Анатомия Буын

Буын — бір сүйекпен екінші сүйекті жалғастыратын аралық.

Сүйектер бір-бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғасады. Тірі ағзада буын 3 түрлі рөл атқарады: дене қалпының сақталуына жәрдемдеседі; дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады; дененің кеңістіктегі орын алмастыру (локомоция) мүшесі болып табылады. Әрбір буында буындасатын сүйектердің буын беттері; буын қылшықтары және буын қуыстары болады. Буын қапшықтарын 2 қабат қоршап тұрады. Оның ішкі қабатынан буын сары суы бөлініп шығады да, ол буын аралығын сылап, қозғалуын жеңілдетеді. Буын қапшығының сыртында болатын сіңірлер сүйектерді берік жалғастырып тұрады әрі мүшені белгілі бір бағытпен қозғалтады. Пішіні жағынан буын беттерін геометириялық айналу денелері ретінде (мысалы, бір осьті айнала қозғалатын цилиндр, екі осьті эллипс, үш және одан көп осьті айнала қозғалатын шар) қарастыруға болады. Осының нәтижесінде осьтер арқылы буындарда көптеген қозғалыс түрлері орындалады. Мысалы, бүгілу, жазылу, жақындату, қашықтату, айналу, т.б. Адам денесіндегі буынды және буын ауруларын зерттейтін медицина салаларын артрология, синдесмология деп атайды.

Жалпылама

Адам денесінде 230 ден астам буындар бар. Буын дегеніміз сүйектердің қозғалмалы байланысатын жері. Әрбір буынның сырты тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпн қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығының буын сұйықтығы бөлінеді. Сұйық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады. Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпн қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып,оқыс соққыны әлсіретеді.

Буынның қосымша элементтері

Буынның құрамына міндетті құрамбөліктер кіреді. Бұл құрамбөліктерден басқа барлық буында болатын қосымша құрамбөліктер бар. Олар міндетті түрде белгілі бір буындарда болады. Барлық қосымша құрамбөліктерді екі типке бөлуге болады.

  1. Шеміршек дискілері мен шеміршек астары. Олар сүйектердің буынды беттері арасында орналасады. Солар арқылы мұндай буындарда қозғалыстардың алуан түрі орындалады. Мысалы, тізе және астыңғы жақсүйектерінің буындары.
  2. Буындарға жақын орналасқан ұсақ буын сүйектері. Олар кейде буын қабының астында, кейде одан тыс, бұлшық ет байламдары астында орналасады. Мысалы, тізе буын үстінде орналасқан және буынға бұлшық ет сіңірлері арқылы бірігіп тұрады. Аяқтағы үлкен саусақтың осындай сүйегі буын қабының ішінде болады. Мұндай сүйектер буын бетін арттыруға, оны едәуір тұрақты етуге мүмкіндік береді.

Дереккөздер

Tags:

СіңірЦилиндрЭллипс

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ФилософияСинтаксисӘбу Насыр Әл-ФарабиҚажығали МұханбетқалиұлыҚазақ билеріҚұлақҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Жүсіпбек АймауытовЕсік Алтын адамыСенсорлық жүйеТыныс алуҚаратпа сөзЖанрҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіII ЕкатеринаАлтын Орда тарихыФариза ОңғарсыноваХан ШатырХиуаз Қайырқызы ДоспановаБалықтарКиіз үйАстрономияТабиғи сұрыптауҚоқиқаздарАдам даму индексіҚазақтың ұлттық тағамдарыСталинград шайқасыПартеногенезОмонимМеталдарҚызғалдақЕсім ханАтом ядросыХалықаралық қақтығыстарЭкстремизмОтырар апатыЖұмбақтасҚасым ханның қасқа жолыФранцияТәттімбет ҚазанғапұлыІлияс ЖансүгіровХалықаралық валюта қорыМұхаметжан ТынышбайұлыЕжелгі Рим мәдениетіҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміАлғашқы көмекЛенинград шайқасыДыбыстың қаттылығыТемпераментҚытай қорғаныҚазақ театрыҚазақстан өсімдіктеріАлтын Орданың хандарының тізіміТабиғатТас дәуіріҚазақстанның мұнай өнеркәсібіБір жасушалыларАхмет БайтұрсынұлыАйдын Ақанұлы АйымбетовСаяси режимЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріҚазақстандағы көмірДамыған елдерҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніОтын-энергетикалық кешенМахамбет ӨтемісұлыШоқжұлдызҚазақстан музейлеріЖеңіс күніІшкі саясатБиотехнологияҚұбыр желісіАтомҚазақстан өзендеріҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміБалқаш🡆 More