жақсы Мақалалар

Таңдаулы суреттер · Таңдаулы порталдар · Таңдаулы тізімдер · Таңдаулы мақалалар · Жақсы мақалалар

Негізгі беті · Үміткерлер · Ұсыну ережелері · Жақсы мақала критерийлері‎ · Ұсыну · Мұрағат

Лақап:
УП:ЖМ
✯
Жақсы мақалалар - сапасы жақсы, бірақ әзірше таңдаулы мақала болып қабылданбаған мақалалар. Жақсы мақалалар үміткерлікке ұсыну процессін сәтті өте отыра, жақсы мақала критерилеріне сәйкес келеді. Қысқасы, олар өте жақсы жазылған, іс жүзінде нақты және сенімді мағлұматы бар, кең қамтылған, пікір жағынан бейтарап, тұрақты және мүмкіндігінше авторлық құқықты бұзбайтын суреттермен толықтырылған болуы тиіс. Жақсы мақалалар таңдаулы мақалалар сияқты терең, әрі ұзын болуы міндетті емес, дегенмен тақырыптың негізгі қыр-сырларын қамтуы керек. Келесі салыстыру жақсы және таңдаулы мақала айыомашылықтарын сипаттайды.

Мақалаға "жақсы" деген жұлдызша беру процессі қарапайым. Егер қандай да бір мақаланы жақсы деп тапсаңыз, оны Уикипедияның дауыс беру бетіне ұсына аласыз. Сайлаушылар тарапынан ұсынған мақалаңыз таңдалса, ол Уикипедияның жақсы мақалалар тізіміне қосылады. Қарсы жағдайда, қажетті жақсарту ұсыныстары мақаланың талқылау бетіне жазылуы тиіс.

Қазір Уикипедияда қазақ тілінде жазылған 236 515 мақала бар. Оның ішінде 19 жақсы мақала бар.

Мақаланың жоғарғы жағында, оң жақта тұрған кішкене күміс жұлдызша (жақсы Мақалалар) мақаланың жақсы екенін көрсетеді.


Жақында таңдалған мақалалар

жақсы Мақалалар
Escherichia coli

Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.

Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.

Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910, Көлбастау – 10 маусым 1982, Алматы) — қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы.

Батыс майданындағы 16 армияның 316-атқыштар дивизиясындағы (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы) 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тас жолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.

жақсы Мақалалар
Дастарқан басында ұсынылған қымыз көрінісі

Қымыз — биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын.

Қымыз — түркі және моңғол көшпелі халықтарының бірнеше мыңжылдықтан бері пайдаланып келе жатқан сусыны.

Қымыз ашыған күні қымыздың алды ауыл адамдарына беріледі. Жазғытұрымда бие байланған кезден бастап, қазан айының басына дейін (бие ағытылғанша) қымыз үзілмейді. Қымыздың жақсы болуы ыдысына, ашытылуына, ұсталу бабына байланысты болады. Қымыздың шипалық, емдік маңызы зор.

Бие сүтінен даярланатын қымызды көптеген көшпелі халықтар — қазақтар, қырғыздар, башқұрттар баяғы заманнан білген. Оны даярлау әдістерін ежелгі скифтер де білген екен. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда грек тарихшысы Геродот, көшпелі скифтер бие сүтінен қымыз даярлаған, деп жазды. Олар бие сүтін ағаш күбіге құйып ашытқан. Сол Геродоттың айтуынша, көшпелілер сүтті ұзақ уақыт сақтау әдістерін құпия ұстаған. (толығырақ ...)

жақсы Мақалалар

Үйде жалғыз қалғанда (ағылш. Home Alone) — 1990 жылы Джон Хьюз жазған сценарий бойынша түсірілген америкалық жаңа жылдық комедия. Туынды режиссері – Крис Коламбус. Басты рөлді Маколей Калкин сомдаған.

Сыншылар фильм жайлы аралас пікір білдірген. Фильм Солтүстік Америкада шығарылған жаңа жылдық комедиялар арасында ең мол касса жинаған. Сонымен қатар фильм АҚШ кинематографы тарихындағы ең мол касса жинғана комедия ретінде рекорд орнатқан. Бұл рекорд 2011 жылы «Бас жазу: II бөлім» кинофильмі шыққанға дейін ұсталып тұрған. Картина төрт сиквелден тұратын франшизаның негізі болды, олардың екеуі ғана бір-бірімен байланысы бар фильмдер. Алғашқы актерлық құрам тек «Үйде жалғыз қалғанда: Нью-Йоркте адасу» фильмінде сақталған. Ал қалған екі сиквел толықтай дербес фильм. (толығырақ ...)

География

География: География
Мемлекеттер: Кот-д’Ивуар
Нысандар: Грейт-Смоки-Маунтинс
Елді мекендер: Рио-де-Жанейро
Суқоймалар мен өзендер: Тынық мұхит

Тарих

Шайқастар мен көтерілістер: Корей соғысы

Саясат және үкімет

Дін және мистицизм

Өнер, архитектура және археология

Фильмдер: Үйде жалғыз қалғанда

Спорт және ойындар

Футбол клубтары: Ақтөбе (футбол клубы)
Олимпиада ойындары: 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары

Ғылым

Киелі кітаптар: Құран оқылуы

Техника

Ғарыш: Халықаралық ғарыш станциясы •
Интернет: Facebook •

Тұлғалар

Ақын, жазушылар: Абай Құнанбайұлы
Кинематография: Квентин Тарантино
Монархтар: Еділ қаған
Спортшылар: Мигель Анхел Котто
Теңізшілер: Джек Филлипс
Философтар: Аристотель

Басқалары

Дереккөздер

Tags:

Жоба:Таңдаулы суреттерУикипедия:Таңдаулы мақалаларУикипедия:Таңдаулы порталдарУикипедия:Таңдаулы тізімдер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысСалалас құрмалас сөйлемГидросфераЖіктік жалғауАзотНарықтық экономикаТүрксібАғзалардың жеке дамуыИнвестицияОқшау сөздерСаяси мәдениетЕжелгі РимДәрілік өсімдіктерЖұптұяқтыларЕл тізімі (халықтың табиғи өсімі)Алтай тауларыЫбырай АлтынсаринҚазақстан мәдениетіҰшқан ұяБразилияҚазақстан және БҰҰИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыФерменттерЭндемикДрамаҒарыштануТүйелерАлтын ОрдаӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіӘл-Фатиха сүресіОңтүстік АмерикаДауыссыз дыбыстарҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіЛейкоциттерТалғаулы салалас құрмалас сөйлемАйтысҚазақ газетіЖырауСын есімДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновПолиэтиленЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Баскетбол1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісМодернизмФотосинтезЭкологиялық апатҚазақстанның экологиялық проблемаларыӘлем елдерінің тізіміДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруЖыныстық жасушаларҚазақстан экономикасының тарихыҚазақстан өзендеріҚояндарҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыДепортацияБаяндауышҚазақстандағы «қайта құру» саясатыТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріТұқым қуалайтын өзгергіштікАлександрия кiтапханасыБауыр (орган)ГормондарҚазақстанның мемлекеттік құрылымыСомалық жасушаларЮрий Алексеевич ГагаринСпирттерСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемЭкстремизмЭкологиялық жүйеКөмірсуларБақбақӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыМал шаруашылығыФутболЖаңа білім беру жүйесіҮркер🡆 More