Халықаралық Балалар Күні

Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады.

Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.

БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен.

Әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл- қорғансыз балалардың басына түскен үлкен ауыртпалық екендігі шындық.

Жасөспірімдер арасында нашақорлар саны өсуде, олардың жартысынан астамы ішімдік ішуден де кет әрі емес.

Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Tags:

1949

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыМодификациялық өзгергіштікБақтыораз БейсекбаевСөйлемнің бірыңғай мүшелеріҰлы Жібек жолыДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновҚазақтарСинонимЕгіншілікЫбырай АлтынсаринҚазақ газетіҚазақ хандарыКиіз үйФерменттерЭкологиялық жүйеТүйелерҒаламдық экологиялық проблемаларСалт-дәстүрСалауатты өмір салтыҚыпшақ хандығыӘл-Ихлас сүресіҚасым ханҚоршаған ортаның ластануыАқтөбеЛимонМәңгілік бала бейнеТоғыз-құмалақҚажымұқан МұңайтпасұлыҚазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіҚоқиқаздарБүркітМоғолстанЗат есімМамыргүлАқ Орда (мемлекет)ШыршаҒылыми-техникалық революцияБаскетболАлмаБесін намазыҚазақстан аудандарыҚояндарТыныс алуИслам ынтымақтастық ұйымыЖыныстық қатынасБұқаралық ақпарат құралдарыҚазақстан танымал тұлғаларының тізіміЭпитетАлмұртБаяндауышСәбит Мұқанұлы МұқановЭкологиялық апатФранция Ұлттық кітапханасыҚазақстанның жеті кереметіЗиготаҚыпшақтарАқтөбе облысыХимия өнеркәсібіҚазақтың ұлттық ою-өрнегіБірінші дүниежүзілік соғысҚұлақАққуларҮйсін мемлекетіҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыАй (серік)Орбұлақ шайқасыЖасушаның бөлінуіПластидтер1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысБатыс ҚазақстанАуа1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБерлин операциясыБасты бетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныҚазақстан демографиясыТәуелсіз Мемлекеттер Достастығы🡆 More