Ши

Ши (лат.

Achnatherum) – астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 50—220 см, сабағы көп, мықты, тік өседі, түсі қошқыл жасыл, екі жағы да тықыр, тұп жағы көптеген ескі жапырақты шым түзейді. Жапырақтары ұзын, жіңішке (ені 3—2 мм), өте қатты. Сыпыртқысы жіңішке, ұз. 15—50 см, масағының ұз. 5— 6 мм, ақ не күлгін түсті. Мамыр—шілдеде гүлдеп жеміс салады. Оңтүстік Қазақстанда дала, шөлейт аймақтарда, көбінесе тұщы суы жақын жерлерде өседі. Қыста жақсы мал жайылымы, ұзын сабақтарынан ши тоқылады, гүл шоғыры мен қысқа сабағынан сыпыртқы жасайды.

Ши
Achnatherum parishii
Achnatherum parishii
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Кіші тұқымдасы: Pooideae
Тайпасы: Stipeae
Тегі: Achnatherum
P. Beauv.
түрлері

100-300 түрі белгілі

Балқаш өңірінің ғажайып өсімдіктерінің бірі – ши.  Бұл көпжылдық, қалың өсетін дәнді өсімдік, ол төмпешікке өсіп тұрғандай – оның тамырлары тығыз шым қабатын түзеді. Әр бұтада 500-ге дейін сабақ өседі, әр сабағы сабан сияқты болады. Жергілікті тұрғындар ши бұталарына қарап, қай жерден құдық қазуға болатынын анықтаған, өйткені ши жер асты суы жақын жерге өседі. Гидрогеологтар оны геоботаникалық индикатор деп атайды.

Шиді мал жақсы жейді және қазақтар ертеден-ақ өз қыстаулырын шилі жерге салған, өйткені қыста ол қойға бораннан ықтасын және азық болады.

Бірде П.Ф. Домрачевтың Балқашқа жасаған экспедициясының нәтижелері туралы жазбаларын оқи отырып, мен бұл өсімдік жөнінде бұдан да гөрі ғажайып деректерге тап болдым. «Лабораториялық тәжірибелерден мәлім болғанындай, - деп жазады Домрачев, - бұл өсімдік қағаз өнеркәсібі үшін ең жақсы шикізаттың бірі болып табылады және өзінің сапасы жағынан Англияда қағаздың жоғары сортын жасап шығаратын атақты солтүстік африкалық дәнді өсімдік – «альфаға» жақын келеді». (Домрачев П.Ф. Балхаш и Прибалхашье. Алма-Ата. Казахское краеведческое издательство, 1935 год )

Ши қопалар Балқаш өңірінде, әсіресе, ойпаңдарда, сортаңдарда көп және биологиялық дренаждың ролін атқарып, суды тұщытады.

Кейде шиді орып, жақсы өнім алады. Бұдан кейін ол тез қайта өсіп, «жасарып» шыға келеді.

Дереккөздер


Tags:

Астық тұқымдасыЛатын тіліШөлейт

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бауыр (орган)2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріКітапханаМәдениетЖылу электр станциясыШвейцарияҒарышкерКүкірт қышқылыАзиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі КеңесҚазақ философиясыСілтілік металдарЖетіқарақшыАвтотрофтарЖайылма сөйлемӘлем елдерінің тізіміЭндокриндік жүйе314-атқыштар дивизиясыАғашАлкиндерЕуропа одағыҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыАдам генетикасыАй (серік)Қаныққан көмірсутектерЕрлан ЖүнісҚазақстан және БҰҰЕсімшеҚазақтың 500 ән-күйіҚазақ хандарыСюрреализмҰрықтануАқ Орда (мемлекет)Екінші дүниежүзілік соғысҚазақ батырлар тізіміЭкономикалық қатынасАқпараттық қауіпсіздікОрталық АзияБалқашБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевЖаңа экономикалық саясатШығай ханӘміре ҚашаубаевТұрар РысқұловМитохондрияАсан қайғы СәбитұлыПлацентаӘбу Райхан әл-БируниИнфрақұрылымӘлішер НауаиЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміТемпераментКомпьютерлік желіТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевҚанПолиэтиленЗиготаҚыпшақтарМорфология (лингвистика)АлматыБотай мәдениетіТүркістан автономиясыӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемАсық ойыныДара сөздер мен күрделі сөздерГеродотТүркістан облысыСемей полигоныҚан мен терАйша бибі кесенесіКенесары ханҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыДүниежүзілік сауда ұйымыШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚатерлі ісікКүйТуризмНұралы хан🡆 More