Зікірия Заманханұлы Жандарбек

Зікірия Заманханұлы Жандарбек (1953 ж.т., Түркістан қаласы) - дінтанушы ғалым.

Жандарбек Зікірия Заманханұлы
Дүниеге келгені: 1953
Түркістан қаласы
Мансабы: дінтанушы ғалым

1984 ж. ҚазМУ-дің филология факультетінің араб тілі бөлімін бітірген. 1984 - 86 ж. мектепте мұғалім, тәрбиеші қызметтерін атқарды. 1986 жылдың желтоқсан айынан Әзірет Сұлтан қорық-музейінің ғыл. зерттеу бөліміне қызметке ауысады. Осы кезден ғыл. жұмыстарға ден қойды. 1988 ж. мұражай қызметкерлерімен бірге жүргізген іздестіру жұмыстарының арқасында «Насаб-нама» шежіресінің алғашқы нұсқасын табады. 1990 жылдан «Насаб-нама» шежіресі жайлы алғашқы ғыл. мақаласы жарық көрді. 1991 жылдан Ахмет Иасауи атынд. Халықар. Қазақ-Түрік унивеситеттінде ашылған «Иасауи лабораториясына» қызметке тұрды. 1991 - 2005 ж. унивеситет жанындағы ғыл.-зерттеу ин-тында аға ғыл. қызметкер, жетекшіғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Көне қолжазбаларды жинау мен оларды ғыл. айналымға енгізу, Қожа Ахмет Иасауи мен ол негізін салған сопылық жолдың тарихына қатысты жүргізген зерттеу жұмыстарын, тек Қазақстан емес, халықар. ғыл. қауымдастық мақұлдады. Ол бастаған «Насабнама» нұсқаларын зерттеу жұмысы шетелдік ғалымдар тарапынан қолдау тауып, бұл бағыттағы жұмысты тереңдете жүргізу үшін Швейцария мемлекеті арнайы грант бөліп, АҚШ, Швейцария, Өзбекстан, Қазақстан ғалымдарын бірлестіре отырып кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2000 ж. ЮНЕСКО-ның тапсыруымен Қожа Ахмет Иасауи «Хикметтерін» қазақ тіліне аударған топ құрамында болды. 2008 ж. шетелдік ғалымдармен бірге атқарған ғыл. жұмыстарының нәтижелері «Исламизация и сакральные родословные в Центральной Азии» деген атпен жарық көрді. Екі монографияның, 70-тен аса ғыл. мақалалардың авторы.

Жандарбек Зікірия Заманханұлы ұсынған қазақ тарихын зерттеудің жаңа концепсиясында қазақ халқының тарихи жады толығымен қазақ тарихынан орын алады. Қазақ шежіресі мен аңыздарьга, батырлық жырлары, т.б. ауыз әдебиеті үлгілерін қазақ тарихы ғылымы қажетіне пайдалану жолдары туралы жазған мақалалары ғыл. басылымдарда жарияланып жүр.

Дереккөздер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖүктілікФранцияАқмола облысыЖалғаулық шылауларСаяси мәдениетЕуразияГеосаясатМамыргүлЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Қарағанды облысыТемпераментХимиялық элементтердің периодтық жүйесіТатарларОқшау сөздерАнемияТоғыз-құмалақII ЕкатеринаШиенің түрлеріӘлемдегі ең танымал кітапханаларТәуекел ханЖасушаның бөлінуіБіріккен Ұлттар ҰйымыРақымжан ҚошқарбаевМолотов-Риббентроп пактыНесіпбек Тұрысбекұлы АйтНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевҚазақтың ұлттық ою-өрнегіЗат алмасуСалқам Жәңгір ханТабиғи сұрыптауАбылай ханКөмірҚазақстандағы жануарлар әлеміҚаныш Имантайұлы СәтбаевМемлекеттік басқару формасыҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевТұрақты сөз тіркесіҚазақтың ұлттық тағамдарыҚазақ хандығының құрылуыЖасушаБалқашМодификациялық өзгергіштікЖетіқарақшыӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаӘнші құм төбесіМиссионерлiкКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКүрішЭкологиялық жүйеИспанияҚазақ ұлттық киімдеріЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріӘлемнің жеті кереметіАссонансБауыр (орган)Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануСалауатАспанШерхан Мұртазаұлы МұртазаҚиялИмпрессионизмVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріМэйдзи жаңғыртуыҚанҚазақстан өсімдіктеріҚазақ театрыҚазақстан тарихыРаушангүлділерАлаш партиясы316-атқыштар дивизиясыАйнұр ТұрсынбаеваАлтын ОрдаОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыБайқоңыр (ғарыш айлағы)Тыныс белгілеріТұздар (химия)Қазақстан астанасыШоқан Шыңғысұлы Уәлиханов🡆 More