Нұра

Нұра өзені– Теңіз көлі алабындағы өзен.

Нұра өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 978 км
Су алабының
ауданы
58 100 км²
Су ағысы
Бастауы Қызылтас
 • Координаттары 49°20′23″ с. е. 74°44′04″ ш. б. / 49.339889° с. е. 74.734583° ш. б. / 49.339889; 74.734583 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Теңіз көлі
 • Координаттары 50°30′55″ с. е. 69°11′54″ ш. б. / 50.51528° с. е. 69.198417° ш. б. / 50.51528; 69.198417 (G) (O) (Я) 69°11′54″ ш. б. / 50.51528° с. е. 69.198417° ш. б. / 50.51528; 69.198417 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Нұра
Ел Қазақстан
Аймақ Қарағанды, Ақмола облыстары
Нұра Басқа мағыналар үшін Нұра (айрық) деген бетті қараңыз.

Географиялық орны

Қарағанды және Ақмола облыстарының жерімен ағатын өзен. Ұзындығы - 978 км, су жинау алқабы - 60,8 мың км2. Нұра Қарқаралы тауының батыс сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды. Ұзындығы 10 км-ден астам 200-дей саласы бар.

Бастауы

Нұра Қызылтас тауының батыс сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне кұяды.

Гидрологиясы

Нұра жоғарғы ағысында аласа таулардың арасымен, орта тұсында ұсақ шоқылар бойымен және төменгі ағысында төбелі жазықпен ағады. Өзен аңғары жоғары және орта бөлігінде қатты кристалды шөгінді жыныстардан (ені — 2-10 км) түзілген, төменгі жағында аңғары 25 км-ге дейін ұлғаяды. Жайылмасы кең (кейде 15 км-ге дейін) келеді. Тереңдігі 1-4 м. Жылдық орташа су шығыны 19,5 м3/с (сағасынан 369 км жерде). Негізінен қар және жер асты суымен толығады. Жылдық ағынының 92,1%-ы сәуір-мамырда, 7%-ы маусым-қазанда, ал 0,9%-ы қыста өтеді. Жылдық ағынының орташа көп жылдық көлемі (Романовское селосы тұсында) — 473 млн. м3. Өзен қарашаның басында қатып, сәуірде мұзы ериді. Ірі салалары: Ақбастау, Алтынсу, Байғожа, Есен, Ұзынбұлақ, Құланөтпес, Матақ, Ащысу, Үлкен Құндызды, Көкпекті, Шерубайнұра (ең ірісі, 268 км).

Шаруашылық маңызы

Суға тапшы Орталық Қазақстан жағдайында Нұраның шаруашылық маңызы өте зор. Өзен бойында Самарқан, Самар және Шерубайнұра бөгендері салынған. Нұра су құбыры іске қосылған. Сағасында Қорғалжын мемлекеттік қорығы ұйымдастырылған.

Дереккөздер

Tags:

Нұра Географиялық орныНұра БастауыНұра ГидрологиясыНұра Шаруашылық маңызыНұра ДереккөздерНұраТеңіз (көл, Қорғалжын ауданы)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АтомКиелі жануарларМитозМеталдарЖалпы ішкі өнімШиеАлматы қорығыБлокчейнМемлекетАрхеологиялық ескерткіштерЖоңғар шапқыншылығыЖыныссыз көбеюҒаламдық экологиялық проблемаларРақымжан ҚошқарбаевНорвегияХан ШатырПатриотизмҚұқықОтын-энергетикалық кешенСаңырауқұлақтарЖаңа білім беру жүйесіМамыргүлӨсімдік шаруашылығыБақтыораз БейсекбаевҚазақ руларыҚайыңАғзалар арасындағы байланыс түрлеріӘміре ҚашаубаевРим империясыҚазақстан экономикасыМұхтар Омарханұлы ӘуезовБәйтерек (монумент)Жәңгір-Керей ханТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровҚадыр Мырза ӘліНаурызым қорығыҚазақстандағы су тасқыны (2024)ОнтогенезСарматтарЖердің айналуыТатулықДыбысМұнай экспорттаушы елдер ұйымыКөмір өнеркәсібіСталинград шайқасыЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОБейімбет Жармағамбетұлы МайлинБесеудің хатыАлланың есімдеріТабиғи газҰшқан ұяФранцияПублицистикалық стильХромосомаларГеосаясатҚазақстан өсімдіктеріМәдениетЖаһандануОрталық ҚазақстанӨркениеттер қақтығысыНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіАқбөкенБарсакелмес қорығыАқ Орда (мемлекет)Тұқым қуалаушылықБалықтарЕділ қағанКөкжөтелҚазақ хандығының құрылуыАдам даму индексі бойынша елдер тізіміАуыл шаруашылығыМөде қағанСудың ластануы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісЖұлын жүйкелеріҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміМашинажасауКөмірсуларТабиғи сұрыптау🡆 More