Тарихи Жыр Кенесары - Наурызбай

«Кенесары - Наурызбай», тарихи жыр.

Бұл дастанды Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған.

Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек көзі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыратапған себептерге орай, тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние.

Жыр алғаш рет 1875 ж. С. Жантөрин мен Т. Сейдалиннің аудармасымен «Записки Оренбургкого русского географического общества» журналының 3-ші бөлімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж. Қазанда Университет баспаханасында Жүсіпбек Шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «Қисса-и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» деген атпен жарық көрді. Ә. Диваев жинаған Ж. Басығарин нұсқасы X. Досмұхамедұлының алғы сөзімен 1923 ж. Ташкентте, Н. Төреқұловтың алғы сөзімен 1924 ж. Мәскеуде жарияланды. Бұл басылымдарда Нысанбай жырауға үлкен қиянат жасалды: көтеріліске тіл тигізіліп, мазмұн жағы мүлдем басқа арнаға түсті. Е. Ысмайылов пен Қ. Бекхожин Кенесарыға тіл тигізетін бұрмаланған жерлерді алып тастап, Нысанбайға тән үлгімен жырланатын нұсқаны 1940 ж. өздері құрастырған «Батырлар жыры» деген көлемді жинаққа енгізді.

Жырдың түпнұсқаға жақыны 1875 ж. нұсқа мен толық та көркем үлгісі - 1938 ж. ҚР ҰҒА фольклор экспедициясының торғайлық Қашқынбай Қараевтан жазып алған нұсқа. Жыр Кенесары-Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды. Жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды.

Тарихшы-ғалым Е. Бекмаханов атап көрсеткендей, жыр көтеріліске байланысты туған басқа шығармалардан озық, «жырда тарихи мәні бар жекелеген оқиғалар шындықпен баяндалады», шығармада суреттелген жайттар көтеріліс кезінде болған окиғалардан алшақтап кетпейді. Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің ескі мұра атаулыға қарсы саясаты бұл бағалы тарихи жырды жарты ғасыр уақытқа дейін жылы жауып қоюға мәжбүр етті де, еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты «Кенесары-Наурызбай» жыры да халқымен қайта кауышты. Нысанбай ақыннын бұл жыры «Хан кене» жинағы (1993) мен «Қазақ халық әдебиеті» көп томдығының Кенесары-Наурызбай көтерілісіне арналған тарихи жырлар топтастырылған 17-томына (1996) енгізілді.

Әуезовтің, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің тарихымен терең таныс болғандығын 1924-25 жылдары жазылып, 1927 ж. баспадан шыққан «Әдебиет тарихы» оқулығында «Кенесары-Наурызбайдың» қысқаша әңгімесі» және «Кенесары жырының мәнісі» атты тараушалар жазып, алғашында жырдың оқиғалық ағымын, сюжеттік құрылымын зерттеп, екіншісінде жырды көркемдік тұрғыдан терең талдағанынан көреміз. Әуезовтің тағдыры қиын болған шығармаларының бірі - «Хан Кене» пьесасы. Пьесаны да Әуезовтің «Кенесары-Наурызбай» жырындағыдай ұлт-азаттық қозғалыстың соңына, қырғызбен болған соғысқа арнаған. Окулықта жырдың фабуласына, сюжетіне шолу жасалып, мазмұны айтылған. Әуезов мұнда суреттелген оқиғаларға қатысты өзінің көз- қарасын сездіре отырып, Нысанбай жыраудың ұлт-азаттық көтерілісінің жыршысы ретіндегі акындық, адамдық бейнесіне де баға береді, өз ойын білдіріп отырады. Жырдың көркемдік ерекшеліктеріне катысты терен ойлар айткан. Жалпы тарихи жырлар туралы, оның ішінде Нысанбай жыраудың шығармашылығы туралы кейінгі жылдардағы зерттеушілердің «Кенесары-Наурызбай» жырына қатысты ойлары Әуезов ойларымен толықтай үндеседі. Әуезовтің 1924-25 жылдары айтқан «Кенесарының қайғы-екінішімен біткен жорығы қазақ баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған. Бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе - Кенесары ісінің өзге батырлардың ісінен әлдеқайда ірі, әддеқайда көлемді оқиға болғандықтан туады» деген ойлары Кенесары тұлғасына да, Нысанбай жырына да берілген әділ баға. Әуезов еңбегінде Нысанбайдың шығармашылық бейнесі терең талданып, Абылай хан заманындағы Бұқар жыраудың шығармашылык қызметінің өзіндік ерекшеліктерімен салыстыра көрсетілген. Бұқар жырауға қарағанда Нысанбайдың қолдың ішінде жүрген, әскердің барлық қиын-қыстау соғыстарының басы-қасында жүрген жыраудың поэтикалық қызметінің қалыптасу себептерін нәзік байқағыштықпен ашкан. Әуезовтің Нысанбайға берген бағасы өте жоғары, өйткені «Кенесары-Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын талай түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес». Сондай-ак Нысанбайдың да, негізінде, туыстас екі халық арасында болған бір кақтығыстың себептері мен барысына шындық тұрғысынан келгенін айтқан. Әуезовтің «Хан Кене» пьесасында да жырда суреттелген кезең, оқиғалар қамтылған. Тарихи жыр мен драмалық шығарманың көркемдік талаптарының, поэтикасының өзіндік ерекшеліктеріне орай пьесада жыр сюжеті дәлме-дәл қайталанбаған. Сюжеттік қимыл, тартыс сахналық қойылымның мүмкіндіктеріне байланысты орайластырылған. Кейіпкерлер жүйесінде де айтарлықтай өзгешеліктер бар. Кенесары бейнесі жырдағы бейнемен толықтай үндес болса, Наурызбай, Бұғыбайлардың бейнелерінде өзгешеліктер кездеседі. Пьесада тарихи-әлеуметтік талдау, реалистік тереңдік, психологиялық талдау жағы терең. «Кенесары-Наурызбай» жырына қатысты Әуезовтің ой-пікірлері ең алғашқы, ең дәл айтылған әділ баға. Әуезов «Әдебиет тарихы» деген зерттеуінде «Кенесары - Наурызбай» жырының жазылу себебіне, мән-мағынасына назар аударған. «Нысанбай жырында оқушының кез алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Барлық сөзіңде сол жорықтың куанышы мен кайғысы кеше ғана көз алдынан өткізген, кезі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі - сол оқиғаның адамы» деп, шығарманың шындыққа кұрылғанын баса көрсеткен. Ұлы жазушы Нысанбай жырында қырғыз үнемі жазықты болмайды. Қырғызда кінә аз. Соның бәрін бадырайтып айтпаса да, Нысанбай бүркемей, шындықты бүкпесіз жеткізгенін мақұлдайды. Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласады. Ақын мұны да жасырмай жырлаған. Бұл Нысанбайдың өзге акындардан ерекшелігін, сыншыл жыршы екенін көрсетсе керек деген тұжырым жасайды зерттеуші.

Дереккөздер

Tags:

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысНысанбай жырау

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бағаналы жасушаТеатрОңтүстік ҚазақстанАнгкор-ВатІсікШыңғыс ханҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріБесік жырыДемократияВиртуалды шындықМендель заңдылықтарыҚазақ билеріАвтомобиль түрлеріЕкінті намазыМейозІлияс ЖансүгіровАлаш партиясының бағдарламасыСаяси партияТуберкулезЕліктеу сөзАқан серіЖеңіл атлетикаОтырарҚазақ (этноним)Батыс Түрік қағанатыТөтенше жағдайБесеудің хатыӘйтеке биПысықтауышДенсаулықАдам тісіСаяси идеологияСуСаясаттануНормандық жаулап алуМемлекетСұлтанмахмұт ТорайғыровКөлденең жолақты ет ұлпасыӘдісМәдениетМұхтар Омарханұлы ӘуезовЖамбыл ЖабайұлыЛексикаМүшел жасҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыӘбіш КекілбайұлыҚарлұқ қағанатыЕсік Алтын адамыКөптік жалғауҚазақ хандығы18 ғасырдағы Қазақстан тарихнамасыЖатырдан тыс жүктілікМорфология (лингвистика)Психикалық процестерГипоксияҚазақстан өзендеріНарықтық экономикаАйнымалы токҚимақ қағанатыСолтүстік ҚазақстанЖасуша ядросыАлгоритмКөкбауырМақал-мәтелдерҚазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыруЖайықДНҚМитохондрияТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріДомбыраЕсімшеВирусты гепатит ВҚұрлықЖүйке жүйесінің құрылысы, маңызыТиләуләт сәждесіЖемісЭндокриңді бездерАдамСопылық🡆 More