Кәмелетке Толмағандардың Еңбегі

Жасы 18-ге жетпеген адамдар кәмелетке толмағандар болып есептеледі.

Заң кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын айрықша қорғайды, өйткені олар дене күші жағынан да, рухани жағынан да толық өсіп-жетілмеген. Заң, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды өздерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында түрлі қоғамдық қатыныстарға қатысушылар деп те таниды.

Кәмелетке толмағандар құқық субъектілері ретінде өздерінің кәсіби қызметтің қайсыбір түріне қабілеттілігін байқатуға өздерін жеке тұлға ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарын ерекше бөліп көрсету керек. Кәмелетке толмағандардың еңбек құқығы субъектілері ретіндегі жалпы және арнаулы құқықтың мәртебесі сипатына байланысты ажыратылады.

Республика аумағында тұратын жас азаматтарға: кәсіби-бағдарлық қызметті, кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өтуді; бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды; қолайлы жұмыс таңдау және жұмысқа орналасуды өкілетті органдардың делдалдық көмегін пайдалануда жұмысқа қабылдаудан орынсыз бас тарту және жұмыстан негізсіз шығарудан қорғау жөнінде тегін көмек алуға кепілдік беріледі.

Жас азаматтармен жеке еңбек шартын жасасқан кезде олардың білім алу, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік мүдделері ескерілуі керек.

Жұмыс берушілер тарапынан жастардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда жас азаматтардың олардың іс-әрекеттері жөнінде сотқа шағымдануға құқығы бар.

Кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану ережесі және олардың өмірі үшін жауапкершілік

Кәмелетке толмағандар еңбектік жасқа толуына байланысты еңбек қатынасына кірісе алады. Еңбекке қабілетті деп төменгі және жоғарғы шегі еңбек заңында анықталатын жас танылады. Адамды жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас он алты жас болып белгіленген. Он бес жасқа толған адамдар орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда, ата-аналарының немесе қорғанышы-қамқорлығының келісімімен жеке еңбек шартын жасаса алады. Кейбір жағдайларда 14-ке толған оқушыларды олардың денсаулығына және оқуына зиян келтірмейтін, оқудан бос уақытында атқаратын жұмысқа ата-аналарының біреуінің (қорғаншы, қамқоршы) келісімімен ғана алуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ата-анасы (қорғаншы, қамқоршысы) жеке еңбек шартына кәмелетке толмағандармен бірге қол қояды.

Жүйке ауруынан және ақыл-есінің кемістігінен сот тәртібімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адам, еңбек құқығының субъектісі бола алмайды.

Кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдағанда мемлекеттік, коғамдық органдардың келісімінің қажеті жоқ.

Жасы он сегізге толмаған адамдарды дене еңбегін қажет ететін ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайы зиянды, ірі қауіпті жұмыстарға қабылдауға рұқсат етілмейді. Ауыр дене еңбегі дегеніміз — қызметкердің ауыр заттарды көтеруіне және оларды қол күшімен басқа жерге орналастыруына немесе 300 ккал/сағат энергия шығындауына байланысты болатын жұмыстар.

Қазір қолданылып жүрген "Еңбек туралы" заңдарда барлық еңбекке қабілетті азаматтарға кәсіп, қызмет және жұмыс түрін таңдауда тең мүмкіндіктер белгіленген. Жұмысқа қабылдау кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына және дінге көзқарасына байланысты оның құқығын қандай да бір тікелей немесе жанама шектеуге, тікелей не жанама артықшылықтар белгілеуге жол берілмейді.

18 жасқа толмаған қызметкерлер жалпы ереже бойынша еңбектік-құқықтық қатынастарында кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, еңбек демалысы және өзге де еңбек жағдайлары саласында еңбек заңында белгіленген жеңілдіктерді пайдаланады.

Кәмелетке толмағандар үшін жеңілдіктерді көздейтін заң нормаларының тегеурінді сипаты бар (мысалы, қысқартылған жұмыс уақыты және тыйым салулар). Мәселен, жасы 18-ге толмағандар түнгі уақыттағы жұмысқа пайдаланылмайды, кәмелетке толмағандар уақыттан тыс жұмысқа жіберілмейді. Кәмелетке толмағандар жұмысқа қабылданарда міндетті медициналық тексеруден өтеді. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жиырмаға дейінгі жас азаматтарды жұмысқа қабылдауға және кәсіби оқытуда бронь белгіленеді. Бронь есебінен жіберілген кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдаудан және кәсіби оқытудан бас тартуға болмайды.

Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау, оқуын өнімді еңбекпен табысты ұштастыру үшін оларға қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында заңда олар үшін қысқартылған жұмыс уақыты көзделген. 16-дан 18-ге дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттық жұмыс уақыты белгіленген. Ал 14 пен 16-ға дейінгі жасөспірімдер үшін — аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты көзделген.

Кәмелетке толмаған қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты, оны жұмысқа қабылдау кезінде не кейін белгіленеді.

Кәмелетке толмаған қызметкерлер уақыттан тыс жұмыстарды атқаруға қатыстырылмайды.

Жұмыс берушілер 18-ге толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасаса алмайды. Бұл арада әңгіме оларға берілген құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға немесе өндіріс барысында қолдануға тікелей қатысы бар қызмет не жұмыс туралы болып отыр. Жұмыс берушінің өз мүддесіне орай заңға сәйкес қызметкерді өз қаржысы есебінен оқытуға немесе кадрлар даярлау үшін оқуға жіберуге қақы бар. Бұл жағдайда кадрларды кәсіби даярлау тікелей өндірістің өзінде ұйымдастырылуы, сондай-ақ бұған тиісті жағдайы мен алған рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдарда не орта және жоғары кәсіби оқу орындарында ұйымдастырылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, заң жұмыс берушіні қызметкерді оқытуға міндеттемейді. Сонымен бірге жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даярлау қажет болған жағдайда жұмыс беруші өз қаржысы есебінен қызметкерлерді, әсіресе жастарды оқуға, қайта даярлауға және кәсіби шеберлігін жетілдіруге жібере алады.

Егер кәмелетке толмаған қызметкерді оқыту тікелей өндірістің өзінде ұйымдастырылса, онда даярлау, мамандықтар бойынша біліктіліктің бастапқы деңгейіндегі біліктілік сипаттамасы талаптарының көлемінде жүзеге асырылады. Бұл арада оқуға жіберілген кәмелетке толмағандардың жасы, жынысы және денсаулық жағдайы қазір қолданылып жүрген еңбек заңының талаптарына, экономиканың тиісті салалары жұмысшыларының, кәсіптері мен мамандықтарының еңбегін қорғау жөніндегі нормаларына сәйкес болуы керек. Тікелей өндірістің өзінде көсіби даярлықтан өтіп жатқан кәмелетке толмаған қызметкерге еңбек туралы заңның толықтай қатысы бар (жұмыс уақыты және тынығу уақыты, еңбек тәртібі және т.б.). Сонымен, еңбек заңында азаматты жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас 16 жас болып белгіленген. Жасы 15-ке толған адамдар орта білім алған немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда жеке еңбек шартын ата-анасының немесе қорғаншы-қамқоршысының келісімімен ғана жасаса алады. 14-ке толған оқушыларды оқудан қолы бос уақытта атқаратын жұмысқа ата-анасының біреуінің (қорғаншы-қамқоршысының) келісімімен ғана алуға рұқсат етіледі. Соңғыларының келісімі жазбаша түрде (өтініш) беріледі.

Кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдағанда мемлекеттік, қоғамдық органдардың келісімінің қажеті жоқ.

Дереккөздер

Tags:

ЗаңКәмелетке толмағандар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тыныс белгілеріЖүрекШымкентПродуценттерЭкологияТерроризмАғзалардың жеке дамуыҚұлдықАқпараттық қауіпсіздікАлмаКСРО ыдырауыБалдырЕжелгі Рим мәдениетіҚасым ханҚазақстан демографиясыОқшау сөздерЕңлік — Кебек (пьеса)Жер сілкінуҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміАлаш партиясының бағдарламасыЗиготаӘбу Насыр Әл-ФарабиЕсім хан саясатыҚұндылықБатыс ҚазақстанҚыпшақ хандығыГеографияҚазан төңкерісіКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыШоқжұлдызТұқым қуаламайтын өзгергіштіктерФутуризмТыныс алу жүйесіАқпарат технологиясыЖаһандануЕсімдікЭкологиялық апатБластулаҒұндарҰрықтануБерлин операциясы1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларФилософияМорфология (лингвистика)ГлюкозаІлеҚазақ газетіҰлы Отан соғысыҚазақстан музейлеріҚазақстан мемлекеттік рәміздеріТоғыз-құмалақДамыған елдерКиелі жануарларКүн жүйесіҚазақстандағы транспортҚаныш Имантайұлы СәтбаевТәуелсіз Қазақстан тарихыӘміре ҚашаубаевХиуаз Қайырқызы ДоспановаАстана ОпераҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыҚозы Көрпеш – Баян СұлуҚазақ хандығыТуберкулезТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануБұқаралық ақпарат құралдарыҚазақстанның Қызыл кітабыҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыМикеланджелоҚазақстан халқы ассамблеясыТұмар ханшаТөле биБұлшықет талшығыЖыныс қатынасынан жұғатын аурулар🡆 More