Бала Құқығы

Баланың құқықтары - баланың заңды құқықтары.

Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.

Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің қүрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда немесе оның кажеттігі болмағанда ескеріледі.

Баланың құқықтары жөніндегі конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды.

Егер баланың әкесі анықталмаған жағдайда, оған есім — анасының айтуымен қойылады, баланың әкесі болып жазылған адамның аты оның әкесінің аты болады, ал тегі — анасының тегі болады.

Мысалы, қазақтарда өз балаларын әйгілеудің көптеген ырымдарға, т.б. мәнді оқиғаларға байланысты әрқилы түрлері болды. Ер балаларға қарағанда қыз балаларға көз тию онша әсер етпейді деп есептелді, сол себепті оларға ен әдемі, нәзік, айтуға жеңіл аттар таңдалады.

Ер балаларга ат кою басқаша болды, себебі өмір ауыртпалықтары ерлердің мойынына жүктелетін. Сондықтан бірінші кезекте олардың туған ошағы мен тегін қорғаушы, ал бейбітшілік кезеңде ел құрметтеген атақты адамдардай болса екен деп тіледі. Заң балалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын да бекітіп береді. Баланың құқықтарын қорғауды ата-аналары (асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар), қорганшы және қамқоршы органдар, coт, прокурор жүзеге асырулары тиіс. Заң балаларды әр түрлі қолсұғушылықтан, оның кадір-қасиетін қорлаудан, ата-анасы тарапынан болатын киянаттардан (ұрып-соғу, қаңғыбастыққа итермелеу) қорғайды. Біздің мемлекетімізде, әдеттегідей, құқығын қорғау үшін қамқоршы органдарға, сотқа жугіну керек.

Көптеген Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ-та, Канадада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата-аналарының дәрекі қылықтары, күш қолданып жөбірлеуі туралы хабарласса, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата-аналарынан айыппұл алады.

Баланың мүліктік құқығғы да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары мен отбасының өзге де мүшелерінен асырап-бағу үшін қаражат көмегін алуына байланысты. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-анасының атына келіп түседі, бірак олар балаларды асырап-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалуы керек.

! Заң баланың сыйлық ретінде немесе мұраға алған меншігінің; еңбекпен айналысып тапкан кіріс меншігінің; жекешелендірілген пәтер меншігінің болуына жол береді.

Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің ең тәуір түрі екендігін тани отырып, тәрбиенің отбасылың турінің артықшылығын заң жолымен бекітті. Қазіргі кезде балалар деревнясының, отбасылық балалар үйлерінің құрылып, өріс алуы кездейсоқ жай емес. Жас аналар (әдетте, студент немесе кәмелетке толмағандар) материалдық қиыншылықтары шешілгенше, жоғары оқу орнын бітіргенше, кәмелетке толғанша балаларын уақытша тәрбиелеуге бере тұратын Үміт үйі кұрылды. Мұндай аналардың өз балаларына келіп, кездесіп тұруына, қамқорлық жасауына тыйым салынбайды.

Мемлекет балаларға қамқорлық көрсете отырып, бала туғанда жәрдемақы телейді, көп балалы отбасыларына барынша көмектесіп отырады.

Ата-аналар өздерінің конституциялық міндеттерін еркімен орындамаған жағдайда, олардан алиментті мәжбурлеп өндіріп алу да мемлекеттің балалар құқығын қорғауының бір керінісі болып табылады.

Дереккөздер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АққуларПайғамбарТұқым қуалайтын ауруларИтЖеті қазынаТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыТүркістан автономиясыӘл-Кәусәр сүресіҚұқықБөкей ОрдасыБұқар жырау ҚалқаманұлыДамыған елдерДене жаттығуларыКСРО ыдырауыАхмет БайтұрсынұлыАвтомобиль түрлеріФутболҚұлпынайҚазақстандағы хандық биліктің жойылуыОғыз мемлекетіМақалаКіші жүздің Ресейге қосылуыМахамбет ӨтемісұлыАрал теңізіКөкбауырЕкінші Мемлекеттік ДумаҚазақстандағы ұжымдастыруЖұмбақтасЖатыр ауруларыЖәндіктерФранция Ұлттық кітапханасыӘбілхан ҚастеевАлгоритмҚожа Ахмет Ясауи кесенесіӨсімдіктерСөзАрыстан баб кесенесіАлаш автономиясыБронх демікпесіЖәнібек ханКелінжанҚос сөзЭндокриңді бездерҚазақстан халқы ассамблеясыКеңес Одағының БатырыТұрар РысқұловҰзынАқмола облысыМаскүнемдікАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыЖаңбырАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіЕрте токсикозБронхитМахмұд ҚашқариСырым ДатұлыНағашыҚазақстандағы саяси партияларАллаһАдамӨзін-өзі өлтіруБіржан ҚожағұлұлыХристиандықАлматыҚұранАсық ойыныӘлемдегі ең танымал кітапханаларӨлеңБуын (фонетика)Асқазан ауруларыМінезХиуаз Қайырқызы ДоспановаСыбайлас жемқорлықПневмонияТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновКөшпенділер (трилогия)Түркістан облысыЕсімдік🡆 More