Биіктік Белдеулігі

Биіктік белдеулігі , тік белдемдік – тау биіктігіне байланысты табиғат құбылыстарының белгілі заңдылықпен өзгеруі.

Биіктік артқан сайын күн радиациясы күшейеді, бірақ ауа температурасы (1 км биіктікте 5 – 6°С-қа) мен қысымы (11 – 15 м биіктікте 1 мм-ге) төмендеп, құрамы өзгереді; белгілі бір биіктікке (жауын-шашынның ең көп түсетін белдеуі) дейін ылғалдылық көбейе береді де, одан жоғары қайтадан азая бастайды. Климаттық белдеуге байланысты таудағы топырақ, өсімдік, жануарлар, жиналатын судың мөлшері, тіпті жер бедері, яғни бүкіл ландшафт өзгереді. Таудың ең төменгі белдеуінің ландшафтысы сол тау жатқан ендік бағыттағы белдемге сәйкес болады. Мысалы, Орта Азиядағы таудың етегінде шөлді ландшафт, одан жоғарыда шөбі шүйгін дала, одан әрі орманды белдеу, бұлардан жоғары альпі шалғыны, ең жоғарыда көп жылдық қар мен мұздықтың нивальдық белдеуі жатады. Көптеген жергілікті жағдайларға, тау беткейлерінің экспозициясына және желдердің соғуына байланысты Биіктік белдеулігі әр түрлі биіктікке сәйкес келеді. Биіктік белдеулігі Қазақстан тауларының барлығында дерлік тараған және ол солтүстіктен (Алтайдан) оңтүстікке қарай (Тянь-Шань тауларына дейін) әр түрлі Биіктік белдеулігі құрып отырады. Егер таулық орман белдеуі Алтайда 700 – 900 м биіктікте болса, Жетісу (Жоңғар) Алатауында 900 – 1100 м, Іле Алатауында 1200 м биіктіктен басталады. Қазақстанда Іле өзені аңғарынан (400 м) басталып, Талғар шыңына дейін созылып жатқан Іле Алатауының Биіктік белдеулігінде Жер бетіндегі табиғат белдеулері түгел кездеседі. 200 км-ге созылған табиғаттың ғажап Биіктік белдеулігі үлгісі Р.И. Аболиннің 1930ж. шыққан «Балқаш өңірінің шөл даласынан Хантәңірі қарлы шыңына дейін» атты еңбегінде баяндалған.

Дереккөздер


Tags:

1930ІлеІле АлатауыАлтайБалқашБиіктікЖануарларЖерЖер бедеріЖетісуЛандшафтМұздықОрманОрта АзияРадиацияТалғарТауТопырақХантәңіріЫлғалдылықҚазақстанҚар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Алаш партиясыҚарағанды облысыҚапшықталған рецепторларРобототехникаБөлшектенуҚазақстандағы су тасқыны (2024)Тәуке ханТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновТәуелдік жалғауБіріккен Ұлттар ҰйымыИнвестицияҚарағанды металлургия комбинатыЭкстремизмЭлектр тогыПартеногенезМүктәрізділерАқмола облысыӘпке (драма)Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыСинекдохаТранспортирҮш Жүз партиясыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіТағамның маңызы, құрамы және қызметіҚаһарАс қорыту жүйесіҚұстарКөзімнің қарасы...Жұқпалы ауруларДина Кенжеқызы НұрпейісоваБабырКорея РеспубликасыБайқоңыр (ғарыш айлағы)ӨнеркәсіпТұлғаҚазақстан Республикасының КонституциясыАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыАдамаралық қарым-қатынасКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысАтомКөміртегі316-атқыштар дивизиясыХордалыларЮпитерКөнерген сөздерҚазақ театрыҚажығали Мұханбетқалиұлы28 гвардияшыл- панфиловшыларӘлем елдерінің тізіміҚазақстандағы саяси партияларБейімделуЭкологиялық пирамида ережесіАлаш қозғалысыАдам даму индексі бойынша елдер тізіміХан ШатырҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚорықҚазақстан аудандарыҒылыми стильДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларАфрикаМұхтар Мұқанұлы МағауинМиДрамаШәкәрім ҚұдайбердіұлыАбай жолы (роман)Сырым ДатұлыЭкологияТұқым қуаламайтын өзгергіштіктерГүлді өсімдіктерАмерика Құрама ШтаттарыҚазақстан астанасыОғыз мемлекетіБасты бетСөз таптарыЖүрек ауруларыКерей хан🡆 More