Баспана

Баспана

  1. адам тұратын үй, жай, қалқа немесе басқа архитектуралық құрылыс, ғимарат. Әр елдің ұлттық, тұрмыс-салт, кәсіби-мәдени, шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ, қоныстанған жерінің табиғи жағдайына бейімделуіне байланысты дүние жүзінде неше түрлі қызғылықты үлгілері қалыптасқан, яғни әр халықтың өз баспанасы бар. Мысалы, көшпелілердің, соның ішінде қазақ халқының көшіп-қонуға лайықталған киіз үйі және дәстүрлі қоржын тамы; орыс халқының бөренеден қиып салатын ағаш үйі, Карпат тауы баурайындағы гуцулдардың жуан бук ағашы бөренелерінен қиюластырылған үйлері, Чукот түбегіндегі тайпалардың бірнеше ағаш қаданың басын қосып байлап, үстін бұғы терісімен жапқан қосы — “яранга”, Жапониядағы жер сілкінісінің жиілігі ескеріліп, жеңіл нәрселерден жасалған үйлер, Кавказ тауы бөктеріндегі халықтардың тастақты тау беткейіне саты-саты етіп қашап салынған “саклалары”, әр түрлі лашықтар мен күркелер, т.б. Баспаналар жасалатын материалдары мен безендірілуі жағынан да қилы-қилы болып келеді. Өркениетті елдердегі қазіргі заманғы Баспана түрлеріне соңғы үлгідегі тұрғын үйлер, пәтерлер, мейманханалар, жатақханалар, т.б. түпкілікті немесе уақытша мекендейтін орындар жатады;
  2. табиғи апаттан, жаппай қырып-жоятын соғыс қарулары қаупінен уақытша бас сауғалайтын орын; әскер мен жұртшылықты сақтау үшін ағаштан, бетоннан, тастан, т.б. материалдан әдейі арнап салынған инженерлік құрылыс. Қандай мақсатта салынғанына байланысты қорғаныстық Баспаналардың бірнеше түрі болады. Арнаулы желдеткіш-сүзгі қондырғымен жабдықталған Баспаналар радиоактивті және бактериологиялық қарулардың зақым келтіруінен сақтайды. Баспананың ядролық қару әсеріне төтеп беру мүмкіншілігі жарылыс қашықтығына байланысты. Әскери Баспана әскерлер мен басқару нүктелері орналасқан аудандар мен мекендерде, тылда салынады. Олар штабтар мен басқару нүктелерінің, байланыс тораптары мен медициналық орындардың тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Елді мекендерде әскери-қорғаныстық Баспана ретінде, әдетте, тұрғын үйлер мен өнеркәсіп, мекеме ғимараттарының еденінің асты, үңгірлер, туннельдер, метрополитендер пайдаланылады.
Баспана
Көп пәтерлі үй
Баспана
Қазақ баспанасы

Дереккөздер


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АфрикаБәйтерек (мифология)Қазақтың XX ғасырдағы мәдениетіТаяу ШығысАбылай ханЖеті қазынаАйша бибі кесенесіҚазақ батырлар тізіміҰйқы безіТүркияНұралы ханАксонСәулетЖарықҚазақстанның тұңғыш мектептеріАстанаҚазан төңкерісіКітапханаБиомеханикаСөз тіркесіҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЭлектромагниттік индукцияБатыс ҚазақстанЖәңгір-Керей хан1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріАғзалар арасындағы байланыс түрлеріСемей полигоныҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныМинералСу көлігіСолтүстік ҚазақстанПатриотизмТөлеу сөзЗаңЖоспарлы экономикаДыбыстың сипаттамаларыҚоршаған ортаҚұндылықШаңырақҚарақұмықДінБату ханҚазақстандағы көмір кеніЗиготаҚызмет көрсету28 гвардияшыл- панфиловшыларБатыс Қазақстан облысыОттегіАлюминийТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевЕсімшеАққулар ұйықтағандаЕліктеу сөзБақытсыз ЖамалСүтқоректілерТөлеген ТоқтаровГаз өнеркәсібіМаңғыстау облысыНегіздерШоқан Шыңғысұлы УәлихановКүкіртСөз таптарыХалықаралық еңбек бөлінісіКварцҚызыл кітапСөйлемнің бірыңғай мүшелеріЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріБиосфераКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыАзаматтық қоғамМәдени мұраМұнай экспорттаушы елдер ұйымыАлкендерҚытай Халық Республикасы экономикасыҮндістанДауыссыз дыбыстарЖіктік жалғауАлматы қорығыЖоңғар шапқыншылығы🡆 More