Парагвай

Парагвай (ис.

58°12′00″ б. б. / 23.26667° о. е. 58.20000° б. б. / -23.26667; -58.20000 (G) (O) (Я)

Paraguay, гуар. Paraguái), ресми атауы – Парагвай Республикасы (ис. República del Paraguay [reˈpuβlika ðel paɾaˈɣwai], гуар. Tetã Paraguái) — Оңтүстік Американың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет.

  • Жер аумағы 406,8 мың км². Халқы 7,2 млн. (2021).
  • Тұрғындарының басым бөлігі метистер (95%), сонымен бірге испандар, итальяндар, португалдар тұрады.
  • Ресми тілі — испан тілі.
  • Халқының көпшілігі (90%) христиан дінінің католик тармағын ұстанады.
  • Астанасы — Асунсьон қаласы Мемлекет пен үкімет басшысы — Президент.
  • Жоғары заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (сенат, депутаттар палатасы).
  • Әкімшілік жағынан 19 департаментке және астаналық округқа бөлінеді. Ақша бірлігі — гуарани.
Парагвай Республикасы
ис. República del Paraguay
гуар. Tetã Paraguái
Парагвай Парагвай
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Paz y justicia»
Әнұран: «Paraguayos, República o Muerte»
Парагвай
Тарихы
Тәуелсіздік күні 15 мамыр 1811 жыл (Испаниядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі испан және гуарани тілдері
Елорда Асунсьон
Ірі қалалары Асунсьон, Сьюдад-дель-Эсте
Үкімет түрі Президенттік республика
Парагвай президенті
Вице-президент
Марио Абдо Бенитес
Уго Веласкес Морено
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 59-шы орын
406 752 км²
2,3
Жұрты
• Сарап (2019)
Тығыздығы

7 152 703 адам (104-ші)
17,58 адам/км² (210-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

101,075 млрд. $ (88-ші)
14,131 $ (96-шы)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

44,557 млрд. $ (94-ші)
6,229 $ (94-ші)
АДИ (2017) 0,702 (жоғары) (110-шы)
Валютасы Парагвай гуараниі
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .py
ISO коды PY
ХОК коды PAR
Телефон коды +595
Уақыт белдеулері UTC−4:00 және America/Asuncion

Климаты

Парагвай жері жазықты, ойпатты. Оңтүстік-шығысы — Бразилия таулы үстірті (биікт. 300 — 700 м), солтүстік-батысы — Гран-Чако (500 м) жазығы. Климаты тропиктік. Шілдедегі орташа температура 17 — 19°С, қаңтарда 27° – 29°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 — 2000 мм. Ірі өзендері — Парана және Парагвай. Шығыс бөлігіндегі қызыл топырақты өңірді аралас орман (мәңгі жасыл), батысын бағалы ағаштар (кебрачо, гуаякан, альгарробо, чаньяр) аралас тропиктік орман алып жатыр.

Тарихы

Ежелгі заманнан бері Парагвай жерін көптеген үндіс тайпалары мекендеген. Бұлар 16 ғасырға дейін алғашқы қауымдық құрылыстың әр түрлі сатыларында өмір сүрді. 1526 жылдан бастап ел аумағына еуропалық саяхатшылар келе бастады. 1535 жылы Парагвай испан отары болып жарияланып, Перу вице-корольдігі құрамына енді. 17 ғасырда Парагвай жеке генерал-губернаторлық болып бөлініп шықты. Ал елдің оңтүстік-шығысын иезуиттер отарлап, мұнда өз мемлекетін құрды (17 ғасырдың басы). 1768 жылы испан өкіметі иезуиттерді Парагвайдан қуып шығып, олардың жерлерін өз қол астына қаратады. 1776 жылы Ла-Плата вице-корольдігі құрылғаннан кейін, Парагвай соның провинциясы болды. 1810 жылы испан отарларының тәуелсіздігі жолындағы соғыс Парагвайды да қамтыды. 1811 жылы мамырда Асунсьонда болған көтеріліс тәуелсіздік жариялаумен және революциялық хунта құрумен аяқталды. 1814 жылы Х.Г. Франсиа өкімет басына келіп, жоғары билеуші деген атақ алды, ал 1816 жылы ғұмырлық өкімет билігіне ие болды. 1840 жылы ұлттық буржуазия өкімет басына келіп, өнеркәсіп пен сауданы дамытуға бағытталған реформалар жүргізді. Алайда шетелдіктердің кәсіпкерлік қимылына шек қою АҚШ Мұрағатталған 8 ақпанның 2011 жылы., Ұлыбритания, Франция тарапынан кедергі туғызды. 1865 — 70 жылы Аргентина, Бразилия және Уругвайға қарсы жер үшін болған соғыстар нәтижесінде біраз аумағынан айырылды. 1954 — 89 жылы елде А.Стреснердің әскери диктатурасы билік құрды. 1989 жылы билік әскерилерден азаматтық билік өкілдеріне көшіп, демократиялық реформаларға жол ашылды. 1992 жылы маусым айында қабылданған жаңа Конституциясы нәтижесінде елдегі саяси жағдай біршама оңды өзгерістерге ұшырады.

Экономикасы

Парагвай — аграрлық ел. Негізінен мал шаруашылығы дамыған. Ол ел экспортының үлкен бөлігін қамтамасыз етеді. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары: мақта, темекі, кофе, соя, шай, қант құрағы. Ағаш өңдеу, тоқыма, былғары аяқ-киім салалары дамыған. Экспортқа ет, мақта, соя, тері, темекі, қант, кофе шығарып, сырттан мұнай және мұнай өнімдерін, машиналар, құрал-сайман, тұтыну тауарларын әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Бразилия, Аргентина, Жапония, ЕО.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Paraguay

Tags:

Парагвай КлиматыПарагвай ТарихыПарагвай ЭкономикасыПарагвай ДереккөздерПарагвайГуарани тіліИспан тіліХалықаралық фонетикалық әліпби

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Абай жолы (роман)ДыбысСептік жалғауАфрикаАқындар айтысыҚанЖасушаның бөлінуіСүреҚазақстандағы су тасқыны (2024)Қой шаруашылығыДәнеш РақышевТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыМашинажасауАзаматтық құқықЖануарлар қалай үндейді (ойын)Қырғи қабақ соғысыӘйтеке биЭволюциялық ағашКөтеуМастопатияЖақсыз сөйлемҚазақстан мемлекеттік рәміздеріКөзӘсет НайманбайұлыҚазақстан және БҰҰҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіҚазақстанның мұнай өнеркәсібіЖусан иісі (повесть)Қазақстан қорықтарының тізіміСарматтарСуАйша бибі кесенесіҚалқанша безЭмбриогенез1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріЕкінті намазыҚазақстан 2050Асық ойындарыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыХимиялық элементтердің периодтық жүйесіҚояндарҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЕсім ханЕсік Алтын адамыЕскерткішМәшһүр Жүсіп КөпейұлыФобияның түрлеріҚымызКөкөністер, жеміс-жидектер және бөлме өсімдіктеріКүйші (поэма)ОралЭссеҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевРаушангүлділерЕділ қағанАбай Құнанбайұлының шығармаларыЛексикаМемлекет астаналары тізіміПлацентаЖерлеу рәсіміМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваӘбілхан ҚастеевОксидтерҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыКөшпенділер (трилогия)Жасанды интеллектЭндемикҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыҚазақстан аудандарыГаметаЖыныс мүшелері ауруларыҚызғалдақОмонимАқ Орда (мемлекет)Жеті жарғыҚыпшақ хандығыТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріТөлеген Тоқтаров🡆 More