Талап Сұлтанбеков: жазушы - фантаст, журналист

Талап Сұлтанбеков — 1930 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген қазақтың жазушысы.

Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған. Талап Сұлтанбеков - тұңғыш рет қазақ тілінде "Дойбы деген не?", "Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ" атты көмекші кітап жазған спортшы, қазақ әдебиетінің тарихында ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан жазушы. Ғылыми қиял (фантастика) жанрына қалам тартып жүрген жазушы шығармаларының тақырыбы сан алуан. Жасөспірімдерге арналған "Көшпелі алтын", "Жүрек тулайды", "Жұлдыз ат", Лұқпан Хакім", "Тізгін", "Темір еліне саяхат" әңгімелері оқушыны қиялға, арманға жетелейді. Ол өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.
Жазушының «Ғажайып планета» атты фантастикалық әңгімесі биолог Тұрановтың, «Байқоңыр – 12» космос кемесінің командирі Елшібек Оразовтың, жасанды адам физиомеханикалық Кибердің, Осипов пен Мәриямның жұмбақ ғаламшарға экспедициясы туралы қызықты да тартымды баяндалған.Автор ғылымда дәлелденбеген, бірақ адам қиялы болжаған мүмкіндіктерге оқырманын еркін ойлаумен жетелей отырып, ғажайып құбылыстарға куә етеді. Жер планетасы мен оның серіктері арасында байланыстың барлығына көз жеткізеді. Жазушы ғылыми болжамдар бағамынан асып, оқырманының санасын серпілтер, бағытын жаңартар ой тастайды. Аспан әлеміндегі ізденістің бәрі тек адам игілігі үшін жасалатынын танытады. Экипаж мүшелерінің жинап қайтқан материалдары өте құнды, оны аман¬есен Жерге жеткізуді бұлжымас борыш ретінде көрсету арқылы қандай да бір зерттеу ісіне адамның жауапкершілікпен қарау керектігін нұсқайды. Жазушы кейіпкерлері нанымды, тілі жеңіл. Шығармада ғылыми терминдердің қолданысы фантастикалық әңгіменің мақсат-міндетінен туындаған. Талап Сұлтанбеков-қазақ зиялыларының жарқын өкілдерінің бірі. Оның анасы – Дәмеш Берсүгірова белгілі ақын, ұстаз, ал немере ағасы қазақтың көрнекті ақыны Ілияс Жансүгіров. Жазушы өз өмірін қазақ деректі киносының, әсіресе спорт журналистикасының дамуына арнаған журналист, жазушы, кинодраматург ретінде Қазақстанға танымал. Талап Сұлтанбеков 1960-1970 жылдар аралығында республикалық ғылыми-көпшілік "Білім және Еңбек" журналының бас редакторы қызметінде отырып, Қазақстанның көптеген белгілі ғылым қайраткерлеріне ғылымға жол ашып, қазақ ғылымының дамуына қомақты үлес қосты. Қазақстандық спортты дамытуға патронаждық көмек көрсетті. Талап Сұлтанбековтың өзі дойбыдан ҚазССР спорт шебері және шетелде әлемнің бірнеше тіліне аударылған "Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ" бірегей кітабын шығарды. Тоғызқұмалақ ойыны бойынша федерацияның төрағасы және осы ойын бойынша ҚазКСР чемпионы болды. Өзінің шығармашылық қызметін 1970-1990 жылдары Қазақ кинематографында, "ҚАЗАҚФИЛЬМ" киностудиясында жалғастыра отырып, ол деректі фильмдер бірлестігінің бас редакторы, сондай – ақ кинодубляждың бас редакторы, Бүкілодақтық Киноорталық бірлестігінің республикалық бөлімшесінің директоры болып жұмыс істеді. Қазақ тілінде оннан астам сценарий және бес жүзден астам фильмдер аудармасын шығарды. Әр жылдары Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері - Мұхтар Әуезов, Мұқан Төлебаев, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, көрнекті өнер қайраткерлері Шәкен Айманов, Қалтай Мұхамеджанов, Камал Смайылов, Қаукен Кенжетаев, Хамит Бегалин, Ескендір Тынышпаев, Болат Жансүгіров және де басқа да көптеген қайраткерлермен тығыз байланыс жасап, дос болды. Талап Сұлтанбеков 1956 жылдан бастап ҚазКСР Журналистер Одағының және 1980 жылдан бастап ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі болды. Алматы облысы Ақсу ауданының Құрметті азаматы, өз Отанында 2009 жылы қайтыс болды.

Интернет әңгімелер

    1.  Талап Сұлтанбеков – Ғажайып планета
    2.  Талап Сұлтанбеков – Жүрек тулайды
    3.  Талап Сұлтанбеков – Қара музыка
    4.  Талап Сұлтанбеков – Сасырдың сүті
    5.  Талап Сұлтанбеков – Лұқман Хакім

Дереккөздер

Tags:

АлматыАқсу ауданыДойбыЖазушыСпортШахмат

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақтың музыкалық аспаптары тарихыЭссеОғыздарБүйректің созылмалы жетіспеушілігіСалалас құрмалас сөйлемҚорқыт атаБалқашАдам сүйегінің құрылысыМұстафа ШоқайШешендік сөзЕрте токсикозШоқан Шыңғысұлы УәлихановҚыстырма сөзҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыМенің атым Қожа (повесть)Ғылыми-техникалық революцияЖүктілік кезіндегі гестоз ауруыҮйсін мемлекетіМұнай экспорттаушы елдер ұйымыАндроново мәдениетіКеңес үкіметіӨтҚазақтар диаспорасыНормандық жаулап алуІлияс ЖансүгіровӨмірзая (роман)Батырлар жырыДевианттық мінез-құлықМәдени мұраЖоңғар хандығыТөменгі сатыдағы өсімдіктерЖарапазанЖер асты суыБіріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттерБаскетболТромбоцитСақтарҚоршаған ортаны қорғауҚырғи қабақ соғысыДулат БабатайұлыКорея РеспубликасыСутегіЖәнібек ханРенессансҰлпан (роман)Қадір түніГеографиялық картаЖеті қазынаМұхитТөле биТуризмБағалау (педагогика)Алматы облысыАйырша безҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыҰлы Отан соғысыЖау тылындағы балаПартиялық жүйеМенеджментСөз тіркесіСаяси режимҚалқанша безҚазыбек биАтеросклерозАйқапОрталық жүйке жүйесіЖәндіктерҮстеуАқпан төңкерісіКөшбасшылықӨсімдіктер гормондарыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыӘл-Фатиха сүресіБайтұрсыновтың ұрпақ сауатын ашудағы қосқан үлесі1868—1870 жылдардағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресі🡆 More