Шөлейт Зонасы

Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті.

Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады. Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22°-24°С, кейде ыстық 40°С-қа дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады. Қаңтардың орташа температурасы -15°-17°С, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50°С) байқалады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді.

Тұрақты ағатын ең ірі өзендері - Ойыл, Жем, Topғай, Сарысу, Аягөз. Шөлейт зонасында 3000-нан астам көл бар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады.

Топырағы

Шөлейттің негізгі топырағы - ашық қара қоңыр топырақ. Қызғылт-күрең топыраққа карағанда оның құрамында шірінді аз болады. Топырақтың беткі қабатында шірінді 2 - 3% ғана. Саз топырақты жазық пен ойпаң үлескілерде сортаңдар едәуір орын алады. Шөлейттің негізгі топырақ қорын ашық қара қоңыр топырақ құрайды. Күңгірт қара қоңыр топырақтан айырмашылығы - құрамындағы қарашіріктің мөлшері аз (2-3%-ға дейін), қарашірікті қабаттың қалыңдығы жұқа (20-30 см). Жауын-шашынның аз түсіуне байланысты шөлейт зонасының топырағы аз шайылатындықтан, саздақты жыныстарда тұз жиналады. Ағын жақсы немесе жеңіл шаятын құмайтты субстраттарда аз сортаңды болады. Зона аумағының басым бөлігінде ашық қара қоңыр топырақтың сортаңданған түрлері мен сорлар таралған. Зонаның оңтүстік шегінде шөлдің қоңыр топырағы, өзен аңғарлары мен шұраттарда, лимандарда интерзоналық шалғындық қара қоңыр топырақ кездеседі.

Ашық қызғылт қоңыр,сортаң және шалғынды қызғылт қоңыр топырақтар шағын қашықтықта бірін-бірі бірнеше рет алмастырады. Топырақ қабатының жиі алмасуы шөлейт ландшафтысына тән белгілердің бірі болып табылады. Жазықтардағы шөлейттердің әлсіз сортаңданған ашық қара қоңыр топырағында далаға тән боз бен бетеге, тырса, қызыл және шығыс боздары, аз мөлшерде кәдімгі қылша кездеседі. Көктемде эфемерлер және эфемероидтер өседі.

Климаты

Шөлейт зонасының климаты құрғақ, шұғыл континентті. Шөлейт зонасы Күн радиациясының мөлшері жоғары, атмосфералық жауын-шашынның мөлшері аз болуымен ерекшеленеді. Жаздағы буланудың мөлшері зонаның солтүстігінде түсетін жауын шашыннан 7, оңтүстігінде түсетін жауын шашыннан 15-18 есе артық болады. Өсімдіктер өсіп-өнетін вегетациялық кезеңнің ұзақтығы батысында 160-170 күнге, орталығы мен шығысында 170-190 күнге дейін созылады. Тұрақты 10°-тан жоғары температуралы кезеңнің жиынтығы батысында 3000-3400°, шығысында 2600-3000°-ты құрайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері даламен шектесетін солтүстігінде 280 мм, оңтүстігінде шөлмен шектесетін аудандарда 150 ммаралығында ауытқиды.

Өсімдіктері

Шөл дала зонасында даланың әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан, түймедағы, боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, теріскен, көкпек өседі. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды жерлерде ши өседі. Ұлытау, Ортау, Бұғылы, Қызыларай, Шыңғыстау және т.б. жоталардың аңғарлары арасында әр түрлі шалғын шөптер көп өседі. Бұл таулардың беткейлерінде қайың, көктерек және қарағай шоқ ормандары кездеседі. Бұлардың арасында долана, мойыл, итмұрын, қарақат және таңқурай өседі.

Қызыларай сілемі

Таулы-төбелі гранитті қызыларай сілемі (1565 м) — шөлейттегі әсем жазираның бірі. Осы жерде қарағай ормандары өседі. Жазықтар мен ұсақ шоқылардың аралықтарында сортаң және cop жерлер де кездеседі. Cop жерлерде өсімдік өспейді, тек оның шет жағалауларында ғана сортаң өсімдіктері өседі. Шөл даладағы өзен жайылмалары өсімдікке бай. Оларда айрауық, құрақ, қамыс өседі. Жекелеген үлескілерде тал, итмұрын, ұшқат бұталары жиі ұшырасады.

Шөлейт Зонасы 
Қасқыр

Жануарлары

Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан сарышұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары сасық күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр мекендейді. Сонымен бірге онда күзен және түлкі бар. Құстардан бүркіт, бозторғай кездеседі. Бір кездерде жер қайыстырған ақбөкендер мен қарақұйрықтар қазіргі кезде некен-саяқ қана кездеседі. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Бұл өңірде зиянсыз жыландардан — қара шұбар жылан, кіші сарыбас жылан, су жыланы, улы жыландардан - сұр жылан, қалқан тұмсық жылан бар.

Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады. Мұнда негізінен ашық-қызғылт топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады. Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым-ойдым суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі.

Өзендері

Шөлейт зонасы аумағындағы өзендер, негізінен, ішкі тұйық алапқа жатады. Өзен торлары сирек және суының аздығымен ерекшеленеді. Өзендердің басым бөлігі суға тек көктемде толып, жазда құрғап қалады. Біршама ірі өзендеріне Сарысу, Аягөз, Торғай, Сағыз, сонымен қатар зонадан өтетін транзитті Жайық және Жем жатады.

Дереккөздер

Tags:

Шөлейт Зонасы ТопырағыШөлейт Зонасы КлиматыШөлейт Зонасы ӨсімдіктеріШөлейт Зонасы Қызыларай сілеміШөлейт Зонасы ЖануарларыШөлейт Зонасы ӨзендеріШөлейт Зонасы ДереккөздерШөлейт ЗонасыШөлейт

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ислам күнтізбесіСиырСелекцияБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевМөде қағанҚарағандыЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміТұрақты сөз тіркесіБесін намазыТ. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрыИван Васильевич ПанфиловБаскетболЕсімшеБидай (астық)Жыныстық қатынасСалт-дәстүрЕртісБалқашӘйтеке биЖәнібек ханЕсім ханКітапҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыДін философиясыТөле биЭндемикМенің атым Қожа (повесть)МеталдарБалықтарҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерMicrosoft AccessҚазақстан 2030Ел тізімі (халықтың табиғи өсімі)МысЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміЭкологиялық апатАнықтауышҒарышкерҚазақстандағы туризмАдам даму индексіҚұлпынайКөп жасушалы ағзаларТыныс белгілеріАлкандарҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыАрыстанАлюминийЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыСаяси мәдениетҚаныш Имантайұлы СәтбаевАсық ойыныМәлік ҒабдуллинҒылыми-техникалық революцияБейбітшілік және келісім сарайыБақытсыз ЖамалҒаламдық экологиялық проблемаларЕуропаШолпан (ғаламшар)ТүйелерҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыКөшпенділер (трилогия)Фобияның түрлеріТасбақаларАлматыӘлкей Хақанұлы МарғұланI ОсманАқтөбеТұрар РысқұловТөлеген Айбергенұлы АйбергеновМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыАсқазан ауруларыЭндокриндік жүйеҚасым ханЖалаң сөйлем1921-1922 жылдардағы ашаршылықПысықтауышҒылымСаңырауқұлақтарТәуекел хан🡆 More