Орыс Әліпбиі

Орыс әліпбиі - ұлттық орыс тілінің жазба және баспа тұлғасы жасалатын графикалық белгілері - әріптері жиынтығының белгіленген ретпен орналасуы.

33 әріп бар. Жазбаша тұлғадағы әріптердің көпшілігі графикалық жағынан баспалық тұлғадан өзгеше.

А а Б б В в Г г Д д Е е Ё ё
Ж ж З з И и Й й К к Л л М м
Н н О о П п Р р С с Т т У у
Ф ф Х х Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ
Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я

Орыс әліпбиі, орыс алфавиті — орыс тілінің әліпбиі. Орыс әліпбиі болгар, серб әліпбилері сияқты кириллица негізінде қалыптасты. Тарихи даму барысында оған бірнеше рет реформа жасалды. 1708 ж. Петр I орыс жазуын жеңілдету мақсатымен орыс әліпбиінен 8 әріпті ("пси", "кси", "оме- га", "ижица", "юс", "ферт", "земля", "иле") және екпін белгілерін ("титлы", "силы") шығарып, әріптердің түрін өзгертті. 1918 ж 10 октябрьдегі халық Комиссалары Кеңесінің Декреті бойынша сөз аяғында қатаң дауыссыздан кейін келетін "ять", "ита", "десричное" таңбалары алынып тасталады. Бұл реформалардың аралығында орыс әліпбиіне "й" және "е" әріптері қосылды. Қазіргі орыс әліпбиі орыс сөздерінің фонематикалық, морфологиялық жүйесін толық сақтай отырып, хатқа түсіруге жеткілікті 33 әріптен тұрады. Жуандық (ъ) және жіңішке (ь) белгілері ешбір фонеманы таңбаламайды, тек өзінен кейінгі дауыстының алдында "й" дыбысы естілетінін не өзінің алдындағы дауыссыздың жуан я жіңішке екенін білдіреді. Бұрынғы КСРО халықтарының көпшілігі өз ана тілінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерін белгілейтін қосымша әріптер ала отырып, орыс әліпбиін (армян, грузин, эстон, фин халықарынан басқалары) қабылдады.

Дереккөздер

Tags:

Орыс Әліпбиі ДереккөздерОрыс ӘліпбиіГрафикаОрыс тіліТұлға

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шығыс ҚазақстанҚуыршақ театрыНұрдәулет Бәбиханұлы АқышАрхеологиялық ескерткіштерАнтигитлерлік коалицияҚазақстандағы экологиялық проблемаларЖарықтың шағылуыЖапырақКөзБұлшықет ұлпасыЭндокриңді бездерӘбу Насыр Әл-ФарабиТеріАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыКөмірХақназар ханЕсім ханның ескі жолыСөз тіркесіҚазақстандағы саяси партияларКөнерген сөздерМетафораҚасым ҚайсеновОқшау сөздерХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыИзомерияМитозАлматы облысыКөсемшеҮстірт қорығыСаясатҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыҚажымұқан МұңайтпасұлыТұздар (химия)ИсламБарбаросса жоспарыҚазақ руларыБұқар жырау ҚалқаманұлыТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріТоталитаризмЛенинград шайқасыӘлем елдерінің тізіміМиссионерлiкСуЭмбрионМұнай өнеркәсібіШымкентБағыныңқы сөйлемҚазақстан экономикасының тарихыПродуценттерҒарышҚиялҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер314-атқыштар дивизиясыҰйғырларҚимақ қағанатыАқан серіХромосомаларӘлеуметтік инфрақұрылымЕтістікҚазақстандағы жануарлар әлеміҒаламдық мәселелерӘпке (драма)ЕтеккірТанымал қазақтардың тізіміӨсімдік шаруашылығыҚазан төңкерісіСарқылмайтын ресурстар2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріЕділ қағанТермометрГүлТоқырау жылдарындағы ҚазақстанЭстрогенКүш моментіҚарахан мемлекетіЖуніс СахиевСпартак көтерілісіҚазақ хандары🡆 More