Лингвистика Тіл: ақпарат таратудың құралы

Тіл — белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және дыбыстауы бар ортақ қабылданған таңбалар жүйесі.

Лингвистика Тіл: ақпарат таратудың құралы Басқа мағыналар үшін Тіл (айрық) деген бетті қараңыз.

Тілдің атқаратын міндеттері

Тілдің атқаратын міндеттері тілдің адамзат қоғамындағы рөлімен және тіл бірліктерінің бір тобынын екінші бір тобына бағыныштылығымен, оған сәйкесіп отыруымен (мысалы, аффикстер мен түбір сөздердің ара қатынасында) анықталады.

  1. Тілдің коммуникативтік қызметі, яғни, "адам коғамының аса манызды құралы" болуы және
  2. когнитивтік кызметі, яғни "ойлаудың тікелей шындығын" білдіруі - тілдін функцияларының екі негізгі базасы болып табылады.
  3. Бұған сезім мен эмоцияны білдіруші құрал ретінде тілдің эмоционалдық қызметін және тілдің өзін зерттеу объектісі ететін метатілдік қызметін қосуға болады.

Тілдің функцияларының базалық түрлері бірін-бірі толықтырып, сөйлеу үстінде немесе мәтіндерде әр түрлі дәрежеде көрініп отырады. Тілдің функцияларының коммуникативтік түріне тілдің

  1. фативті (байланыс орнату),
  2. конативті (меңгеру, үғыну),
  3. волюнтативті (әрекет ету) және
  4. ұлттық сана мен мәдени дәстүрді, халық тарихын т. б. сақтап жеткізетін қызметтері кіреді.

Тілдің функцияларын анықтауға 20 ғ.-да көңіл бөлінді. Оған дейін "функция" сөзі тіл бірліктерінің синтаксистік (мысaлы, бастауыштын қызметі, толықтауыштын қызметі), морфологиялык (мысалы, формалардың кызметі) қызметін ғана білдіріп, герминдік мәнде жұмсалды. Кейін ол форма мен құрылымның мағынасын түсіндіретін мәнде қолданыла бастады. "Прага тіл үйірмесінің тезистерінде" (1929) тілдің функционалды жүйе екені анықталып, сөйлеу қызметінің қарым- қатынастық және поэтикалық деп аталатын екі функциясы көрсетілді. 20 ғ. 70—80 жж.

Тілдің функцияларын тіл жүйесі мен құрылымында жүзеге асыратын аппаратпен байланыстыруға әрекет жасалды. Ю. С. Степанов семиотикалык гіринниптер негізінде Тілдің функцияларының: номинативтік, синтаксистік, прагматикалық деп аталатын үш түрін анықтады. Бұлар жалпы семиотикада тілдің жан-жақты қасиетін білдіретін үш саласына:

  1. семантикаға — номинация,
  2. синтактикаға — предикация,
  3. прагматикаға — локация (белгілі бір объект білдіретін сигналдардын кеңістіктегі қалпын, орнын анықтау) сәйкес келеді.

Сөйлеу тілінің, функционалдық стильдердің, мәтін лингвистикасының т.б. ерекшеліктерін және тілдің қызмет ету аясының кеңеюін зерттеуге байланысты тілдің функциялары проблемаларына қызығушылық артуда.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Language

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жеті қазынаҚазақстанЖұлын жүйкелеріҚазақстан Республикасының КонституциясыАсан қайғы СәбитұлыАнтропогендік факторБалқашТүркістан автономиясыЕжелгі Рим мәдениетіМысықІлияс ЕсенберлинАллитерацияҚанДәруменКерей ханҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныҮш Жүз партиясыЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріАвторлық құқықҚытайҰлықбекҚазақ хандығының құрылуыНарықтық экономикаЕліктеу сөзСемей полигоныҚазақ батырлар тізіміЖеті жарғыЕрлан ЖүнісСурет өнеріндегі гуманизмБейімбет Жармағамбетұлы МайлинБайқоңыр (ғарыш айлағы)КөмірАзияБатыс Қазақстан облысыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДамушы елдерМагниттік өтімділікСөз тіркесіҮркерБерлин операциясыЖұптұяқтыларШоқжұлдызАдамаралық қарым-қатынасШоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай Құнанбайұлының шығармаларыКарл ЛиннейТранспортирҚазақтың ұлттық ою-өрнегіБаскетболРембрандтКөне түркі жазбаларыАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіНесіпбек Тұрысбекұлы АйтҚаратпа сөзЖайылма сөйлемХалықаралық еңбектiк миграцияКітапИзомерияЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетЕжелгі РимСолтүстік АмерикаҒаламшарАғашҰлы Отан соғысыҚабдеш ЖұмаділовСалалас құрмалас сөйлемАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыҒарыштануОңтүстік АмерикаҚазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіАлкиндерХан ШатырҚарағанды металлургия комбинатыМиелин қабықшасыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыТеріҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеӘл-Фатиха сүресіЕуразиялық Экономикалық Одақ🡆 More