Тамақтану

Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері.

Ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.

Тамақтану
Қазақи тұрпатта тамақтанудың бейнеленуі

Тиімді тамақтану

  • Тиімді тамақтану кезінде адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.
  • Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.
  • Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады.
  • Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.
  • Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май,көмірсулар т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.
  • Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі.
  • Бірқатар заттарды, кейбір витаминдер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды.

Тамақтың жұғымдылығы

  • Тамақтық жұғымдылығы оның құрамындағы ақуыз, май, көмірсулардың саны мен сапасына байланысты.
  • Дені сау адамның тамақтану рационында ақуыз, май және көмірсулардың ара қатынасы 1:1:4-ке жуық болуы керек. 1 грамм ақуыздың, майдың және көмірсулардың қуаттылық құндылығы олардың сіңімділігін ескергенде тиісінше 4,9 және 4 ккал болады.
  • Тамақтың бойға сіңетін құнарлығы организмнің өмірлік маңызы бар функцияларын, оның ішінде зат алмасу мен депо қызметін дұрыс атқаруына жұмсалады.
  • Тамақты сіңіру кезінде организмнің бөлген қуатының мөлшерін тағамның калориясы деп атайды.
  • Тамақтану рационын жасағанда адамның жынысын, жасын кәсібін ескеру қажет; ауыр дене жұмысын істейтін адамдар, болат қорытушылар, ағаш кесушілер, ауыл шаруашылығының механизаторлары жеңіл дене еңбегімен немесе ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға қарағанда ақуыз, май,көмірсулартары көп тамақтарды қажет етеді.

Тамақтану мезгілдері

Адамдар күніне 3-5 рет тамақтанады.

  • Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:
    • таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;
    • түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;
    • кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;
  • Аралық тамақтану:
    • таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңетртеңгі ас (ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын;
    • түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран.

Емдік тамақтану

Емдік тамақтану емдік шаралар кешенімен бірге бірқатар аурулардың алдын алу және асқындырмай емдеу үшін пайдаланылады.

Толық мақаласы: Емдік тағам

Қоғамдық тамақтану

Қоғамдық тамақтану - тамақ өнімдерін дайындап, оларды жекелеген халық тобына өткізумен айналысатын қоғамдық тамақтандыру кәспорындарында тамақтану.

Үлгі:Portal

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Тамақтану Тиімді тамақтануТамақтану Тамақтың жұғымдылығыТамақтану мезгілдеріТамақтану Емдік тамақтануТамақтану Қоғамдық тамақтануТамақтану Тағы қараңызТамақтану ДереккөздерТамақтануАғзаТінҚуат

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҰлықбекАтмосфераЖердің айналуыАзиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі КеңесАнтигитлерлік коалицияЕділ қағанҚазақстан географиясыБронхитШоқан Шыңғысұлы УәлихановЖеңіс күніМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Қазақстан өсімдіктері1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықАлтын Орда тарихыӨздігінен тозаңдануТатулықЗәр шығару жүйесіАқмола облысыҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыЖақты сөйлемОтырар кітапханасыАсан қайғы СәбитұлыҚызыл кітапСаңырауқұлақтарҒылыми-техникалық революцияМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыДенсаулықОрталық жүйке жүйесіЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміТеатрИсламдағы жыныстық өмір әдебіВирустарҚазақ хандығының құрылуыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)ЖырауҚарахан мемлекетіҚаратпа сөзДінАққуларҚазақстанның Қызыл кітабыНегіздерМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыMicrosoft Access1921-1922 жылдардағы ашаршылықСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыДемографияОрталық ҚазақстанҰлпан (роман)Қазақстан және БҰҰЕменЖалпы ішкі өнімМетафораҚыстырма сөзХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміВолейболАмёбаЭстрогенҰшқан ұяЖұлдызОтырарГеосаясатЖаңа білім беру жүйесіҚазақстандағы транспортҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыТоғыз-құмалақЭволюцияҚант диабетіБесеудің хатыМұхаммедЖүктілікЖусан иісі (повесть)БейбітшілікХақназар ханӘлем елдерінің тізіміХалықаралық қатынасҚазақтың ұлттық ою-өрнегіДәнеш РақышевФилипп Исаевич ГолощёкинСаяси партия🡆 More