ғылым

Портал Жоба Талқылау Қатысушылар

Ғылыми портал

Ғылым
Ғылым
Біздің өміріміздегі ең түсініксізі — оның түсінікті болуы

Альберт Эйнштейн

Ғылым (араб.: علم‎ (ілім)— білім, тану; лат. scientia — білім) — ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы, жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.

Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөледі:

Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге болатын құбылыстарға негізделген.

Пәндік аймақ

Ғылым дегеніміз не? • Ғылымдар сатысы • Ғылыми заңдардың тізімі • Физикалық заңдар тізімі

Таңдаулы мақала

ғылым

Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зертгеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді.

Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:

Сіз білесіз бе?…

Ғылым жаңалықтары

ғылым
  • Ақпан — Мемлекеттік емес ұйым ұшырған ғарыш аппараты ("суретте") алғаш рет Айға қонды.
  • Ақпан — Нептунның екі жаңа серігі мен Уранның тағы бір серігі ашылды.
Ақпарат бергіңіз келеді ме? Уикижүргізуші бол!

Таңдаулы тұлға

ғылым

Қаныш Сәтбаев (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927-1928 жылдары – Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған – Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған.

Жобаға қалай көмектесе аласыз

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазыбек биӘлімұлыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыПродуценттерМағжан Бекенұлы ЖұмабаевМәлік ҒабдуллинАбайдың қара сөздеріЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріАлакөл қорығыҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіҚызыл кітапТаяу ШығысБарсакелмес қорығыМысырАхмет БайтұрсынұлыЕсім ханӘпке (драма)Бейбіт СейдуалиеваХалықаралық балалар күніДауыссыз дыбыстарКөмір өнеркәсібіҮстірт қорығыӘміре ҚашаубаевҚаңлыларТүркістан облысыЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыКлиматтың өзгеруіКомпьютерМәшһүр Жүсіп КөпейұлыПайдалы қазбаларҚазақстан мәдениетіЕсілАюларХиуаз Қайырқызы ДоспановаСаңырауқұлақтарӘлеуметтік өзгерісКөкөністер, жеміс-жидектер және бөлме өсімдіктеріӘлкей Хақанұлы МарғұланЖемісСутегіАсқазан ауруларыҚазақстан аудандарыМысықЕңлік — Кебек (пьеса)ПластидтерШәкәрім ҚұдайбердіұлыАлаш партиясыПневмонияҮй жануарларыАтаулы сөйлемӘбілхан ҚастеевБастың ауыруыАқмола облысыҚазақстан экономикасыЕтісҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміОңтүстік ҚазақстанКітапДемографияТүрікменстан28 гвардияшыл- панфиловшыларАлпамыс батырҚос сөзТатарларОрта жүзАшық тұқымдыларМұнайАуаИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚазақстан халқы ассамблеясыАсылхан Сайлауұлы ТөлеповМоғолстанӨнерНафтаҚосмекенділерҚолдан сұрыптауЕсік Алтын адамы🡆 More