Қазақтелефильм

Қазақтелефильм – экрандық-шығармашылық ұжым, ҚР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекет комитеті жүйесіндегі телевизиялық киностудия бөлімі.

1969 жылы құрылған (1994 жылдан бастап Қазақстан телерадио корпорациясы). 1967 жылы Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясы жанынан телефильм жасайтын бөлім ретінде ашылған, кейін осының негізінде “Қазақтелефильм” болып құрылды. “ Қазақтелефильм” студиясының құрылымында екі шығармашылық бірлестік болды: “Хроника” шығармашылық бірлестігі телевизияның барлық редакцияларына 16 мм кинотаспаға күнделікті кинотүсірілімдер жасаумен айналысты; “Шығармашы” өндірістік бірлестігі кино мен концерттік бағдарламалар түсірумен айналысты. Ол төрт шығармашылық сала бойынша кинотуындылар жасады: деректі телефильм, көркем және мультфильм фильмдер, театрды экрандау; киноконцерттік бағдарламалар жасау. Фильм жасау ісіне Б.Ғабитов-Жансүгіров, О.Дүйімбаев, Б.Теткин, Т.Ыбраев, Қ.Ахметов Қ.Умаров секілді режиссерлер тартылды. Бас оператор Е.Тынышбаев болды. Г.Смирнов, А.Федулов, Ю.Дубровин шақырылды. Студия 1967 – 92 жылы екі мыңнан аса телефильм түсіріп, экранға шығарды. 1993 жылы “Қазақтелефильм” студиясын мемлекеттік қаржыландыру тоқталғаннан кейін, фильм түсіру тоқталды. Студияға бейнетехнологиялық құралдарды пайдаланып, фильм жасау міндеті қойылды. Осы кезеңнен бастап “Қазақтелебейнефильм” деп аталған студия “19 ғасыр басшысы” деген айдармен 10 деректі фильм-портреттер сериясын жасады. “Күлпаш” атты көркемсуретті фильм түсірді және әр түрлі тақырыпта 12 бейнефильмді экранға шығарды. Сонымен қатар, басқа студиялар түсірген 14 мультфильмді қазақшаға аударды. Республикада “Қазақтелефильмнен” басқа Қазақстан Президентінің телерадио кешені және бірнеше тәуелсіз телеарналар бейнетелефильм жасау ісімен айналысады. “Қазақтелефильмнің” шығарған кинотаспалары телевизиялық фильмдердің Бүкілодақтық фестивальдерінде әлденеше рет жүлделі орындарға (“Мұғалім” сценариі П.Бортниковтікі, режисер Н.Әлпиев, 1982; “Домбыра шегі” сценариі С.Морозовтікі, 1983) ие болды, ал “Сынақ” фильмінің авторлары (сценарийін жазған Ғ.Шалахметов, режисер M.Голдовская) Бүкілодақтық Ленин косомолы сыйлығын алды. 2002жылы Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясында Телефильм шығармашылық бірлестігі ашылды.

Дереккөздер

Tags:

1967196919821983199319942002АймановАхметов Қанат МұғынұлыБортников Алексей ИльичКиностудияЛенинМемлекетМорозов Сергей АлександровичМұғалімРадиохабарСмирновХроникаҚазақҚазақфильмҚалила Наматұлы Омаров

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ТатарларСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыАрхеологиялық ескерткіштерҚазыбек биЕтісҚазақстан халқының бірлігі күніТоғыз-құмалақТаяу ШығысҚазақстанның кен ресурстарыЭстрогенТемпераментБлокчейнШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновМагниттік өтімділікӨсімдіктерМемлекетОтырарМоңғол шапқыншылығыЖанр316-атқыштар дивизиясыАсан қайғы СәбитұлыӘбу Насыр Әл-ФарабиРесурстарЭкономикаЖүйке жүйесіТел өскен ұлҚазақстан өзендеріТөтенше жағдайТас дәуіріБуддизмТөлеген ТоқтаровҚосарлы ұрықтануМиграцияҚой шаруашылығыЭпитетАктинҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыНарықтық экономикаҚазақ күнтізбесіЭкономикалық интеграцияКанадаТемірқазықБіріккен Ұлттар ҰйымыТұздар (химия)Міржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)ГлюкозаҚұстарБарсакелмес қорығыАшық тұқымдыларФранцияКөлденең жолақты ет ұлпасыТерроризмЕсімдікДыбысТеміртауҒылыми-техникалық революцияОпера (музыка)Қазақстан халқы ассамблеясыПалеозойФотоэлектрлік құбылыстарТехнологияПайдалы қазбаларОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымыБаяндауышМұнай1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықСарматтарСыбайлас жемқорлықҚазақстандағы минералды ресурстарҚазақстан аудандарыЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріКүнделік.кзПиелонефритМәңгілік бала бейнеМикроэлементтер1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҚазақтар🡆 More