Савроматтар

Савроматтар - Жайық өңірі мен Еділдің төменгі сағасын мекендеген көптеген ежелгі тайпалардың атауы.

Савроматтар
Савроматтар
Савроматтардың ақшалары

Савроматтар - сармат тайпалары түркі халықтарының, қазақ ұлтының қалыптасу тарихына терең із қалдырған алғашқы мемлекет бірлестіктерінің бірі.

Көптеген уақыт бойы Савроматтар тайпаларының тарихи отаны белгісіз болып келді. Соңғы археологиялық зерттеулердің нәтижесінде Савроматтар мәдениеттің ошағы б.з.б. 6 ғ. төменгі Еділ мен Жайық алабы екені анықталды.

Жазба деректер мен соңғы археологиялық материалдар бойынша, Савроматтар солтүстік Қаратеңіз скифтеріне туыстас тайпалар бірлестігі болған.

Геродоттың жазуынша, Савроматтар жауынгер әйел-амазонкалардан туып, алдымен скифтермен соғысып, артынан олармен туыстасып, Танайс (Дон) арқылы Еділге көшеді. Ертедегі авторлардың айтуынша, Савроматтар қоғамында әйелдер ерекше рөл атқарған. Олар ерлермен бірдей соғысқа қатысқан.

Геродот сармат қызы өзінің бір ата жауын өлтірмейінше, күйеуге шықпағанын атап көрсетеді. Псевдо-Гиппократтың жазуынша, савромат қыздары әскери іс пен аң аулауға жаттыққан үш адамды (жауын) өлтірмейінше күйеуге шықпаған. Ертедегі авторлардың деректерін осы заманғы археологиялық зерттеу деректері де растайды. Обалардың ортасына қойылған әйелдердің қабірлері ерекше. Олардан моншақ, білезік, қола айна, т.б. заттармен қатар қару-жарақтар түрлері де көп табылды. Б.з.б. 4 ғ-да Савроматтар скифтермен тату көршілікте өмір сүрген. Көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған олар бірте-бірте жаңа өріс іздей отырып, Дон өңірінің арғы жағындағы скиф жерлеріне, одан әрі Батыс Еуропа елдеріне дейін көшіп барған. Сол жердегі тұрғылықты халықтардың арасына сіңісіп, біртіндеп тарих сахнасынан жоғалған.

Дереккөздер


Tags:

ЕділЖайық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Екінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОІлияс ЖансүгіровХимиялық элементтер тізіміДНҚҚарағанды облысыТұқым қуаламайтын өзгергіштіктерТөле биАшық тұқымдыларАҚШ президенттерінің тізіміЖусан иісі (повесть)МутацияАққан жұлдыз (роман)Жұқпалы ауруларЖануарларҚазақстан экономикасының тарихыБір жасушалыларЕділ қағанОрганогенезӘлкей Хақанұлы МарғұланТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануКүкірт қышқылыТеріАИВ/ЖИТСХристиандықЖетіқарақшыСинапстерСырым ДатұлыҚазақ хандығыАсан қайғы СәбитұлыҚан мен тер38-атқыштар дивизиясыҚазақстандағы су тасқыны (2024)Саяси идеологияКанадаФотосинтезТұмар ханшаЕтістікПсихологияАзамат соғысыҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріШарын шатқалыАналық жыныс жасушасыҚазақстанның жеті кереметіГеосаясатАрыстан баб кесенесіШойынСабақтас құрмалас сөйлемЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуАқ Орда (мемлекет)МиТемірқазықСан есімҰлыбританияМұстафа ШоқайҚазақстан көлдеріШығай ханӘуе көлігіДүниежүзінің табиғат ресурстарыӘлішер НауаиПродуценттерАдам даму индексіТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріҚазақ мәдениетіАзаматтық құқықҒарышкерТүйелерТұқым қуалаушылықОмонимКорея РеспубликасыӨкпеКөне түркі жазбаларыЕжелгі РимЖапырақДемократияБурабай ұлттық паркіЖүктілікВегетативтік көбею1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАқындар айтысы🡆 More