Қызғылт Бірқазан

Қызғылт бірқазан (лат.

Pelecanus onocrotalus) — Бірқазандар тұқымдасының Бірқазандар тегінің аз санды, шектеулі жерлерде ұя салатын түрі.

Қызғылт бірқазан
Қызғылт Бірқазан
Амандық күйі
Қызғылт Бірқазан
Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Ескекаяқты құстар
Тұқымдасы: Бірқазандар тұқымдасы
Тегі: Бірқазандар
Түрі: P. onocrotalus
Екі-есімді атауы
Pelecanus onocrotalus
Linnaeus, 1758
Қызғылт Бірқазан
Pelecanus onocrotalus

Саны бірте-бірте кеміп бара жатыр. Қазақстанда бұрын кең таралған болатын, қазір оның оңашаланған ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде, Наурызым қорығында, Балқаш көлінде және Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған. Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік ететіндері 8 мыңдай. Санының азаю себептері-заңсыз аулаушылық, өрт, ұя басу кезінде мазалау. Іленің атырауында қорық ұйымдастырып, Торғайдың мерзімді қорығын нағыз қорыққа айналдыру керек. Бұл бірқазандардың мекенінің маңайында қандай да бір шаруашылық жұмыстарды тиып, оны заңсыз аулаушыларға қарсы күрес шараларын жүргізу керек

Статусы

1-ші санат. Жойылып кету қаупі бар түр. КСРО Қызыл кітабына тіркелген (1978; 1984).

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

ТМД фаунасындағы туыстың 2 түрінің бірі.

Таралуы

Экваториальді Африка, Жерорта теңізі, Дунай атырабы, Парсы шығанағы: Таяу Шығыс елдері – Индияға дейін. Қазақстанда соңғы 25 жылда Сырдария өзенінің төменгі ағысы мен Арал теңізінде ұялауын тоқтатып, Торғай ойысындағы бұрынғы таралу аймағына қоныстана бастады. Қазіргі кезде Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауында, Сырдария өзенінің орта ағысында, Балқаш көлінде, Іле және Тентек өзендерінің атыраптарында, Сасықкөл мен Қара Ертіс өзенінің аңғарында ұялайды.

Мекендейтін жерлері

Ну қамыс өскен үлкен суқоймалары.

Саны

Қазақстанда 4 мыңдай жұбы, оның ішінде Каспий жағалауында, Жем өзенінің бастауында, 400-ден аса жұп (1990 ж.), Торғай ойысында – 500-1000 жұп (1985-1988 жж.), Наурызым көлдерінде 150-дей жұп, Іле өзенінің атырабында және Балқаш көлінің аралдарында 1984-1989 жылдары – 12,5-2 мың жұп, Алакөл ойпатындағы көлдерде – 150-200 жұп, Қара Ертіс өзенінің атырабында 1985 жылы 300-дей жұбы, ал 1990 ж. – бар-жоғы бірнеше ондаған жұп ұялады.

Негізгі әсер ететін факторлар

Өзендердегі су ағынын реттеуге байланысты мекендейтін жерлерінің тозуы, суқоймаларының гидрологиялық режимінің өзгеруі және химиялық ластануы: балықтар қорының азаюы, қамыстарды шабу және өртеу; қаскерлік (браконьерство) және шоғырларында мазалау факторы.

Биологиялық ерекшеліктері

Қазақстанда – жыл құсы. Ұялау шоғырлары (колониялар) – жүз не мың жұп болса да бұйра бірқазан және үлкен суқұзғынымен жиі бірге болады. Ұялары – құлаған қамыс үстінде, сирек – жерде (аралдарда). 1-3 жұмыртқа салады, екеуі бірге шайқайды, балапандары 33-39 күннен соң жұмыртқадан шығады. Қанатына қонғанға дейін ұяда бір ғана балапан тірі қалады. Балықпен қоректенеді.

Қолда өсіру

Қазақстанда қолға алынбаған.

Қабылданған қорғау шаралары

Наурызым және Алакөл қорықтарында, сол сияқты кейбір қорықшаларда қорғалады.

Қажетті қорғау шаралары

Іле, Қара Ертіс өзендерінің атыраптарында, Торғай мен Ырғыз өзендерінің аңғарларындағы көлдерде қорықтар ұйымдастыру. Құсмұрын және Сарықопа көлдеріне халықаралық маңызы бар жерлер статусын беру, олардың гидрологиялық режимдерін жеткілікті түрде бақылау. Торғай мен Сарықопа қорықшаларында ұялау кезеңінде шоғырларды аралау және қамыс дайындауға тиым салу, бұл жерлерде және Құсмұрын көлінде негізгі балық аулауды қысқы мерзімге ауыстыру

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

Бірқазандардың мекендейтін жерлерінің жағдайына, орналасуына және санына мониторинг жүргізу.

Дереккөздер


Tags:

Қызғылт Бірқазан СтатусыҚызғылт Бірқазан Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызыҚызғылт Бірқазан ТаралуыҚызғылт Бірқазан Мекендейтін жерлеріҚызғылт Бірқазан СаныҚызғылт Бірқазан Негізгі әсер ететін факторларҚызғылт Бірқазан Биологиялық ерекшеліктеріҚызғылт Бірқазан Қолда өсіруҚызғылт Бірқазан Қабылданған қорғау шараларыҚызғылт Бірқазан Қажетті қорғау шараларыҚызғылт Бірқазан Зерттеу жөніндегі ұсыныстарҚызғылт Бірқазан ДереккөздерҚызғылт БірқазанБірқазандарЛатын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ГерманияКөне түркі жазбаларыБаланы қырқынан шығаруТұқым қуалаушылықТөтенше жағдайЖыныстық жасушаларГенЫңғайлас салалас сөйлемАмерика Құрама ШтаттарыНаурыз мейрамыАрыстан баб кесенесіТел өскен ұлҚазақстанның Қызыл кітабыҚарағайОңтүстік АмерикаМәдениетМикеланджелоҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыКанадаҚазақстандағы транспортСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовШәкәрім ҚұдайбердіұлыАс қорыту жүйесіЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларСан есімТоталитаризмТемірқазықТәуелдік жалғауМодернизмҚазақстан қалаларыКеңес үкіметіҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАйша бибі кесенесіБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевҚаратпа сөзБарыс (жануар)Ежелгі РимҚазақстандағы ұжымдастыруЛаңкестік әрекетТалғаулы салалас құрмалас сөйлемЖасушаЖоңғар шапқыншылығыКіші жүздің Ресейге қосылуыКүкіртРаушангүлділерҚаһарҚазақстан экономикасының тарихыТеодолитШарын шатқалыКөшбасшылықЛоренц күшіНорвегияТерроризмОрталық жүйке жүйесіӘл-ХорезмиҚояндарБуддизмДүниежүзінің табиғат ресурстарыСыбайлас жемқорлықКүн жүйесіндегі кіші денелерАмерикаКөнерген сөздерСырым ДатұлыҚазақтың 500 ән-күйіӨкпеҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыЖасушаның бөлінуіЖәңгір-Керей ханНарықтық экономикаМедеуБаскетболБейімбет Жармағамбетұлы МайлинҚазақтарЗәр шығару жүйесіМұхтар Мұқанұлы МағауинДемократияЖер құрылымы🡆 More