Naver

Naver(Хангыль:네이버) - Оңтүстік Кореядан бастау алатын танымал іздеу жүйесі.

(мамыр 2019)

1999 жылы өзіндік іздеу жүйесін жүзеге асырған әрі қолданған алғашқы веб-портал ретінде отанында жарық көрді. Сонымен қатар, ол түрлі санаттардан іздеу нәтижелерін жинайтын және оларды бір бетте ұсынатын кешенді іздеу функциясын енгізген әлемдегі бірінші оператор болып саналады. Ашылғаннан бері Naver электрондық пошта мен жаңалықтар сияқты негізгі қызметтер мен дүние жүзі бойынша бірінші онлайн сұрақ-жауап платформасымен (Q&A platform Knowledge iN) толықтырылды. 2017 жылдың қыркүйек айында өткізілген сауалнама нәтижелері Naver жүйесінің Корея Республикасындағы веб-ізденістердің 74.7%-ын қамтитынын және 42 миллион тіркелген пайдаланушы бар екенін айқындатты. 25 миллионнан астам кореялықтар Naver-ді үндемелі браузердің бастапқы беті ретінде сақтаған, ал мобильді жүктемеге күніне 28 миллион кіреді. Сондай-ақ Naver "Оңтүстік Кореялық Google" деп аталып кетті.

Тарихы

Naver 1999 жылдың маусым айында жеке тәуелсіз іздеу жүйесіне жүгінетін алғаш Оңтүстік Кореялық вебсайт ретінде шығарылды. 2000 жылдың тамызында Naver «кешенді іздестіру» қызметін ұсынды, бұл пайдаланушыларға іздеу сұранымының түрлерін, блогтарды, веб-сайттарды, бейнелерді, кафелерді және т.б. қоса алғанда бірыңғай беттегі әр түрлі нәтижелерді алуға мүмкіндік береді. Осы идея Google компаниясы өзінің "әмбебап іздеу" атты бірдей қызметін жариялауынан 5 жылға бұрын іске асырылды. Алғашқы күндерде платформада корей тіліндегі қол жетімді веб-парақшалардың салыстырмалы жетіспеушілігі мәселесі орын алды. Бұл кемшілікті толтыру үшін 2002 жылы "Knowledge iN (Хангыль:네이버 지식인)" қызметін құрастырып, пайдаланушылар контентінде ізашарға айналады. Knowledge iN-ді тұтынушылар кез-келген тақырыптағы сұрақтар қойып, ең ұтымды жауап берген пайдаланушыларға арнайы баллдар беру мүмкіндігіне ие. Knowledge iN Yahoo! компаниясы ұсынған "Yahoo! Answers" ұқсас сұрақ-жауап қызметінен 3 жыл бұрын жұмысын бастады. Бүгінгі таңда дерекқорында 200 миллионнан астам жауаптар сақталған. Уақыт жүрісімен бірге ұсынатын қызметтер саны өсе берді. 2004 жылы веб-комик, ал 2005 жылы жеке блог қызметтерін іске қосты. 2005 пен 2007 жылдар аралығында Naver компаниясы музыкалық, бейне, мобильді іздеу қызметтерін кеңейтіп жақсарттты.

Junior Naver

Junior Naver (Хангыль:쥬니어 네이버), сондай-ақ Juniver (Хангыль:쥬니버) деп те белгілі, Yahooligans-ге ұқсас болып келетін балаларға арналған веб-сайт порталы. Junior Naver аватарлар, білім беру, викториналар, бейне баяндар, сұрақжауап және үй тапсырмасын орындаудағы көмекші сияқты қызметтерді ұсынады. Juniver балаларға арналған қауіпсіз ғаламтор ортасын қамтамасыз ету үшін зиянды мазмұнды сүзгілеу үшін сарапшылар мен оқытушылар тобы жұмыс жасайды. Бәсекелестері Daum Kids пен Yahoo Kids жабылған сәттен бастап, Junior Naver Кореяда жұмыс істейтін жалғыз балалар порталына айналды.

Naver Webtoon (Хангыль:네이버 웹툰) - бұл кәсіби романшылар шығаратын веб-тораптарға еркін қолжетімділік беретін веб-платформа. Пайдаланушылар роман шығарушыларға қосалқы төлеу арқылы кітаптар мен қалаған жанрдағы шығармаларды онлайн оқу мүмкіндігін иеленеді. Naver әуесқойларға өз жұмыстарын жариялауға және көтермелеуге мүмкіндік беретін «Challenge» бөлімін енгізді.

Naver Cafe (Hangul: 네이버 카페) - бұл Naver пайдаланушыларына өздерінің интернет-қауымдастықтарын құруға мүмкіндік беретін қызмет. 2017 жылдың мамыр айынан бастап 10,5 миллион "кафе" жұмыс істейді.

Naver Blog (Хангыль:네이버 블로그) 2003 жылдың маусымында «қағаз» деген атпен өз жұмысын бастады және 2003 жылы қазан айында «блогқа» айналды. 2016 жылдың сәуір айындағы санақ бойынша оның 23 миллион пайдаланушысы бар болғаны жарияланды.

Naver TV Cast - бұл Навер шығарған веб-драмаларды көруге арналған веб-эфир желісі.

Naver сөздігі ағылшын, корей, қытай, жапон, ғаламдық коммуникация, вьетнам, өзбек, индонезиялық, тай, араб, камбоджи, тамил, моңғол, хинди, парсы, непал, суахили, француз, неміс, испан тілдерін қоса алғанда 34 тілге аударма жасайды. 2017 жылдың мамыр айына дейін орыс, итальян, латын, португал, түрік, грузин, албан, украин, румын, голланд, швед, венгр, поляк және чех тілдерінде қолжазбаларды тану жапон және қытай тілдерінде қолданды. Naver түсіндірме сөздіктерді дамытуға 10 миллиард корей вон көлемінде қаржыландыруды жоспарлауы жайлы жаңалықпен бөлісті.

«Naver Encyclopedia» түрлі дереккөздерден алынған 3 миллионға жуық жазбаларды қамтитын кәсіби дерекқордан тұрады. Физика, азық-түлік, кино және басқа да салаларда 1000-нан астам кәсіби мамандар Naver-дің энциклопедиясында 45 түрлі шығармаларды басып шығарады және 50 000 атаулар жинақталады. «Naver Knowledge Encyclopedia»-де 100-ден астам мемлекеттік мекемелер жұмыс істейді және 900-нен астам БК-ны алады.

Дереккөздер

Naver [1]

Tags:

Naver іздеу жүйесіNaverСанат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МәтінЧарлз ДарвинҚасым ҚайсеновҚанды жөтелЖұрнақСептік жалғауБауыр (орган)Көз ауруларыМамыргүлАдайТұқым қуалаушылықТатарларЖеті қазынаҚасым АманжоловИса МәсихҚазақстан тарихыЕсім ханның ескі жолыАзияЖұмбақтасРақымжан ҚошқарбаевЖабайы алма (повесть)Қоршаған ортаЖайықСүреКөзімнің қарасы...Морфология (лингвистика)Екінті намазыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҰлуларАлаш партиясыМәшһүр Жүсіп КөпейұлыProxy serverБала құқықтары туралы конвенцияЖетіқарақшыАммиакРесейҚазақ ұлттық киімдеріАутизмШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовАлматы қорығыШыңғыс ханАлматыГендік модификацияланған ағзаҚазақстандағы көмірГалогендерБастауышЖаужүрек мың бала1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықЖүсіп БаласағұниДара сөздер мен күрделі сөздерАдам қаңқасыОңтүстік АмерикаІлияс ЖансүгіровСалқам Жәңгір ханЖалаңтөс Баһадүр СейітқұлұлыСақтарҚан қысымыБуын үндестігіТәуелдік жалғауСүтқоректілерҚарлұқ қағанатыБесікке салуҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныИслам күнтізбесіТолықтауышМәулидӨмірзая (роман)Йохан КуккАсқазан ауруларыАҚШ президенттерінің тізіміМұнай экспорттаушы елдер ұйымыӨңеш обырыТырысқақҒұндар мемлекетіШөмекейЖерҚазақстан және БҰҰБіріккен Араб Әмірліктері🡆 More