Мелиорация

Мелиорация (лат.

melioratio – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (қара Қазақстанның ежелгі қалалары). Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы. Мысалы, Шу өзенінің оң жағасындағы Георгиевка, Тасөткел суландыру жүйелері тиісінше 12 және 26 мың гектар жерді суландырады. Алматы облысында су сыйымдылығы 28 миллиард куб метр Қапшағай су қоймасы салынып, онымен 250 мың гектарға дейін жер суарылады. Орталық Қазақстандағы Ертіс — Қарағанды каналы облысы өндірісін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстанда Орал — Көшім суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйесі салынған, осындай жұмыстар Қазақстанның солтүстігінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасында 100 миллион гектарға жуық жер суландырылған және 730 мың гектар көлтабан суару жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын қайта құруға және жерді жеке меншікке беруге байланысты мелиорацияның шағын түрлері де дами бастады. Мелиорация кең аймақтардағы табиғи ресурстарды (топырақ, су қорлары, орман, тағы басқа) адам қажетіне жаратуға көп мүмкіндік береді; атмосфераның жерге жақын қабатында ылғалдылық, температура және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту арқылы адам өмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді.

Мелиорация
Мелиорация

Мелиорация - 1) табиғи органы (ең алдымен ауылшаруашылық жерлерін) жақсартудың ғылыми негізде ұйымдастырылатын шаруашылық және техникалық шаралары. Мелиорация — суландыру, құрғату, орман мелиорациясы, агромелиорация, химиялық мелиорация және т.б. болып бөлінеді. Жердің құнарлылығын ұзақ уақытқа көтеру немесе аумақты жалпы сауықтыру, жерді айтарлықтай дәрежеде жақсарту мақсатында жасалатын шаралар жиынтығы; табиғатты тиімді пайдаланудың бір түрі. Мелиорация объектілеріне: жалпы ландшафт және оның жекелеген бөліктері (топырақ, шабындық, суқоймалар және т.б.) жатады. Мелиорацияны жобалау кезінде ландшафттық өзгерістердің мүмкін болатын дәл болжамын (оның ішінде қосалқы) жасаудың маңызы зор; оларды есепке алмау кейбір жағдайларда топырақтың қайта сорлануына, жердің батпақтануына және т.б. зардаптарға ұрындырары көміл. Ең көп таралған гидротехникалық мелиорация (су жүргісі колайсыз жерлердің мелиорациясы) — топырақты суармалау немесе құрғату, жайылымдарды суландыру. Топырақ режімін жақсартудың арнайы тәсіліне — қар тоқтату, шаймалау, кәріздеу бітелілеу (кольматаж), ағындыны реттеу және т.б. жатады. Химиялық және физикалық мелиорация (химиялық және физикалық қасиеттері қолайсыз жерлерді мелиорациялау) — тұзданған топырақтарды шаймалау, қышқыл топырақтарды өктендіру, сорларды гипстеу, сілтілі топырақтарды қышқылдандыру және т.б. Топырақтың физикалық жағдайын жақсарту үшін, оларды тастардан тазартады, сазды топырақты құм араластыра өңдейді, тозаңды және шымтезекгі топырақты саздандырады және т.б. Эрозияға немесе дефляцияға ұшыраған жерлерде, әсіресе, таулы аймақтардағы беткейлерді террасалау тәсілі қолданылады. Биологиялық (экологиялық) мелиорацияға құмдауыт жерлер мен жыраларды ормаңдандыру, орман жолақтарын өсіру (агроорман мелиорациясы) және баска шаралар жатады; 2) ауыл шаруашылық ғылымының бірнеше саласының негізін зерттейді. Оларға: гидротехникалық құрылыстар, агротехникалық шаралар, су шаруашылығының экономикасы, топырақтану, ағаш-орман шаруашылығының салалары және т.б. жатады. Мелиорацияның негізгі мақсаты — ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін (жер суландыру техникаларын, ЭЕМ және т.б.) пайдалана отырып, өсімдіктің өсіп-өнуіне, дамуына қолайлы жағдай жасау. Ылғалдың, ауаның, күннің жылылығы мен радиациясының және топырақтың қоректену режімін дұрыс пайдалана отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан тұракты және мол өнім алудың тиімді жолдарын ұсыну. Ауыл шаруашылығы мелиорациясы және техникалық мелиорация болып бөлінеді. Техникалық мелиорация шараларын атқару нәтижесінде топырақ пен жер қыртысының құрылымы жақсара түседі, канал, тоған, су қоймалары мен бөгендердің жақтауларымен табаны нығайтылады. Ауыл шаруашылығы мелиорациясы — жүйенің шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық шараларды, табиғаттың (топырақ, агроклимат) гидрологиялық қолайсыз жағдайларын жақсарта отырып, жер қорын өте тиімді түрде пайдалану өдістері. Суармалы жерлердің химиялық және физикалық қасиеттері нашар болса, оған агротехникалық мелиорация шаралары, сонымен қатар химиялық мелиорация қолданылады — сор және сорланған жердің топырағына әк және гипс қосып (тұзын сумен шаюдан басқа) өңдейді. Ағаш-орман мелиорациясы — жел, су эрозиясына қарсы колданылатын шара.

Дереккөздер

Tags:

Латын тіліЭрозия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖерКөркем әдебиет стиліТанымал қазақтардың тізіміИнсультЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларСын есімҚазақстан халқы ассамблеясыМұхтар Мұқанұлы МағауинИсламдағы жыныстық өмір әдебіЖусан иісі (повесть)АқуызАнтонимБатыс Түрік қағанатыКеңес үкіметіНамазды бұзатын нәрселерМұхаммедАлаш ОрдаФариза ОңғарсыноваҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміБақытсыз ЖамалХолециститҚояншықАсқазан ауруларыАлғашқы көмекҚасым ханПысықтауышОйлауКенесары ханPythonЕсту мүшесіЖарықӘбу Насыр Әл-ФарабиҒылыми әдісҚант диабетіТозаңдануЕңлік — Кебек (пьеса)АбортМайларҰлытау облысыҚазақстан аудандарыАлты кәлимәЖасуша ядросыАуыз бекітуСайлау құқығыДара сөздер мен күрделі сөздерТоғыз-құмалақШығыс Қазақстан облысыАтмосфераӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)Қазақтың ұлттық тағамдарыДемократияЗәр шығару жүйесіЖол белгілеріҚазақша жыл санауАқпараттық қауіпсіздікНаурыз мейрамыҚатерлі ісікСақтарЖыныс мүшелері ауруларыЖәндіктерОразаны бұзбайтын жағдайларМоңғол империясыҚаһарБайқоңыр (ғарыш айлағы)ДулатТынық мұхитАлюминийХақназар ханҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміСаясаттануЖер құрылымыҚазақ тіліМагнит өрісіҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріАдайҚазыбек биЖатырдан тыс жүктілікАлгоритм🡆 More