Түркістан Генерал-Губернаторлығы

Түркістан генерал-губернаторлығы– Ресей империясының 1867—1917 жылдар аралығындағы әкімшілік-территориялық аймағы.

1867 жылы Жетісу, Сырдария облыстарынан құралды.

Ресей империясының генерал-губернаторлығы
Түркістан генерал-губернаторлығы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

Түркістан Генерал-Губернаторлығы Ресей империясы

Әкімш. орт.

Ташкент

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

4 тамыз 1867

Таратылған уақыты

1917 жылы

Түркістан генерал-губернаторлығы картада

Түркістан Генерал-Губернаторлығы Түркістан генерал-губернаторлығы Ортаққорда

Солтүстігінде — Торғай,Ақмола, Семей облыстарымен; шығысында — Шығыс Түркістанның Жоңғар, Үрімжі аймағымен; оңтүстігінде — Қашғариямен, Памир, Бұхар жері, Хиуа хандығымен, батысында Арал теңізімен шектесті. 1868 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына патша өкіметі жаулап алған Зеравшан округі, 1871 жылы Құлжа аймағы, 1873 жылы Әмудария аймағы қосылды. 1876 жылы бұрынғы Қоқан хандығының орнына Ферғана облысы құрылды.

Түркістан генерал-губернаторлығында 3 038 119 адам тұрды. Халық санының көптігінен Сырдария (1 094 557 адам), Жетісу (758 250) облыстары, ал халқының тығыздығынан Зеравшан, Ферғана облыстары ерекшеленді. Түркістан генерал-губернаторлығында қазақтар 1 532 790, өзбектер — 1 970 420, құрамалар - 77 330, қарақалпақтар — 58 770, орыстар - 59 280, тәжіктер - 137 280 адамды кұрады. Өлкенің әкімшілігі Ташкент қаласында орналасты. Сонымен қатар мұнда әскери губернаторлықты округ әскерінің қолбасшысы, Сырдария облысы мен уезінің, Құрама уезінің әкімшілігі орналасты. Жетісудың орталығы — Верный, Ферғананікі — Марғилан, Зеравшан округінікі — Самарканд, Құлжа ауданының орталығы — Құлжа, Әмудария бөлімшесінің орталығы — Петро-Александровск қалалары болды. 1886 жылғы "Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже" бойынша Түркістан генерал-губернаторлығы Сырдария, Жетісу, Самарканд облыстарына бөлінді.

Өлкені басқару генерал-губернаторға жүктеліп, облыстарды әскери губернатор мен облыстық басқарма, ал уездерді уезд (ояз) бастығы басқарды. Уездер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Түркістан генерал-губернаторлығында барлық билік отаршылдар қолына шоғырланды. Жергілікті халық өкілдері басқару жүйесінің төменгі сатыларына — болыстар мен ауылнайлар қызметіне ғана тартылды. Түркістан генерал-губернаторлығындағы көшпелі халықтар қазына пайдасына әрбір шаруашылықтан 4 сом төлеуге міндетті болып белгіленді. Бұған қоса елді мекендердің үстімен өткен патша әскерлерін үй және отынмен қамтамасыз ету де жергілікті халықтың мойнына жүктелді. Патша өкіметінің отаршылдық саясатына карсы Түркістан генерал-губернаторлығында 1898 жылы Әндіжан көтерілісі болды. 1916 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы көлемінде Жетісуда, Сырдарияда, Ферғанада ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары болды. Бұл көтеріліс патша үкіметінің әскери күшімен аяусыз басып, жаншылды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістан генерал-губернаторлығы жойылды. Өлкедегі барлық билік Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті қолына көшті.

Дереккөздер


Tags:

ЖетісуРесей империясыСырдария облысы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ілияс ЖансүгіровБейнелеу өнеріТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевҚажымұқан МұңайтпасұлыТел өскен ұл1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміҒабит Махмұтұлы МүсіреповКүн жүйесіБуддизмКарбон қышқылдарыПотенциалдық энергияФилипп Исаевич ГолощёкинХалықаралық еңбектiк миграцияҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыҰлыбританияҚобызАдам даму индексі бойынша елдер тізіміКүнбағысАналық жыныс безіМагнит өрісіӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановСөйлемнің бірыңғай мүшелеріОңтүстік АмерикаТемірхан МедетбекСалауатҚозы Көрпеш – Баян СұлуҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемҚазақстан астанасыСолтүстік ҚазақстанАминқышқылдарҚазақстан 2030Тарих философиясыМақалаҚан топтарыЭкологиялық пирамидаЖамбыл облысыҚұлдықСөз тіркесіҚызғалдақҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыАлюминийМагниттік өтімділікҚайта құру кезеңіАқшаКөзімнің қарасы...Әпке (драма)Химия өнеркәсібіАрал теңізіБәйтерек (монумент)ДыбысАқтоты Рахметоллақызы РайымқұловаЖүйке жасушаларыҚасқырҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыТабиғатты қорғауАқмола облысыҚазақстан мәдениетіЕсік Алтын адамыЖүктілікЖасушаның бөлінуіНесіпбек Тұрысбекұлы АйтЖанрШымкентҚимақ қағанатыМеркурий (ғаламшар)Асанәлі Әшімұлы ӘшімовСинонимПсихологияБронхитБейімбет Жармағамбетұлы МайлинЕуропа одағыБалықтарСатурнМерезШоқжұлдызГуманизм🡆 More