Орда Ежен хан (туған жылы белгісіз – 1253 жылы дүниеден озған) – Жошы ұлысының сол қанатының алғашқы билеушісі (1226 – 1253), қолбасшы Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның үлкен ұлы, қазақ хандарының арғы атасы.
Орда Ежен 1236 – 1242 жылы моңғолдардың батысқа жасаған барлық жорықтарына белсене қатысты. Жошы ұлысы екі қанатқа бөлінгенде сол қанатын Орда Ежен, оң қанатын Бату хан басқарған. Осының негізінде 13 ғасырдың ортасында әскери-саяси иеліктер қалыптасып, соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды. Жошы ұлысының сол қанатын билеген Орда-Ежен інілерімен қосылып Алтын Орда құрамына енетін, ішкі-сыртқы саясаты тәуелсіз Ақ Орда мемлекетін құрды. Рашид әд-Дин Алтын Орда мен Ақ Орда жөнінде олар бір-бірінен өте алыста жатты және өзара тәуелсіз ұлыстар болды деп жазды. Алғашында Орда-Ежен өзінің ордасын әкесі Жошының орталығына жақын жердегі Ертіс өзенінің жағалауына жайғастырды. Дегенмен, 1246 жылы Плано Карпини Моңғолияға бара жатқан сапарында оның ордасы Алакөл маңында болды деп көрсетеді. Орда Ежен өз беделінің күштілігіне қарамастан әкесінің орнына інісі Батудың Алтын Орда тағына отыруын қолдады. Қарақорымда Күйікті ұлы хан көтерген құрылтайға Жошы әулетінің атынан қатысты. Осы жиында Шыңғыс хан ұрпақтарының үлкендері ретінде Мөңке екеуі бірігіп, көтеріліске шыққандардың ісін тексеріп, жазаға тартты. Орда-Еженнің саяси рөлі тек Жошы ұлысында ғана емес, бүкіл моңғол империясында да жоғары болды. Рашид әд-Диннің айтуы бойынша, Алтын Орда билеушісі ресми түрде Бату болғанымен, Мөңке хан Шыңғыс хан империясының атынан өзі шығарған үкімдері мен жарлықтарында Орда-Еженнің атын Батудан бұрын қойған. Орда-Ежен өлген соң оның орнына төртінші ұлы Күнқыран келді.
Орда Ежен хан | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1226 — 1253 | ||
Ізашары | мемлекет құрылды | |
Ізбасары | Күнқыран хан | |
Өмірбаяны | ||
Дүниеге келуі | белгісіз Дешті Қыпшақ | |
Қайтыс болуы | 1253 | |
Династия | Шыңғыстықтар | |
Әкесі | Жошы хан | |
Анасы | Кочу қатын | |
Балалары | Сартақтай Кули Күремсі Күнқыран Джурмакай Кутукуй Хулагу Орда Даир-Кайдагул | |
өңдеу |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Орда Ежен хан, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.