Биіктік Белдеулері

Биіктік белдеулері, вертикал белдеулер — бірінен кейін екіншісі кезектесіп орналасқан, табиғат жағдайларының бүкіл кешені бойынша біршама біртекті, кейде үзілмелі болып келетін таулардағы ландшафт өңірлері (атыраптары).

Бір беткейді немесе бүкіл тау жүйесін қамтитын үлкен аумақта созылып жатады (мысалы, Тянь-Шань тауларындағы орманды-шалғындық, далалық, субальпілік, гляциалдық-нивалдық биіктік белдеулері).

Биіктік Белдеулері

Биіктік белдеулік — таудың биіктігіне қарай климат өзгеруі. Негізінде климаттың биіктік бойынша өзгеруімен, дәлірек айтқанда, ауа температурасының (орта есеппен, биіктеген сайын 5°С-қа), тығыздығының, қысымының төмендеуімен, Күн радиациясының қарқындылығының артуымен, сондай-ақ (2-3 шақырым биіктікке дейін) бұлттылық пен жылдық жауын-шашынның көбеюімен байланысты болады.

Қазақстанда

Қазақстан тауларында биіктік белдеулер Алтай тауынан оңтүстіктегі Батыс Тянь-Шаньға қарай біртіндеп биіктей береді. Тау орманы Оңтүстік Алтайда 700 – 900 м, Жетісу Алатауында 900 – 1100 м, Іле Алатауында (Тянь-Шаньда) 1200 – 1400 м биіктікте өседі. Бұл таулы өлкенің географиялық орнына, ендігіне, биіктігі мен беткейлерінің сипатына, ылғалды желдің мөлшеріне, т.б. байланысты. Алтай тауына Сібір мен батыстан келетін ылғалды жел, Тянь-Шань тауларына Ауғанстан мен Иран жақтан соққан аңызақ жел әсер етеді. Сондықтан Қазақстан тауларындағы биіктік белдеулерінің өз ерекшеліктері (топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі) бар. Айналасындағы жазықпен салыстырғанда тау табиғатының өзгеше болуына температураның биіктеген сайын суынып, ылғалдылықтың көбеюі ықпал етеді, оның климатындағы айырмашылықтың себебі осында. Қазақстан тауларында 6 биіктік белдеу бар. Бұл биіктік белдеулер тек Іле Алатауында ғана түгел кездеседі, басқа тауларда 5 белдеу бар, яғни альпі шалғыны белдеуі болмайды.

Белдеулер

Тау етегіндегі шөлейт белдеу Іле Алатауы, Жетісу Алатауы және Оңтүстік Алтай тауларының етегінде анық байқалады. Ол Алтайдың солтүстік-батысында далаға, Тянь-Шаньның батысында шөлге ұласады. Бұл белдеудің абсолютiк биіктігі 1300 м, негізінен кайнозойдың лëсс-құмдақ шөгінділерінен түзілген, еңіс келген жазық. Климаты шөлейт, қысы жылы, жазы ыстық, жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм. Өсімдігі селдір, сұр топырақта қау, жусан, бетеге, бұйырғын, итсигек, баялыш, ебелек, теріскен өседі. Мұнда тышқан, тасбақа, жылан, кесіртке, шаян, қарға, қарақұс, түлкі мекендейді. Тау етегіндегі шөлейт белдеуді шаруашылық қажетіне бейімдеу оның табиғатын мүлде өзгерткен, сондықтан оны «мәдениетті зона» деп те атайды.

Таудың дала белдеуі 1000 – 2000 м биіктік аралығында, әлі бекімеген шөгінділер мен палеозойлық тау жыныстарынан құралған. Климаты қоңыржай континенттік, жауын-шашын мөлшері 400 – 600 мм. Қоңыр топырақты және шіріндісі мол қара топырақты келеді. Дала өсімдігі, шалғын, бетеге, қау, жоңышқа, т.б. өседі.

Таудың шалғынды орман белдеуі Оңтүстік Алтай, Жетісу (Жоңғар) және Тянь-Шань тауларында 800 – 1300 м-ден 2800 м-ге дейінгі биіктік аралығында жатады. Бұл таулардың беткейлері өзен аңғарларымен қатты тілімденген. Жауын-шашын мол, жылдық орташа мөлш. 800 – 1000 мм. Орман көбіне таудың солтүстік беткейінде өседі. Орманды белдеудің етек жағын ала жалпақ жапырақты алма, өрік, жаңғақ, ақ қайың, терек ағаштары және шалғын, ал жоғары жағын ала пихта, қарағай, шырша өседі. Бұл белдеуде қасқыр, борсық, түлкі, тиін, қоян, т.б. мекендейді.

Таудың субальпілік белдеуі орманды белдеуден жоғары жатады. Алтайдың солтүстік-батысында 2000 м, оңтүстік-шығысында 2400 м, Тянь-Шань тауларында 3000 м биіктіктен басталады. Алтайдағы бұл белдеуде Алтай қарабас шалғыны, манжетка, аю балдырған, түлкіқұйрық, тарғақшөп өседі. Одан жоғары мүк пен қына өсетін тырбық, қисық бұталар, түркістан аршасы кездеседі. Ал Жетісу (Жоңғар) Алатауының осы биіктігінде тау шалғыны бар.

Таудағы альпілік белдеу Солтүстік Тянь-Шань тауларында 2800 – 3200 м биіктікте. Топырағының шіріндісі мол (12 – 15%), альпілік шалғын хош иісті сан алуан гүлге бай. Шөбі малға жұғымды жайлау. Алтайда, Жетісу (Жоңғар) Алатауында бұл биіктікті нивальдық белдеу алып жатыр.

Нивальдық белдеу (мәңгілік қар белдеуі) Солтүстік Тянь-Шань тауларында 3200 м-ден 5000 м-ге дейінгі аралықта. Жер бедері биік шың, жартасты, құлама болып келеді. Беткейлерін үйме қорым тас, көп жылдық мұз бен қар басып жатады. Өсімдік өспейді, жануарлар мекендемейді.

Дереккөздер

Tags:

ЛандшафтТабиғатТауТянь-Шань таулары

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Оңтүстік АмерикаТас дәуірі1921-1922 жылдардағы ашаршылықСуТермин1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанАстрономияТуберкулезГемоглобинҚазақстан 2050Қазақстанның кен ресурстарыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыЖерГаз өнеркәсібіЖұлдызІшкі саясатӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалел ДосмұхамедовСутегіҚыпшақтарЖасанды интеллектҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміЖер сілкінуКонституцияҚарақұмықӘпке (драма)ЭмбрионНегіздерАҚШ экономикасыИнтернетКүйАшаршылықСаяси мәдениетҚазақтың ұлттық тағамдарыЕділ қағанТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновЕтістікҚытай Халық Республикасы экономикасыЛенинград шайқасыПублицистикалық стильҰйғырларМеталдарСәкен СейфуллинАсқорыту мүшелеріҚасым ханның қасқа жолыАйша бибі кесенесіТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыДәрілік өсімдіктерҚазақстандағы ұжымдастыруНұралы ханШерхан Мұртазаұлы МұртазаТырнақшаҚасқырКөміртегіПедагогикаӨзбекстанҚыстырма сөзСемей полигоныЖуніс СахиевҚазақстан экономикасының тарихыАмерикадағы азамат соғысыТуризмҚұлақСпартак көтерілісіПневмонияТолықтауышӘсет НайманбайұлыШымкентАИВ/ЖИТСЕртісPythonБатыс ҚазақстанЖылқы малының атауларыТәуелдік жалғауЖарықЭлектромагниттік толқындар🡆 More