Салауат: Мұхаммед пайғамбар есімі аталған тұстағы дұға

Салауат — Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) есімі аталған кезде арнайы айтылатын дұға атауы.

Салауат Құран Кәрімдегі бұйрық бойынша пайғамбарға жарылқау, құрмет, мадақтау, дұға тілеу мағынасында арнайы жасалатын құлшылық түрі. Ислам ғұламалары салауат айтуды шариаттың шарты ретінде бекіткен. Әбу Ханифа мазхабында әр намаз оқылғанда пайғамбарға салауат айтуды сүннет үкіміне жатқызады. Жазба әдебиетте “с.ғ.с.”, “ғ.с.”, “с.а.у.” түрінде салауаттың қысқарған сөз түріндегі қалпын пайдалану дәстүрі бар. Қазақ дәстүрлі қоғамында пайғамбарға құрмет иманның басты негізі ретінде танылғандығын жыраулар мұрасынан анық көреміз. Қашаған жырау, Әбубәкір Кердері, Ақтай Керейұлы, т.б. қазақ шайырларының шығармашылығында да салауаттың, мадақтың мәні көрсетілген.

Аудармасы Оқылуы Мәтіні
Я, Аллам! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Аллаһумма салли ‘ала Мухаммәдин уә ‘ала әли Мухаммәд. ٱللَّٰهُمَّ صَلِّ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَعَلَىٰ آلِ مُحَمَّدٍ
Тура хазіреті Ибрахим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Кәмәә саллайта ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. كَمَا صَلَّيْتَ عَلَىٰ إبْرَاهِيمَ وَعَلَىٰ آلِ إبْرَاهِيمَ
Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән. Иннәкә хамидун мәжиид(ун). إنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ
Я, Аллах, Және Хазіреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак (барик) ет. Олардың ырыс-берекетін ұдайы арттыр. Уә бәәрик ‘ала Мухаммадин уә ‘ала әли Мухаммад. وَبَارِكْ عَلَىٰ مُحَمَّدٍ وَعَلَىٰ آلِ مُحَمَّدٍ
Тура Хазіреті Ибраһим оның отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Кәмәә бәәрәктә ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. كَمَا بَارَكْتَ عَلَىٰ إبْرَاهِيمَ وَعَلَىٰ آلِ إبْرَاهِيمَ
Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән. Иннәкә хамидун мәжиид(ун). إنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ

Дереккөздер:


Tags:

Ақтан КерейұлыИсламМұхаммедНамазПайғамбарСүннетШариатҚазақҚұран КәрімӘбу ХанифаӘбубәкір Боранқұлұлы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақтың музыкалық аспаптары тарихыҚазақстандағы минералды ресурстарЭндемикЖіктік жалғауАлгоритмТыныс алуАбай жолы (роман)Байқоңыр (ғарыш айлағы)Түркістан автономиясыСинтаксисИнтеграцияТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровЖай сөйлемЖапонияАллитерацияЕсік Алтын адамыМеталдарҚоректік тізбекДәнеш РақышевҚыстырма сөзФутболКөшбасшылықАқбөкенХромосомаларБаскетболСөйлемнің бірыңғай мүшелеріТұздар (химия)Бақтыораз Бейсекбаев28 гвардияшыл- панфиловшыларТемекі шегуБасты бетСәбит Мұқанұлы МұқановРадиациядан қорғануҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніМәшһүр Жүсіп КөпейұлыАуыл шаруашылығыАвтокөлік шығаратын елдер тізіміСарқылатын ресурстарЖұлынСүтқоректілерҚазақстан көлдеріДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевҚазақ хандарыҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеҚазақстанның мемлекеттік құрылымыФерромагнетиктерГүлді өсімдіктерҒаламдық мәселелерСөйлемВегетативтік көбеюҚарағанды металлургия комбинатыХалықаралық қатынасБірінші дүниежүзілік соғысУрбанизацияТүрік қағанатыӨзбекстанҚазақстандағы жануарлар әлеміҚорықтарКүн жүйесіКөксерек (әңгіме)Қазақстанның экологиялық проблемаларыБату ханМысықМемлекеттік басқару формасыҚазақстан музейлеріДыбыстың сипаттамаларыФранцияЭкологиялық туризмПублицистикалық стильMicrosoft AccessҚазақ руларыЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріӘлем елдерінің тізіміНесіпбек Тұрысбекұлы АйтЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОЖау тылындағы балаАдам даму индексіТемперамент🡆 More