Орманды Дала Зонасы

Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек солтүстік шеті сүйірленіп кіреді.

Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.

Орманды Дала Зонасы

Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.

Жер бедері

Қазақстанның орманды дала зонасының жер бедері ойпатты тегіс жазық. Жер бедеріне тән басты ерекшелік - солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бағытталып созылып жатқан жалдар мен олардың аралығын бөліп жатқан өзектер кең таралған. Жалдардың биіктгі 8-15 м, ені 1-1,5 км, ұзындығы 20-25 км-ге дейін жетеді. Кейде жал аралық ойыстарды тұйық көлдер тізбегі, батпақтар мен сортаңдар алып жатады.

Жалдар мен енді өзектер мұз басу дәуірінде Торғай бұғазына бағытталып аққан өзендердің әрекетінен түзілген. Кейіннен олар ағу бағытын өзгертіп, орнында жалдар мен өзектерді қалдырды. Жаларалық ойысьар суға толып, көлдер түзілген. Аталған аумақ шегінде 6000-нан астам көл бар.

Өзендері

Өзендері түгелдей дерлік қар суымен толығады. Ертістің, Жайықтың, Тобылдың,Есілдің, т.б. бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнер-кәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.

Климаты

Орманды дала зонасының климат жағдайы қатаң континентті. Мұнда жауын-шашынның мөлшері Қазақстанның басқа аумақтарына қарағанда біршама жоғары - 370-430 мм шамасында, басым бөлігі жазда жауады. 10°С-тан жоғары температураның жиынтығы 2100°С - 1900°С. Өсімдіктер өсіп-өнетін вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 130-135 күнге дейін созылады. Жылу мен ылғалдың мөлшері жағынан орманды дала зонасы қоңыржай белдеудің ыстық, малазықтық және техникалық дақылдарын өсіруге қолайлы.

Топырағы

Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамының 9%-ына жуығы шірінді болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шіріндінің мөлшері де 6%-ға дейін азаяды. Қазакстандағы орманды дала топырағының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала топырағынан айырмасы - ойпаң жерлері сортаң болып келеді. Зонада көбінесе дала және шалғынды дала өсімдіктері өседі. Солтүстігінде, солтүстік-батысында шоқ-шоқ ормандар кездеседі.

Орманды Дала Зонасы 
Қайың

Өсімдік жамылғысы

Өсімдік жамылғысы жыртылмаған үлескілерді жауып тұратын қалың және әр түрлі шөптер, дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабасалып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктерге сәбізшөп, жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар - емен, жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға: тал, долана, итмұрын, қара қарақат жатады. Сабағы жіңішке, шырынды, қызыл күрең түсті жемісі бар тошала жиі кездеседі. Орман шетінде аңқыған иісі бар, қызыл күрең түсті бүлдірген көздің жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа даласына ұқсайды. Орман өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ-шок ормандар, Ертіс жағасын бойлай құм шағылдары үстінде жіңішке алқапта карағайлы ормандар, Сарыарқаның Көкшетау, Қаркаралы, Баянауыл және т.б. тауларының гранитті массивтерінде карағайлы ормандар таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көріністерін бейнелейді. Бұл әдемі табиғатты аудандарда сауықтыру және демалыс үйлері орналасқан. Орман байлықтары - шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 млн гектардан астам ауданды алып жатыр. Дуброва, Мамлют қорықшаларындағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған.

Орманды Дала Зонасы 
Қоян

Жануарлары

Орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, аққіс, қояндар (ақ қоян, ор қоян, сусар, түлкі, қасқыр, т.б. кездеседі, шоқ карағай ормандарында - тиіндер бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатр кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын), сары бас және улы сұр жыландар кездеседі. Орманды далада құстар өте көп және әр түрлі. Шоқ қайыңды ормандарда ақ құр, ақ тұмсық қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді. Көл жағасындағы нулы қамыс, қамыс құрағы, қоғалар мен басқа да өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүзетін құстар көп-ақ. Мұнда көптеген қаздар мен үйректер, сондай-ақ шағалалар да байқалады. Үлкен көлдерде - аққулар, ал төмпешікті және қияқты батпақтарда — кезқүйрыққа ұқсас сұр тырналар мен қамыс құладыны болады.

Игерілген жерлері

Орманды дала зонасы - Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зоналарының бірі. Онда дала үлескілерінің көп бөлігі жыртылған. Бұл жерлерде дәнді дақылдардан - бидай, жүгері, т.б. дақылдар егіледі. Мұнда көптеген жаңа елді мекендер бой түзеді. Зонаның жыртылмаған бөлігі - шүйгін шабындық, көк балаусалы жайылым, сондықтан мұнда етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы басым дамыған.

Оңтүстік орманды дала зонасы тармағы

Петропавл қаласының солтсүтігін алып жатқан шағын алқап түзеді. Ол жерасты және жерүсті суларымен біршама жақсы қамтамасыз етілген.

Топырағы. Оңтүстік орманды дала зона тармағында сұр және қара топырақ таралған. Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақтың қарашірікті қабатының қалыңдығы 70-80 см-ге жетеді және оның жоғары қабатындағы қарашіріктің үлесі 12%-дан төменгі қабаттарында 4-5%-ға дейін төмендейді. Құнарлылығы жоғары бұл топырақтарда астық, картоп пен көкөніс дақылдары өсіріледі. Орманды даладағы сұр топырақта бір-бірімен жақсы үйлескен қайыңды және қайыңды-көктеректі ормандар, сілтісізденген қара топырақ пен шалғынның қара топырағында миялы әртүрлі шөптесін даланың шалғындары таралған. Қарашіріктің мөлшері орташа қара топырақ толығымен жыртылған.

Орманды даланың оңтүстік зона тармағы біршама орманданған. Орман алқаптарында қайың мен көктерек тек жал аралық ойпаңдарда ғана емес, жер бедерінің көтеріңкі телімдерінде де кездеседі. Көктеректі және қайыңды-көктеректі тоғайлар қияқты батпақтардың айналасында да өседі. Ормансыз кеңістіктерде ылғалсүйгіш астық тұқымдас өсімдікті шалғынды далалар таралған. Батпақтар мен шалғындар көп. Кейде шалғынды сортаңдарда жусанды-бетегелі бірлестіктер қалыптасады. Бұл зонада шалғынды, батпақты және далалы шабындықтар бар. Даланың жекелеген телімдері жазғы-көктемгі жайылым ретінле қолданылады.

Астық тұқымдас өсімдіктердің арасынан хош иісті жабайы сәбіздің ақшыл жасыл түсті гүлдерінің шатыр тәрізді себеттері көтеріліп тұрады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерден сары гүлді жоңышқа мен күлгін бұршақ бар.

Орманды даланың шағын орман шоқтары бар зона тармағы

Ол Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігіндегі жер бедері тегіс және жалды-қолатты телімдерін қамтиды. Бұл зона тармағының өзіне тән басты ерекшеліктерінің бірі дала мен орман элементтерінің үйлесуі болып табылады. Мұнда қайыңды-көктеректі орман шоқтары өте сирек және олар орманның сұр топырағында емес, жаларалық ойпаңдардағы сортаң топырақтарда өседі. Дала мен орманға тән өсімдіктер таралған жыртылмаған жерлерде бетеге, боз, бұталы бетеге, бидайық, атқонақ тәрізді астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімікдтер өседі. Далалық зонаның жыртылмаған телімдерін жазғы жайылым және шабындық ретінде пайдаланады. Жекелеген сирек орман шоқтары кең көлемді далалы алқаптарда шашырай тал, итмұрын, қара қарақат өседі. Ормандардың шеттерінде хош иісті бүлдірген кең таралған.

Ерістің бойындағы құмды алқаптарда қарағайлы орман шоқтары өседі. Қорықшадағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған.

Орманды далада тек өзіне ғана тән жануар болмайды. Мұнда көршілес зоналарда кездесетін даланың сұр тышқандары, сарышұнақ, қояндар, түлкілер мен қарсақтар, қасқырлар; қарағайлы орман шоқтарында тиін мен сібір елігі тараған.

Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі - сұр және тірі туатын кесіртке кездеседі.

Орманды даланың құстары алуан түрлі. Орман шоқтарында ақ және сұр құр, ұзақ, сауысқан, тоқылдақ, көкек пен сұңқарлар, ашық алқаптарда қырғауыл, зымырандар ұя салады.

Көл жағалауларында, қамыстар мен құрақтардың арасында алуан түрлі суда жүзетін құстар мекендейді. Мұнда қаздар мен үйректердің орасан көп түрлері кездеседі. Ірі көлдерде аққулар, сұр тырна, қаршығаға ұқсас қамыс құладыны кездеседі

Дереккөздер

Tags:

Орманды Дала Зонасы Жер бедеріОрманды Дала Зонасы ӨзендеріОрманды Дала Зонасы КлиматыОрманды Дала Зонасы ТопырағыОрманды Дала Зонасы Өсімдік жамылғысыОрманды Дала Зонасы ЖануарларыОрманды Дала Зонасы Игерілген жерлеріОрманды Дала Зонасы Оңтүстік орманды дала зонасы тармағыОрманды Дала Зонасы Орманды даланың шағын орман шоқтары бар зона тармағыОрманды Дала Зонасы ДереккөздерОрманды Дала ЗонасыБатыс Сібір жазығыҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Корея РеспубликасыЖай санҚоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарыТұсаукесерЕсімді сөз тіркестеріКүкірт қышқылыЮрий Алексеевич ГагаринПартеногенезКезектес салалас сөйлемАққан жұлдыз (роман)Қазақ хандығыТәуелдік жалғауАнтропогендік факторФилософияИслам күнтізбесіТүркияБір жасушалыларОттегіДоспамбет жырауТаң намазыМагнит өрісіЕуразия Экономикалық ҚауымдастығыҚұлақТеодолитГүлЕсім хан саясатыСалауатты өмір салтыАутизмҚой шаруашылығыҚимақ қағанатыКөкөністер, жеміс-жидектер және бөлме өсімдіктеріҚойГалактикаРобототехникаҚазақ руларыМеркурий (ғаламшар)ОксидтерЮпитерЖүйке жасушаларыҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіХромосомаларЭмбриогенезЕсекжемҚұрмалас сөйлемАсанәлі Әшімұлы ӘшімовАйдын Ақанұлы АйымбетовҚазақ билеріӘбілхан ҚастеевЖеңіс күніТұрақты сөз тіркесіӨнерАралас құрмалас сөйлемҚазақстан халқының бірлігі күніСалауатЖұқпалы ауруларНаурыз мейрамыДНҚКөне түркі жазбаларыТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріОңтүстік АмерикаҚатерлі ісікҚаныш Имантайұлы СәтбаевТұқым қуаламайтын өзгергіштіктерГерманияТемірЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыШиеҚұранМодификациялық өзгергіштікМәскеу шайқасыКөз ауруларыҮндістанГүлді өсімдіктерЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріНұралы ханМарқакөл қорығыЗәр шығару жүйесі🡆 More