Шілікті Патша Қорғандары

Шілікті патша қорғандары - Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе, Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасында, Зайсан ауданының жерінде алып патша қорғандары кездеседі.

Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар, оның бәрі де алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метр, биіктігі 8 - 10 метр. Мұндай обаның саны - 13. Орташа обалардың шеңберінің диаметрі 20 метрден 60 метрге жетеді, биіктігі 2 - 5 м. Қорған ертеректе қатты тоналған. Бірақ кейбіреулерінде зергер бұйымдар сақталған. Соның бірі 1960 жылы қазылған "Алтын қорған" деген оба. Обаны үйерден бұрын қабір шұңқыры қазылған. Оның орта шенінен шығыстан батысқа қарай бағытталған дөліз (дромос) жасаған, оның ені 2 метр, ұзындығы 12 метр. Қабір шұңқырының ішінен қабырғалары 5м жуық балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған, биіктігі 1 м. Айналасына - тас толтырылған. Дәліздің қабырғасын таспен қалап, төбесін бөренемен жапкан. Бөренеден салынған қабір үйіне еркек пен әйел жерленген. Моланың жердің бетіндегі бөлігі таспен үйілген. Сонымен қатар обадан 13 қола жебе, жебе салатын қорамсақтың қалдығы табылды. Жебелер екі қырлы, ұңғылы. Қорамсақтың сыртына алтыннан жасалған бүғы мүсінді бірнеше әшекей қапсырма жапсырылған. Қабірден 9 бүркіт, 29 қабылан, қабан, балық, т.б. бейнелер қазылды. Алтын бедерлі мүсіндер ғажайып шеберлікпен көркем жасалған. Бұл обалардың салынған уақыты б.з.б. 7-6 ғасырларға жатады. Шілікті қорымында ішке кіретін жол, есігі болды. Үйлерінің үсті үйіл-үйіл болған. Үсті топырақтармен жабылған. Шілікті қорымын 1993 жылы археолог Әбдеш Төлеубаев зерттеген.

Шілікті обасы

Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті обасы болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Басқа жерлердегі сияқты, мұндада ұсақ обалар жоқ. Қорымның үйілген топырағының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8—10 метрге дейін жетеді. Бұл — жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты. Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, терендігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан боренелерінен шаршы қима жасалған, бөліктерінін қабырғалары екі, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады; бөренелер жылжып кетпес үшін шұнқырдың қабырғалары мен ағаш құрылыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы жанында, жонылған қалың тақтай еденде 40— 50 жастағы еркек пен 50—60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты. Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін дромос бөренелермен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан кейін тығыз сары түсті балшықтан үйінді тұрғызылып, оның үстіне майда малтатас араласқан топырақ үйілген. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м, биіктігі шамамен 10 м үйінді болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, қазатын кезде оның диаметрі 66 м, ал биіктігі 6 м болды. ПІілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрылыс болды жопе омы тұргызуга көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті гас одан 15 шакмрым жердегі ең жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың шығыс жағындагы 40 шақырым жердегі карағайлы орманнан тасып әкелінген. Басқа да көптеген «патша» обаларм сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы, жерленгеннен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп қазған, қима төбесінің оңтүстік- батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де, осылайша қабірдің ішіне кірген. Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар: ертеректегі жебелердің асимметриялы-ромб түріндегі деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бүйыммнан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардмң арасында корамсақтарды сәндеген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар (14 дана), басы бұрулы бүркіттердің (9 дана), шиыршықтала бүктетілген қабыланның (29 дана) бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиып жасалған қабандардың мүсіндері (12 дана), балық бейнесі, перуза тас өткермеленіп, майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейленген, қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар. Шілікті обасы б. з. б. VII—VI ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі «патшалық» оба және Еуразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Еуразия далаларындағы мал өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар (аяқтары бұғулі бұғы, шиыршақтала бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркітгер) сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы үлгілеріне жатады.

Дереккөздер

Tags:

Зайсан ауданыШығыс Қазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымыКерей ханБаяндауышЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)ГормондарАй (серік)Қазақстан қалаларыКүкірт қышқылыШвейцарияМұхтар Мұқанұлы МағауинАдамның табиғатқа әсеріII ЕкатеринаБүйрекХалықаралық ұйымдарМиссионерлiкХиуаз Қайырқызы ДоспановаМонархияАңырақай шайқасыСөйлем мүшелеріЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыТеріҚазақстанның тұңғыш мектептеріҚазақстан 2050Өнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыТерминҚорқыт атаҚарағайАктинАспанЛаңкестік әрекетСүтқоректілерҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыСәбит Мұқанұлы МұқановЖыныссыз көбеюҰлы Жібек жолы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісЖүйке жасушаларыМикроэлементтерАрхеологиялық ескерткіштерТөлен ӘбдікБатыс ҚазақстанАмерика–Жапон шарттарыЛеонардо да ВинчиАвтокөлік шығаратын елдер тізіміҒұндар мемлекетіҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеЕжелгі Рим өнеріШылауЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОҚазақстандағы хандық биліктің жойылуыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыӨсімдік шаруашылығыЕжелгі Рим мәдениетіАбай Құнанбайұлының шығармаларыҚозы Көрпеш – Баян СұлуАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріТоғыз-құмалақТәуелдік жалғауБайқоңыр (ғарыш айлағы)ТозаңдануДостықАғзалардың жеке дамуыБабырТөлеу сөзСинекдохаРесейҚалмақ қырылғанҚазақстанның жеті кереметіVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріҚұндылықСу көлігіТүркістан (қала)ШикізатҮстірт қорығыДамушы елдерЖоңғар хандығыҚұрманғазы СағырбайұлыЭкономикалық интеграция🡆 More