Аңыз Әңгімелер

Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры.

Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi.

Кейіпкерлері

Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.

Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай – сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сараңдық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады. "Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші – әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйтуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды. Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", – деп аяқ астында оларды масқара етеді. Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен оқиға аяқталады. Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтынды алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.

Қазақ аңыздарының түрлері

Топономикалық аңыздар

Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен баланыстырылады. Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты немесе топонимикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір жағрафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз,т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады.

Аңыздар - халықтың ауызекі шығамашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды.

Махаббат хикаялар

Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары құрайды. Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткен оқиғалары жатады.

Батырлар туралы аңыздар

Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша орын алады. Бұлардың қатарына сақ патшайымы Томирис Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі сол уақыттан бері талай ықылым заман өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.

Тарихи аңыздар

Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың өзі а уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздарының бір тобы бар. Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады.

Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан шығарылған уақиғалар болғандықтан да-аңыз. Бір қызығы, әдеби немесе ғылыми шығармаларда мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше болатын тарихи тұлғаларға ,оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетінде Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай. Олардың өмірінде шын болғандығына кейбір зерттеушілер күмәнмен қарайды. Себебі олардың есімдері тарихи шежірелерден табылмай отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек-құжатпен дәлелдеу қиын.

Tags:

Аңыз Әңгімелер КейіпкерлеріАңыз Әңгімелер Қазақ аңыздарының түрлеріАңыз ӘңгімелерЕртегіКөркем шығарма

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЭтикаҚазақстанның экологиялық проблемаларыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыФосфорАнтропогендік факторҚанҚазақстандағы сауда және жәрмеңкелерБаяндауышАллергия1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБірінші Мемлекеттік ДумаҮстеуМутацияДәруменҚазақстан өзендеріСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыМенің атым Қожа (повесть)МейозҚұранКомпьютердің құрылғыларыЗікірМемлекетОм заңыЖүйке жүйесінің құрылысы, маңызыҚожаБесеудің хатыЖай сөйлем және оның түрлеріЖабайы алма (повесть)Асан қайғы СәбитұлыРеформация дәуірінің мәдениетіМысӘбу Насыр Әл-ФарабиТабиғатНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевСабын және синтетикалық жуғыш заттаpУнитарлы мемлекетХалел ДосмұхамедовҚазақстан көлдеріЭмоцияСалалас құрмалас сөйлемӘл-Кәусәр сүресіАшаршылықХақназар ханШылауКөшпенділер (трилогия)Асқар СүлейменовГалогендерДекларацияҚұлақКөкбауырАдайУлануҚазақстан 2030КөкжөтелМагниттікИнсультГендік инженерияҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыҚазақстанның Қызыл кітабыІсікҚызылорда облысыМорфология (лингвистика)ТопырақГипофизЖемқорлықЕсекжемЭлектр тогыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміТұсаукесерТәуекел ханИнтернетКөне түркі жазбаларыXIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капитализмнің дамуыКіші қанайналым шеңберіБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевЕртісСауд АрабиясыГайморитЖер қабығы🡆 More