Жаңбыр

Жаңбыр — бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы.

Жаңбыр
Жаңбыр қалада
Жаңбыр
Қатты жаңбыр

Тамшылардың диаметрі 0,5 — 7 мм болады. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Жаңбырдың бірнеше түрі бар. Ақ жаңбыр — қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр — будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән. Диаметрі 0,5 мм-ден аспаған тамшыларды сіркіреме жаңбыр деп атайды, ол, негізінен, қатпарлы бұлттан шығып, өте баяу жауады.

Жаңбыр — атмосфералық сұйық ылғалдың тамшыға айналып (0,5- тен 0,7 мм дейінгі) жерге себелеп түсуі. Жаңбырдың ұсақ тамшылы түрі: «ақ жауын» немесе «сіркіреген жауын», ал ылғалдың белгілі бір уақытта көп түсуі «нөсер» деп аталады. Қазіргі гидрологиялық есептеулерде жаңбырдың барлық жиынтығы есепке алынады.

Жаңбырдың пайда болуына байланысты негізгі 3 түрін қарастыруға болады: конвекциялық (конвективті), орографиялық, фронтальді.

Конвекциялық жаңбыр күннің әсерінен су буланып, жоғары көтеріліп, жылу алмасу үдерісі жүреді.Биіктеген сайын ауа температурасы төмендеп, су буы конденсациялануынан пайда болады.

Орографиялық жаңбыр теңіз беті буланып, жоғары көтеріледі, су буы тау жоталарында салқындап бұлтқа айналады, жел арқылы тасымалданып құрлыққа жауады.

Фронтальді жаңбыр суық ауа жылы ауаны ығыстырады, жылы ауа жоғары көтеріліп суынып бұлтқа айналады.

Жаңбырдағы өлшем

Жаңбыр 
Келе жатқан жаңбыр
Жаңбыр 
Мексикада жаңбыр

Зерттеулердің нәтижесі бойынша, жер бетінен секундына 16 миллион тонна су буланып ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллионды құрайды. Дәл осы мөлшер бір жылда жер бетіне жауатын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады. Яғни, су әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте өзгеріс туа қалса, әлемде үлкен экологиялық ауытқулар белең алып, тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғу да бек мүмкін.

Жаңбырдағы мұндай аса бір шебер өлшем тек оның мөлшерінде ғана емес, сонымен қатар жерге түсу жылдамдығын да байқалады. Жаңбыр бұлттары ең аз дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен құласа, жерге 558 км/сағ жылдамдықпен келіп түсер еді. Алайда, жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған мұрсат бермейді. Жаңбыр бұлттары қандай биіктікте болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы орташа алғанда 8-10 км/сағ-дан аспайды.

Дереккөздер

Tags:

Атмосфера

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Абай халық театрыЕуразия Экономикалық ҚауымдастығыОсман империясыӘлем елдерінің тізіміҚызылордаҚазақстан астанасыИван Васильевич ПанфиловУақытҚарлұқ қағанатыЖасушаның бөлінуіҚазақстан танымал тұлғаларының тізіміҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыҒаламшарПланеталардың қозғалысыФранцияТыныс алу жүйесіҒарышЗат есімМөде қағанҚазыбек биҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыӘлімұлыБұқар жырау ҚалқаманұлыҚазақ хандығының құрылуыЖұлдызды аспанАутизмТранспортирМысырДенсаулықАлгоритмЕңлік — Кебек (пьеса)Тас дәуіріМашинажасауТеңіз жануарларыҰшқан ұяҚосмекенділерДінБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровГалактикаКөз ауруларыСемей полигоныҚанайналым жүйесіЕсімдікБала құқығыҒылыми-техникалық революцияӨзбектерӘлемнің жеті кереметіМахамбет ӨтемісұлыАсылхан Сайлауұлы ТөлеповСоқырішекБатыс Ғұн ИмпериясыХалықаралық жер күніШвейцарияМутацияДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевБауыр (орган)МастопатияТопырақТұмар ханшаНоғай ордасыҚарағайШыршаҚызылорда облысыҚазақстанның тұңғыш мектептеріАқмола облысыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚанТүрікменстанАлтынемел ұлттық паркіМенің атым Қожа (повесть)Қазақстан мәдениетіАсанәлі Әшімұлы ӘшімовТатарларҮркерХалықаралық ұйымдарБерік Бөшенұлы АйтжановӨздігінен тозаңдануЖүйке жүйесі🡆 More