Қызамық

Қызамық (лат.

Қызамықпен ересек адамдардан гөрі балалар (әсіресе 2 — 10 жас аралығында) жиі ауырады. Ауру науқас адамнан сау адамға жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіру кезінде қақырық, түкірік шашырағанда жұғады. Сондай-ақ, науқас баланың ойыншығы, ыдыс-аяғы, т.б. арқылы да таралады. Қызамықпен бір рет ауырған адам екінші рет ауырмайды. Қызамықпен бұрын ауырмаған жүкті әйелдер сақтануы керек (әсіресе, алғашқы 3 айда), жұқтырған жағдайда құрсақтағы нәрестенің өміріне зиян келуі, не әйел түсік тастауы мүмкін.

Аурудың жасырын кезеңі 11-21 (орта есеппен 16-21) күнге дейін созылады. Алғашқы кезде жөтеліп, тұмауратқан сияқты болады. Сонан кейін желке тұсында, құлақ айналасы, лимфа түйіндері ісіне бастайды. Басы, тамағы ауырып (баспа), асқа тәбеті болмай, құсады. 1 — 2 күннен кейін алдымен бетке, сонан соң қолтық, шапқа бозғылт-қызғылт майда дақты бөртпелер шығады. Бұл кезде дене қызуы 38 — 39С-қа дейін көтеріледі. Науқас баланың екі беті, көмекейі қызарып, бадамша безі ісінеді, қан қысымы көтеріліп, қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер) көбейеді, зәрінде белок пайда болады. Ауру асқынғанда дене қызуы 40С-тан асып, науқас сандырақтап, іші өте бастайды. Қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы нашарлайды, тамақ асты және жақ асты безі ісініп, құлағынан іріңді бұлық ағады. Сондай-ақ, ол асқынып науқас менингит, мастоидит, гайморит, лимфаденит, нефрит, т.б. ауруларға шалдығуы мүмкін. Қызамықтың жоғарыда айтылған белгілері 4 — 5 күннен кейін басылады. Дене қызуы қайтып, бөртпелер азайып, қабыршақтанып терісі түсе бастайды. Баланың көңіл күйі жақсарып, асқа тәбеті ашылады.

Емі — ауру білінісімен балаға витамині мол тағамдар беру, антибиотиктер ішіп, қан құю керек. Аурумен бірге болған жүкті әйелдерге иммунды-глобулин егеді. Науқас жатқан бөлме таза ұсталып, гигиеналық талап қатаң сақталуы керек.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Scarlet fever


Tags:

Латын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Компьютерлік вирусТатулықАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыҚазақстанның тұңғыш мектептеріОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыАлтынемел ұлттық паркіЭкстремизмКиелі жануарларАқбөкенЖұлын жүйкелеріМахаббат, қызық мол жылдарСалалас құрмалас сөйлемҒабиден МұстафинҚиялАксонТемпераментЭстрогенАрыстанАсқорыту мүшелеріТау жынысыДүниежүзінің табиғат ресурстарыКүй аңызы (әңгіме)Алланың есімдеріХалел ДосмұхамедовОттегіХақназар ханХимиялық элементтердің периодтық жүйесіНарықтық экономикаҚазақстан мейрамдарыТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚазақ театрыБлокчейнСолтүстік АмерикаРим империясыДемографияҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Сөз табыШығыс Қазақстан облысыЕртісТұрар РысқұловАққуларҚұрмалас сөйлемДемократияЖайықАзия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағыЖүрек-қантамырлар жүйесіМәдениетАзиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі КеңесКүйКөне түркі жазбаларыБиомеханикаЖол белгілеріСан есімХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыТолықтауышҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіАнтигитлерлік коалицияҒарышЖеңіс күніОтын-энергетикалық кешенМезозойАлматыДамушы елдерМагмалық тау жыныстары1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАтом ядросыЖусан иісі (повесть)ДНҚҚазақстан мемлекеттік рәміздеріОтырар кітапханасыҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыХалықаралық еңбек бөлінісіБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевҚоршаған ортаМақалаТемірхан МедетбекҚанАлматы қорығы🡆 More