрізділер сабы (лат. Phoenicopteriformes) және қоқиқаздылар тұқымдасының (лат. Phoenicopteridae) жалғыз туысы. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.

Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.

Қоқиқаздар
Кіші қоқиқаз

Түрлері

Қоқиқаздардың алты түрі белгілі, олар – үлкен қоқиқаздар, кіші қоқиқаздар, чилилік қоқиқаздар, Джеймс қоқиқазы, Анд қоқиқаздары және америкалық қоқиқаздар. Биіктігі 1,5 м-ге дейін жететін үлкен қоқиқаз осы тұқымдастың ішіндегі ең үлкені болса, кіші қоқиқаз ең кішкентайы болып табылады.

Таралу аймағы

Таралу аймағы шектелген сирек кездесетін түр. Әлемде ең терістіктегі ұялайтын орны Қазақстанда Теңіз көлінде (Ақмола облысы). Әр жылдары бұл жерде 5-9 мыңнан (1972-1976 жылдары) 54 мыңға дейін (1979 жылы) қоқиқаз ұялады. Дала мен шөлейтті жерлердегі кең байтақ су қоймаларын жайлайды. Негізгі шектеу факторлары - ұялауға жарамды жерлердің азаюы және мазалау. Қорғалжын қорығында қорғалады. Торғай өзенінің төменгі саласында қорық, сонымен қатар Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы Комсомол шығанағы мен Қолтық сорында қорықшалар ашу қажет.

Дене бітімі

Қоқиқаз – қырлы төсті құстар тобының отряды. Алғашқы қазба қалдықтары эоцен, ал осы күнгілері жоғарғы олигоцен кезеңінен белгілі. Қоқиқаз дүние жүзіндегі бойы ең биік және аяқтары мен мойны ұзын құстар. Дене бітімі жұмыр. Дене тұрқы ірі әрі жабайы қаздарға ұқсас, сондықтан қоқиқазды халық арасында қызылқаз деп те атайды. Қораздары мекиендерінен ірілеу. Бойының биіктігі 91 – 120 сантиметрдей. Қораздарының салмағы 4,5 килограмм, ал мекиендерінікі – 3 килограммдай. Қанаттарының ұзындығы 35 – 49 сантиметр. Ересек қоқиқаздардың қауырсындарының түсі ақ, қызғылт, ұштары қара, ұзындығы 11-16 сантиметр, тұмсықтарының екі жақ жиегіндегі тілімденген “тісшелері” қоректенген кезде сүзгіштік қызмет атқарады.

Тұмсықтары

Қоқиқаздардың тұмсықтарының пішіні өте ерекше болып келеді. Тұмсықтары орта тұсында төмен қарай майысып иілген. Басқа құстарға қарағанда, олардың тұмсықтарының төменгі жағы үстіңгі жағымен салыстырғанда үлкенірек болады. Мұндай ерекшелік олардың су мен батпақта қорек табуына көмектеседі.

Ұялары мен жұмыртқалары

Қоқиқаздар ұяларын таяз суларда батпақтардан конус тәрізді төбешік жасау арқылы соғады. Аналық қоқиқаздар бір немесе екі жұмыртқа салады. Әдетте, жұмыртқалары аппақ болады. Жұмыртқаны еркегі де, ұрғашысы да кезектесіп басады. Жұмыртқа 26-31 күн аралығында жарып шығады. Олар балапандарын 75 күнге дейін қоректендіріп күтеді.

Тіршілік етуі

Қоқиқаз топтанып тіршілік етеді. Тұмсығы орта тұсынан бірден төмен қарап иіледі де қойқиып тұратындықтан “қоқиқаз” деп аталған. Мойнының пішіні латынның “S” әрпі тәрізді. Жіліншігі сирағынан 3 еседей ұзын. Саусақтарының арасы терілі жүзу жарғағымен байланысқан. Негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда тіршілік етеді. 4 тұқымдасқа бірігетін 3 туысы, 6 түрі бар. Олардың көпшілік түрі экваторға жақын белдеулерде кеңінен таралған. Орталық және Оңтүстік Америкада, Африкада, Еуразияда көптеп кездеседі. Қоқиқаздың кей түрлері (кіші, джеймс қоқиқаздары) қоныс ауыстырмай бір орында тіршілік етеді.

Қазақстанда Теңіз, Шалқартеңіз көлдері мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, Асаубалық, Қоқай, Есей, Қорғалжын, Сұлтангелді, Үлкен және Кіші Қаракөл су айдындарында қызғылт қоқиқаздар (roseus) кездеседі.

Өсуі

Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған. Ересектері ұшып кеткенде балапандарға қарауға қалған 1-2 тәрбиеші қоқиқаздардың мыңдаған балапанды жүзуге апарып, ұясына қайтаруды адамдарды таң қалдырмай қоймайды.Қоқиқаздар 3 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Жұптарын жазбай таяз су жағалауына сазбалшықтан, құмнан және су өсімдіктерінің қалдықтарын араластырып ұя салады. Ұясының беткі жағы жалпақ, түбі конусқа ұқсас сүйірлеу әрі су бетінен 15–20 сантиметрдей шығып тұрады. Ұясына бір, кейде екі жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені кезектесіп басады. 30–32 күннен кейін балапандары ұядан ұшады. Балапандары тез өседі, жақсы жүзіп, сүңги де алады.

Жыл құсы

Қоқиқаздар – жыл құсы. Қазақстанға наурыз – сәуір айларында ұшып келіп, қазан – қарашада Иран, Ауғанстан, Пәкістан аумағына қоныс аударады. Қоқиқаздар шаянтәрізділермен, ұлулармен, жәндіктердің дернәсілдерімен, балдырлардың және су өсімдіктерінің тұқымдарымен қоректенеді. Олардың тіршілігі үшін суы таяз әрі тұзды су айдындары өте қолайлы. Саны жылдан жылға азайып барады. Қазақстанда 15–18 мыңдай қоқиқаз ұя салады деп есептелінеді (2002).

Қорғау

Қазақстанда қоқиқазды қорғау мақсатында Қорғалжын қорығы ұйымдастырылған. Қоқиқаз АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Швейцарияның, Германияның зоология бақтарында қолда өсіріліп көбеюде. Қоқиқазды атуға мүлде тыйым салынған. Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Phoenicopterus

Tags:

Қоқиқаздар ТүрлеріҚоқиқаздар Таралу аймағыҚоқиқаздар Дене бітіміҚоқиқаздар ТұмсықтарыҚоқиқаздар Ұялары мен жұмыртқаларыҚоқиқаздар Тіршілік етуіҚоқиқаздар ӨсуіҚоқиқаздар Жыл құсыҚоқиқаздар ҚорғауҚоқиқаздар Тағы қараңызҚоқиқаздар ДереккөздерҚоқиқаздарЛатын тіліҚырлы төсті құстарҚұстар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстандағы «қайта құру» саясатыАллитерацияХимиялық элементтердің периодтық жүйесіЖеті жарғыСүреҚасқырЭндокриндік жүйеМиграцияҚойДәстүр (фильм)МақалаҚазақстанның пайдалы қазбаларыКонъюнктивитХан ШатырЖер құрылымыҚазақстандағы экологиялық проблемаларКүкіртЕтістікМысДүниежүзілік көрме (2017)Марқакөл қорығыАуа ластануыҰйқы безіЖаңбырҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріЖасушаның бөлінуіӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаБәйтерек (монумент)Көнерген сөздерТұқым қуалайтын өзгергіштікҚаракесек (Арғын)Жүрек-қантамырлар жүйесіМәтінҚызғалдақХалықаралық ұйымдарЖұрнақГерманияӨнерФерменттерЭмбрионЭкологиялық проблемаСөйлемнің бірыңғай мүшелеріҚазақстанның биік тау шыңдарыБронхитҚұлақАс қорыту жүйесіҚорғалжын қорығыЕсімді сөз тіркестеріАсқазан ауруларыҚалқанша безҚырғи қабақ соғысыАсқар СүлейменовЖыныс мүшелері ауруларыАлаш ОрдаСәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрыҮстірт қорығыКүкірт қышқылыҚазақстан халқы ассамблеясыҒаламдық экологиялық проблемаларАрғынСәбізЖүйке жүйесіСолтүстік АмерикаШиенің түрлеріОралТөл сөзОпера (музыка)АлматыБасты бетҚазақстанның сыртқы саясатыАвторлық құқықАзамат соғысыШымкентЕкінті намазыЖыныссыз көбеюМәдениетМал шаруашылығы🡆 More