Апиын Соғыстары

“Апиын” соғыстары – Батыс Еуропа елдерінің Қытайға қарсы жүргізген соғыстары.

Бірінші “апиын” соғысы 1840 – 42 жылдары болды. Соғысты Англия бастап, Қытайды тәуелді елге айналдыру мақсатын көздеді. 1840 жылы маусым айында басталған соғыстың сылтауы ағылшын отаршыларының контрабандалық жолмен сауда жүргізіп тұрған апиындарың1839 жылы Қытайдың үкімет комиссары Линь Цзэ-сюйдің жоюы болды. Ағылшын және Қытай әскери кемелерінің арасындағы қарулы қақтығыстар 1839 жылдың соңында-ақ басталып кеткен еді. 1842 жылы ағылшындар Сянган (Гонконг) аралын, Динхай, Нинбо, Сямынь, Шанхай, Чжэньцзян қалаларын басып алды және 1842 жылы тамызда Нанкинге таяп келді. Қытай халқы басқыншыларға қатты қарсылық көрсетті (Гуандуньдегі шаруалар қозғалысы). Алайда Цинь үкіметі елді қорғауды ұйымдастыруда қабілетсіздік танытып, халықтың қолдауын пайдалана алмады. 1842 жылы 29 тамызда Нанкин бітіміне қол қойылды.

Екінші “апиын” соғысына (1856 – 60 жылдары) Англиямен бірге Франция да қатысты. Қытайдағы азамат соғысын (Тайпиндер көтерілісі) пайдаланып, Англия 1856 жылы Гуанчжоу ауданында әскери қимылдарын бастады. 1857 жылдың басында оған Франция қосылды. 1858 жылы әскери қимылдар астаналық Ужили провинциясының аумағына ауысты. 1858 жылы мамырда ағылшын-француз армиясы Дагу портын басып алып, Тяньцзинь мен Пекинге қауіп төндірді. Қытай үкіметі Англия және Франциямен кіріптарлық шарт жасасуға мәжбүр болды. Бір жылдан кейін Қытайдан жаңа жеңілдіктер алу мақсатымен Англия мен Франция соғыс қимылдарын қайта бастады. 1860 жылы тамызда ағылшын-француз әскерлері Тяньцзиньді, қазанда Пекинді басып алды. Қытай үкіметіне жаңа кіріптарлық шарттар таңылды “Апиын” соғыстары Қытайдың жартылай отарға айналуындағы маңызды кезең болды.

Сілтемелер

Дереккөздер

Tags:

АнглияАпиынАғылшынГонконгГуандунЕуропаКонтрабандаКөкнәрЛинь Цзе-сюйНанкинСаудаШанхайҚытайҮкімет

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қызылша (медицина)Тұрар РысқұловЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚуық түбі безінің қабынуыДомбыраЕжелгі ГрекияИнсультМетафораИталияРамазан (ай)Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері1868—1870 жылдардағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресіЭндокриңді бездерӘлемнің жеті кереметіСалқам Жәңгір ханЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетИғтикафКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыСөз табыҚожа Ахмет ЯсауиАңырақай шайқасыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміАльдегидтерҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыБүйректің созылмалы жетіспеушілігіҚасым ханАуызекі сөйлеу тілінің стиліМақал-мәтелдерЖаһандануАнтропогенезҚазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуыГипоксияТұрақты сөз тіркесіОперациялық жүйелерБиология1921-1922 жылдардағы ашаршылықҚажымұқан МұңайтпасұлыЖапонияАқпараттық қауіпсіздікӘл-Бақара сүресіӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Microsoft ExcelСаяси партияТөменгі сатыдағы өсімдіктерӨркениетФосфорБейімбет Жармағамбетұлы МайлинЕңлік — Кебек (пьеса)Дулат БабатайұлыАуыл шаруашылығыТүрік қағанатыЗар ЗаманОбъектіге-бағытталған бағдарламалауСерверСаяси жүйеПітір садақаҚанКорея РеспубликасыТолқындық қозғалысАлюминийТүркияТуыстық атауларыПсихологияСаяси мәдениетСабынҮтір намазыАурухана ішілік инфекцияІлияс ЖансүгіровРевматизмТамыр (өсімдік органы)Көлденең жолақты ет ұлпасыГеографиялық картаКальций18 ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарҚысымКүйзелісҚазақстандағы ұжымдастыруҚұндылық🡆 More