Энциклопедия - (гр.
enkyklopaіdeіa – білім (жалпыға бірдей) өрісі), анықтамалық бағытта шығарылатын ғылыми басылым.
Энциклопедия - көне грекше: ἐγκύκλιος παιδεία — «айналым негізінде білім алу» - орыс. обучение в полном круге, κύκλος — шеңбер и παιδεία — оқыту, білім алу) кейде Циклопе́дия (Үлгі:Lang-neolat көне грекше: κύκλιος παιδεία — «айналым негізінде оқыту»)
Энциклопедия термині маңызы жағынан тарихи өзгерістерге ұшыраған. Антикалық қоғамда энциклопедия атауы жеті еркін өнерді (грамматика, риторика, диалектика немесе логика, геометрия, арифметика, музыка және астрономия) белгілеп көрсету үшін қолданылған.
16 ғасырда Батыс Еуропада бұл термин "әр алуанды мазмұнды жинақ" дегенге жақын ұғымда қолданыла бастады.
18 ғасырда энциклопедияны білімді топтастыру деген түсінік орын алды. Келе-келе бұл терминнің маңызы бірте-бірте ұлғая түсіп, қазіргі кең таралған мағынаға ие болды: оны барлық ғылым саласынан анық мағлұмат беретін және іс жүзінде қолданылатын (әмбебап энциклопедия) немесе қайсы бір жеке ғылым саласындағы (салалық энциклопедия) ғылыми басылым деп те атайды.
Энциклопедия құрылымы жүйелі түрде жасалады, атап айтқанда, ғылым саласы бойынша іріктеп алынған материалдар алфавит тәртібімен орналастырылады.
Энциклопедия сипатты еңбектер ең алғаш қытай жазбаларында (б.з.б. 12 – 10 ғ-лар) пайда болған. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Ежелгі Египетте сөздік жасалғаны белгілі. Ежелгі Грекияда Демокрит пен Аристотель еңбектері энциклопедиялық сипатта жазылды.
Ежелгі Римде шыққан алғашқы энциклопедия ның бірі – Марк Теренцийдің “Ғылымдар” деген шығармасы.
Орта ғасырларда – Әбу Наср әл-Фарабидің араб тілінде жазылған “Ғылымдар тізбегі”, Ибн Синаның “Донишнома” (“Білім кітабы”) энциклопедиялық трактаты жарық көрді.
Энциклопедия шығару ісінің жүйелі түрде дамуына 18 ғасырдың аса көрнекті философы Д.Дидро шығарған француз энциклопедиясының ықпалы зор болды.
1768 – 71 жылдары шотланд баспаханашысы У.Смелли 3 томдық “Британия энциклопедиясын (Британика)” шығарды.
19 – 20 ғасырларда Еуропа елдерінің бәрінде дерлік энциклопедия жасалды.
19 ғасырда “Жаңа Америка энциклопедиясы” шығарылып, оны дайындауға көптеген ғалымдар тартылды.
Ресейде алғашқы энциклопедиялық сөздіктер 18 ғасырда шығарылып, оған география, тарих, т.б. ғылым салаларының терминдері енгізілді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде жұртшылыққа кең таралған энциклопедия сипатты еңбектердің ішінде Ф.Павленковтың “Энциклопедиялық сөздігі” (қосымшасымен 82 т.), ағайынды А. және И. Гранат бастырған энциклопедиялық сөздік үлкен орын алады. Бұл еңбектерде алғаш рет қазақ даласы мен оны мекендейтін жергілікті халықтар жөнінде мәліметтер берілді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропада көп томды энциклопедиялар шығару күрт дамыды. Қазіргі кезде британ, америка энциклопедиялары жаңа материалдармен үнемі жаңартылып отырады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылдан бастап тарихи жаңа сипатты 10 томдық “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясын алғаш шығара бастады. Оның орысша 5 томдық қысқаша нұсқасы 2004 – 06 жылдары жарық көрді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Энциклопедия, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.