Тоқтамыс Хан: Алтын Орда ханы

Тоқтамыс хан (шамамен 1350 – 1406) – Алтын Орда ханы (1380 – 97/98).

Жошы хан әулетінен.

Тоқтамыс хан
Тоқтамыс хан
Лауазымы
Алтын Орданың 31-ші ханы
1380 — 1399
Ізашары Арабшах хан
Ізбасары Құйыршық хан
Ақ Орданың 12-ші ханы
1378 — 1399
Ізашары Темірмәлік хан
Ізбасары Құйыршық хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 1350 (1350)
Қайтыс болуы 1406 (1406)
Династия Тоқатемірліктер
Әкесі Түй Қожа
Балалары Жәлеләддин
Қадырберді
Шөкре оғлан
Жаппарберді
Тоқтамыс Хан: Өмірбаян, Мәскеуге жорық, Дереккөздер Басқа мағыналар үшін Тоқтамыс (айрық) деген бетті қараңыз.

Өмірбаян

Әкесі Ұрыс ханның қолынан қаза тапқаннан кейін, Ақ Ордадан Әмір Темірге қашып барды. 1378 – 1379 жылдары Әмір Темірдің көмегімен Сығанақты жаулап алып, Ақ Орданың билеушісі болды. Ол Мамайдың Күлік шайқасында жеңіліске ұшырағанын пайдаланып, Алтын Орда тағына отырды. Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды басып алды. Таққа отырысымен Шыңғыс хан әулетінің тақ үшін 25 жыл бойғы қырқысуларын жойды, ақша реформасын жүргізді. Сонымен қатар Көк Орда, Хорезм, Қажы-Тархан, Қырым иеліктері мен т.б. ұсақ ордалардың басын қосып, қуатты Жошы ұлысының бірлігін қалпына келтіруге күш салды.

Мәскеуге жорық

Алтын Ордадан бөлініп шықпақ болған Ресей жерлеріне шабуыл жасады. 1382 жылы Мәскеуді басып алып, өртеп жіберді. Бірақ Тоқтамыстың ұлы державалық ниеттері Әмір Темірдің қарсылығын туғызып, екеуінің арасында ұзаққа созылған қиян-кескі күрес басталды. 1387 жылы туған Кавказдағы Кура өзеніннде Әмір Темірден жеңіліс тапты, бірақ Орталық Азияда Тоқтамыстың, Қамар әд-Дин мен Еңке төренің одақтасқан әскерлері Самарқанд пен Бұхараның төңірегін шапқыншылыққа ұшыратты.

Тоқтамыс 1391 жылы 18 шілдеде Құндызша өзенінің бойында, 1395 жылы 15 сәуірде Терек өзені аңғарында Әмір Темір әскерлерінен жеңіліс тапты. 1397 жылы Едігенің қудалауына ұшырап, Литваға қашты. 1399 жылы Ұлы Литва князі Витовтпен одақтасып, Алтын Ордаға жорық жасады. 1399 жылы 12 тамызда Темір Құтлығ пен Едіге әскерлерімен Ворскла өзені бойында болған шайқаста тағы да жеңіліске ұшырады. 1406 жылы Түменге жақын жерде Тоқтамыс Едіге мен Шәдібек әскерлерімен шайқасып, қаза тапты.

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Tags:

Тоқтамыс Хан ӨмірбаянТоқтамыс Хан Мәскеуге жорықТоқтамыс Хан ДереккөздерТоқтамыс Хан Тағы қараңызТоқтамыс Хан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Наурыз мейрамыТабиғатМейозАлкиндерУрбанизацияРаушангүлділерСөйлемКүн жүйесіндегі кіші денелерҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыМемлекет астаналары тізіміТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровҰлпан (роман)Қаныққан көмірсутектерМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚазақстан аудандарыФариза ОңғарсыноваЕуропаАксонҚанайналым жүйесіҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыШығай ханАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыКарбон қышқылдарыНАТОЖер құрылымыДрамаКөксерек (әңгіме)ШиеТұсаукесерПолиэтиленҚорықҚұрманғазы СағырбайұлыСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Жүрек ауруларыАсқазан ауруларыҚазақстан әкімшілік бірліктеріАлгоритмСөз табыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіТүркістан (қала)Дина Кенжеқызы НұрпейісоваҚарағанды металлургия комбинатыХордалыларХромосомаларТабиғатты қорғауМикеланджелоӘлеуметтік инфрақұрылымМорфология (лингвистика)Сфералық айналарҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміЖұлын1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықЖарықЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміАқсу-Жабағылы қорығыБақытсыз ЖамалАмерика Құрама ШтаттарыТеңеуАзаматтық қоғамЕкінші дүниежүзілік соғысКөмірМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміЕділ қағанАустралияКөмірсуларҚазақстандағы минералды ресурстарАзотДәрілік өсімдіктерЖалаң сөйлемКөркем әдебиет стиліИнтеграцияЖусанБүйрекДүниежүзілік көрме (2017)Отырар кітапханасыСалқам Жәңгір хан🡆 More