Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт «жыл» деп аталады.
Жыл он екі айға бөлінеді. Қазақша ай аттары: наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Жыл басы – наурыз айы. Әрине, бұл ежелгі қазақша жыл санау бойынша. Өйткені, бұл айда күн мен түннің көктемгі теңелуі (21 наурыз) болады. Мұнан әрі күн тез ұзарып, жер беті жылына бастайды, бүкіл жан-жануарлар, өсімдік атаулы, яғни, табиғат оянады. Қазақтың халық тәжірибесінде жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес. Шамасы, табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген болу керек. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды.
№ | Атауы | жылдар | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Тышқан | 1900 | 1912 | 1924 | 1936 | 1948 | 1960 | 1972 | 1984 | 1996 | 2008 | 2020 | 2032 | 2044 | 2056 | 2068 | 2080 | 2092 |
2 | Сиыр | 1901 | 1913 | 1925 | 1937 | 1949 | 1961 | 1973 | 1985 | 1997 | 2009 | 2021 | 2033 | 2045 | 2057 | 2069 | 2081 | 2093 |
3 | Барыс | 1902 | 1914 | 1926 | 1938 | 1950 | 1962 | 1974 | 1986 | 1998 | 2010 | 2022 | 2034 | 2046 | 2058 | 2070 | 2082 | 2094 |
4 | Қоян | 1903 | 1915 | 1927 | 1939 | 1951 | 1963 | 1975 | 1987 | 1999 | 2011 | 2023 | 2035 | 2047 | 2059 | 2071 | 2083 | 2095 |
5 | Ұлу | 1904 | 1916 | 1928 | 1940 | 1952 | 1964 | 1976 | 1988 | 2000 | 2012 | 2024 | 2036 | 2048 | 2060 | 2072 | 2084 | 2096 |
6 | Жылан | 1905 | 1917 | 1929 | 1941 | 1953 | 1965 | 1977 | 1989 | 2001 | 2013 | 2025 | 2037 | 2049 | 2061 | 2073 | 2085 | 2097 |
7 | Жылқы | 1906 | 1918 | 1930 | 1942 | 1954 | 1966 | 1978 | 1990 | 2002 | 2014 | 2026 | 2038 | 2050 | 2062 | 2074 | 2086 | 2098 |
8 | Қой | 1907 | 1919 | 1931 | 1943 | 1955 | 1967 | 1979 | 1991 | 2003 | 2015 | 2027 | 2039 | 2051 | 2063 | 2075 | 2087 | 2099 |
9 | Мешін | 1908 | 1920 | 1932 | 1944 | 1956 | 1968 | 1980 | 1992 | 2004 | 2016 | 2028 | 2040 | 2052 | 2064 | 2076 | 2088 | 2100 |
10 | Тауық | 1909 | 1921 | 1933 | 1945 | 1957 | 1969 | 1981 | 1993 | 2005 | 2017 | 2029 | 2041 | 2053 | 2065 | 2077 | 2089 | 2101 |
11 | Ит | 1910 | 1922 | 1934 | 1946 | 1958 | 1970 | 1982 | 1994 | 2006 | 2018 | 2030 | 2042 | 2054 | 2066 | 2078 | 2090 | 2102 |
12 | Доңыз | 1911 | 1923 | 1935 | 1947 | 1959 | 1971 | 1983 | 1995 | 2007 | 2019 | 2031 | 2043 | 2055 | 2067 | 2079 | 2091 | 2103 |
Түсініктемелер: 1. Осы он екі жыл бір айналғанда бір мүшел толады. 2. Бірінші мүшел 13 жас, содан кейін 12 жылдан қосыла береді. 3. Әрбір төрт жыл сайын 366 күндік кібісе жылы кіреді, басқаша атауы толық жыл.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Қазақша жыл санау, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.