Археологиялық Мерзімдеу

Археологиялық мерзімдеу – деректер бойынша зерттеліп отырған кезеңдер, оқиғалар мен ескерткіштердің уақытын, өзара хронология арақатынасын белгілеу.

Тарихи-жазба деректер, негізгі археология және жаратылыстану және техникалық ғылымдарының жетістіктерін қолдануына қарай археологиялық мерзімдеуді үш топқа бөлуге болады.

1-топқа зерттеу объектілеріне (жеке заттар, қалалардың мәдени қабаттары, елді мекендер, қалалар, үлкен аймақтар, белгілі оқиғалары) қатысы бар көне авторлардың (мыс., Геродот, Страбон, Сыма Цянь, тағы басқа) туындылары, белгілі бір уақытта патшалық құрған қайраткерлердің (Дарий, Күлтегін, Тоныкөк), қолбасы, тағы басқа бұйрығымен жасалған жазулар, эпиграмма, эпитафия, жарлықтар, тағы басқа құжаттар кіреді. Әсіресе, әр түрлі замандардың, алтын, мыс, күміс тиындарының орны ерекше. Бұл деректер қалалардың, елді мекендердің, әр түрлі археология ескерткіштердің уақытын дәлдікпен көрсете алады.

2-топқа стратиграф. және типтерге бөлу, салыстырмалы балама әдістері жатады. Белгілі бір мәдени қабаттан табылған зат көптеген элементтерімен ұқсас келесі аумақтық-мәдени тұрғыдан жақын бір затпен салыстырылса, осы екі ұқсас затпен бірге табылған басқа типтес ескерткіштер де бірімен-бірі салыстырылып, бір уақытта, бір технологиямен жасалынып қолданылғаны, одан әрі бір мәдени тұтастыққа жатқаны, тағы басқа анықталады.

3-топқа, жаратылыстану ғылымдары жетістігін пайдалану арқылы ескерткіштердің абс. жасын анықтау жатады. Солардың бірі – радиоизотоптық әдістерге жататын, әсіресе, көне тас дәуірлері ескерткіштерінің жасын анықтауда көп пайдаланатын калий-аргон, торий-230, актиндік радий әдістері. Қола, алғашқы темір дәуірлері ескерткіштерінің жасын анықтауда радий көміртегі әдісі кеңінен пайдаланылады. Қазақстанда осы әдіспен Үстірттегі Тоқсанбай энеолит-қола дәуірінің бекіністі тұрағы (3700 ± 80 жыл бұрын), Маңғыстаудағы Дікілтас обасы (б.з. 240 ± 40 жылы), тағы басқа анықталған. Бұлардан басқа дендрохронология (ағаштың сақиналарының өсу кезеңдері мен заңдылықтарына негізделген), ЭПР (электрондық парамагниттік резонанс), термолюминисценттеу, радиокарбон, тағы басқа әдістер қолданылады.

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Септік жалғауЖұмыссыздықСолтүстік ҚазақстанЖүйке жүйесінің құрылысы, маңызыҚажығали МұханбетқалиұлыНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіДәруменҚытайМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміЖеті қазына1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісОмонимАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріЖәнібек ханТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевҚымызЭлектр тогыТабиғи радиоактивтікҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыСаясатКиіз үйҚара металлургияҚазақ әліпбиіЕсілҚазақстан экономикасыАқбөкенБатыс ҚазақстанКөміртегіЭкстремизмРентген сәулелеріҚазақстан аудандарыАлматы облысыҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріҚалқанша безАхмет БайтұрсынұлыБидай (астық)БөлшектенуҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАқ Орда (мемлекет)Жіктік жалғауАнемияҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыЛаңкестік әрекетКөне түркі жазбаларыҚазақ хандығының құрылуыГермафродитизмОрганикалық қосылыстарСыбайлас жемқорлықТүйе малының атауларыГаплоидӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріӨмірзая (роман)Еділ қағанШығай ханСомалық жасушаларГамма-сәулелерҰрықтануҚан мен терҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіГеосаясатТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновХимиялық элементтердің периодтық жүйесіЖыныс мүшелерінің құрылысыСолтүстік Қазақстан облысыЛитосфералық тақталарӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановТәуекел ханБұлшықет талшығыКүнделік.кзОралхан БөкейҚыпшақ хандығыАлғашқы көмекЯдролық қаруҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыҚоректік тізбекЛеонардо да ВинчиДін философиясыАутизм🡆 More