Мәңгілік Қайталаным

Мәңгілік қайталаным (ағылш.

Eternal return, "шексіз айналу, "мәңгі қайта пайда болу", "мәңгілік қайтым" деп те аталады,) — неміс ойшылы Фридрих Ницше дамытқан философиялық көзғарас, ол ғалам үздіксіз түрде, мәңгі бақи бірдей түрде шексіз қайталанумен болады деп есептейді, бұл ұғым бойынша ғарыштың қайталану саны мен жиілігіне ешкім білмейді, оның қалай қайталанатынын жорамалдау мүмкін емес деп қарайды.

Мәңгілік Қайталаным
Фридрих Ницше

Тарихы

Мәңгілік Қайталаным 
Ouroboros - Синезге (Synesius) тиесілі алхимиялық трактат, Теодорос Пелеканостың 1478 жылғы суретінің көшірмесі.

Мәңгілік қайталаным ең алғаш ежелгі Мысырда айтылған, сондай-ақ ол Үнді философиясының маңызды тақырыбы болды, үнді діні мен бұдда дінінде арнаулы Мәңгілік қайталаным идеясы бар.

Ежелгі гректерде Пифагор және Стоиктер осы түрдегі дүниетанымды дамытқан.

Кейбір орталықамерикалық мәдениеттерде (мысалы Майя мәдениеті, сосын Әзтек мәдениетінде) де Мәңгілік қайталанымдық дүниетаным және діни сенім нұсқасы бар екені белгілі болды.

Мәңгілік Қайталаным 
Жақыптың сатысы, William Blake сыз. (1800ж., Британия мұражайы, Лондон)

Батыста классикалық дәстүрлі мәдениеттің құлдырауы мен христиандық түсініктің, христиандық теологияның орнығуымен Құдай дүниені алты күнде жаратты, ең ақырында соңғы сот өткізген соң дүние шексіз жұмақтық әлемге айналады деп түсіндіреді.

ХІХ ғ. орта шенінде Еуропа физиктері егер уақыт шексіз болса, онда ұқсас пішіндегі материя шексіз қайталанады (жоқтан бар пайда болмайды) деп есептеді. Артур Шопенгауэр осы идеяны физикалық дүниетаным ретінде дамытқан болатын. Ф.Ницше Мәңгілік қайталанымға философиялық толғаныс жасап, батыс философиясын осы ұғымнан дамытудың сынағын жасады.

Стоиктер бойынша: Әлемдегі барлық заттар кезінде ұқсас пішінде шексіз рет пайда болған, болашақта да солай болады, әрбір қайталаным ақыры отқа (conflagration)қайтып, сосын тағы жаңа қайталанымды бастайды деп есептеді.

Ф.Ницшенің бұл идеяны түсіндіруі

Мәңгілік Қайталаным 
"Ницше тасы, Сурлей маңы (Швейцария), Ф.Ницшенің "Заратуштра осылай деген" кітабындағы "Мәңгілік қайталаным" идеясының шабыты дәл осы тастың үстінде ояныпты.

Ф.Ницше өзінің дәл осы идеяға бекінуіне 1881 жылдың тамыз айында тау басындағы орманды сейілдеп жүріп келгенін айтады. Ол бұл идеяға ежелгі грек ойшылы Гераклиттің өзгерістер туралы ілімі негізінде орныққанын жасырмайды. Ол мұны "Нигилизмнің ең ұшқары формасы", («Үстемдік еркі» кітабы) сондай-ақ нигилизмнен құтылу амалы деп түсіндіреді. Ол «Заратуштра осылай деген» кітабында былай айтады:

Мәңгілік Қайталаным  Барша ғалам келеді, барша ғалам кетеді, болмыс доңғалағы мәңгі қайталанады; барша ғалам туылады, барша ғалам өледі, болмыс уақыты мәңгі созылады; алыстау арқылы бірігіп болмыс шеңберін құрайды; әрбір сәтте тіршілікті тыңнан қайта бастау адалдығынан мәңгі айнымайды; "сондағы" әрбір шеңбер "осындағы"ны айналып зыр қаға дөңгелейді; өзек бөлігі бәрін қамтыған мәңгіліктің қыңыр қисық жолымен аттанады. Мәңгілік Қайталаным 
Мәңгілік Қайталаным  Сендер мәңгі өмір сүрушісіңдер! Ғаламды мәңгі сүйіңдер! Дүние-ғаламға мұңлы түрде: "Жоғалшы! Бірақ қайта келетін бол!" дейсіңдер. Өйткені әрбір қуаныш мәңгілік. Мәңгілік Қайталаным 
Мәңгілік Қайталаным  Бәрі қайталанады. Сүмбіле (Sirius) жұлдызы да, өрмекші де, және олардың сол сәттегі ойлары да, және олардың ең соңғы пікіріне дейін түгел қайталанып отырады. Мәңгілік Қайталаным 
Мәңгілік Қайталаным  Айқыш (крест) бетіндегі құдай тіршілікті қарғады, тіршілік арқылы күнәні жуудың жоспарын құрды. Шарап құдайы (Дионоис) тіршіліктің уәдесін күйретті: ол күйреу барысында қайта туылады және қайта оралады. Мәңгілік Қайталаным 

Ф.Ницше бойынша Мәңгілік қайталаным идеясы қарамаққа ең ғылымисызы құсағанымен, оның "барлық философиялық жорамалдар арасындағы ең ғылымиы" («Үстемдік еркі» кітабы). Себебі, Ғаламның энергиясы жоғалмайды және уақыт шексіз, шекті күш шексіз уақыт жебесінде қозғалады, демек ол сөзсіз үздіксіз қайта туылуға тиіс. Бірақ бұл түрдегі онтологияны ғылыми тұрғыда дәлелдеу мүмкні емес, демек бұл идея тек физикалық, метафизикалық мағынада қойылмағаны анық.

Басқалардың пікірі

Әйгілі Ницшетанушы ғалым Кауфманның бұл туралы пікірі: "Мәңгілік қайталаным Ф.Ницше үшін ұғымдық мағынасына қарағанда кешірмелік сезінулік мағынасы басымырақ түсінік.... Ол өзінің осындай сезімді тұңғыш кешіргені туралы көп айтқан, өйткені бұл ол үшін тіршілікті (ақыр-соңы бәрібір жоғалудан) құтқарудың тамаша сәті болатын."

Мартин Хайдеггердің айтуынша Ф.Ницше Шаттық ілімінің 341 нақыл сөзінде "Мәңгілік қайталаным" идеясын нақты дәйекті, дәлелденген пікір ретінде емес, жорамалдық пікір ретінде ортаға қойған деп есептейді.

философиялық мағынасы

Мәңгілік Қайталаным 
Құмсағат

Зерттеулерге сүйенсек, Ф.Ницше «Заратуштра осылай деген» кітабында үш түрлі Мәңгілік қайталанымды алға тартқан, ажыратқан. 1) Ғаламдық, немесе метафизикалық (физиканың ар жағындағы, физика шеше алмайтын) Мәңгілік қайталаным идеясы. Бұл Заратуштраның хайуандарының көкейіндегі Мәңгілік қайталаным. 2) Пессимистік және нигилистік мәңгілік қайталаным. Бұл әлемдегі баршаны шексіз дөңгелеген тұйық шеңбер бойындағы өлі қайталаным көру, не істесең де ештеңе шықпайды, қатал тағдыр бәрібір ештеңені артық, не кем етпейді деу, бұл «Заратуштра осылай деген» кітабында айтылатын Дүмшелер санасындағы мәңгілік қайталаным. Бұл екі түрлі Мәңгілік қайталаным идеясы мейлі өткен, мейлі қазір, немесе болашақ болсын, барлық нәрсе ұқсас пішінде, ұқсас негізде, түптүгел қатал түрде мағынасыз қайталана береді дегенге негізделген. Ал, Заратуштраның өзі (Ф.Ницшенің өзі) ол екі түрлі қайталаныспен келіспейді. Заратуштра өз хайуандарының "ұқсас заттардың қайталануы, туралы "былжырақтары мен күңкілін" пышақ кескендей тиып, оларды тікеден тіке түрде "жақсы ниетті ақымақ", "жыртық гармон" деп айыптайды. Ол сондай-ақ Дүмшеге қарап "Дүмше, екеуіміз қатар тұра алмаймыз" дейді. Егер хайуандар айтқан барлық нәрсе сол бір түп-түгел қалпымен қайталанатын Мәңгілік қайталаным болғанда, бәрі тек шеңберді бойлап айналады, барлық мүмкіндік текке кетеді, ештеңе өзгермейді, бәрі бос әурешілік болады. Пессимизм мен нигилизмге салынған Дүмшенің Мәңгілік қайталанымы да сол секілді.

Әрине, Мәңгілік қайталаным тек Ницшеден басталмайды, ол туралы оған дейін де сансыз ой-тұжырымдар айтылған. Ежелгі Грек ойшылы Пифагор, Гераклит, стоиктер, ежелгі үнділер бұл мәселе туралы көп зерттеген және кейінгісі оны тіпті діни сенім деңгейге көтерген. Бірақ неге Ницше Заратуштраны тұңғыш "Мәңгілік қайтаналым" оқытушысы дейді? Өйткені, "Мәңгілік қайталаным идеясының ең түйінді негізі барлық іске және әрбір сәтке қарата айтылатын сол бір қарсы сұрақта жатыр: "сен осындай адамның қайталанып мыңдаған рет қайта туылуын қалайсың ба?" Немесе, "өзіңнің істемекші болған барлық ісіңе қарсы сұрақ қой: Менің өзімнің шексіз рет осылай жұмыс істеуімді күтемін бе?". Әрине, егер біз өзімізге осылай сауал қойсақ, осындай Мәңгілік қайталаным талабы бойынша өзімізді таңдасақ және іс-әрекетімізді өлшемдестірсек, онда біз тіршілікті қаралайтын, терістейтін істер мен күштерден ажыратамыз, тазалаймыз. Өйткені кез келген өмірге қарсы іс біздің қайта туылуымызды, шексіз қайта келуімізді күтпейді, үміттенбейді, тіпті қаламайды да.

Шексіз қайта туылу мұнда өмірді растайтын, қолдайтын, ақтайтын белсенді күш.

Мәңгілік Қайталаным 
Тіршілік тынысы

Ал, егер өмірді терістеу мәңгі қайталанды десек, онда ол өмірді өзінің кері жағына айналдырып, басқа бір өмірдің қайталаныуына алып барады.

Азап пен қайғы өзін терістеудің бірі, адамның оған мәмілесі одан тезірек құтылу, алыстау, жеңу болады. Сондықтан оның ұраны әркез "тағы келші, қайталаншы" емес, "жоғалшы!" болуға тиіс.

Егер біз әр рет белсенді түрде, қайсар түрде шаттыққа ұмтылып, жоғалған шаттығымыздың тағы да қайталануын тілесек, және осылай өмір сүрсек, міне бұл Мәңгілік қайталанымның адам үшін рухани талап екенін аңғарғанымыз. Демек шаттық қана қайта-қайта келсін, шексіз болсын деуге тұратын нәрсе.

Сондай-ақ, шаттықта басқа талап жоқ, "шаттық тек өзін аңсайды, мәңгі болуды аңсайды, қайталануды аңсайды, бәрінде мәңгі бірдей болуды аңсайды", ал азап өзін аңсамайды, өзінің қайталануы мен мәңгілігін қаламайды, ол өзін терістеу мен асып түсуді, өзінен озуды күтеді.

Әрине, егер жоғарырақ шаттық үшін, жоғарырақ махаббат үшін (бұл түрдегі Дионистік шаттық пен махаббат азап арқылы өз шаттығы мен махаббатын күшейтуге тырысады) азаптанса, онда бұл түрдегі азап пен қайғы өмірді терістейтін нәрсе емес, ол шаттықты растайтын, қолдайтын, жақтайтын күш боғаны.

Демек, Заратуштраның (Ф.Ницшенің) Мәңгілік қайталанымы жоғарыда айтылған екі түрлі Мәңгілік қайталанымнан өзгеше, ол ең алдымен таңдау идеясы: Сен өзіңнің кезектегі өміріңнің қайта келуін, шексіз қайталануын қалайсың ба? —— Бұл сұраққа екі түрлі жауап беріледі: қолдау және терістеу. Міне бұл Мәңгілік қайталанымның адамды бағалағыштық, сынағыштық қасиеті, алдыңғы жауап белсенді, өз әрекетіне риза түрде белсенді берілу және қайталануын аңсау, ал кейінгісі кері кеткен, оның өз әрекетіне қарата өзінен келетін белсенді қолдаушы күш кем, демек ол ырықсыз күйде.

Мәңгілік Қайталаным 
Жеңімпаздар және жеңілушілер

Дегенмен, Мәңгілік қайталаным мағыналы шаттық иесінің мәңгі қайталануы болса, онда түкке тұрмайтын тобырлардың Мәңгілік қайталануы қалай болады? Әрине, олар ырықсыз, терістегіш, керітартпа күш болғандықтан өз өзіне қайшылығы себепті олар бір реттік қана, ешқашан қайталанбайды, соңғы рет қана болады. Бұл түрдегі сұрыптаудан белсенді, жігерлі, қолдағыш, растағыш күштер іріктеліп, барлық бейшара, кертартпа, кері кеткен, ырықсыз күштер ығыстырылады, аласталады. Осынау тазарту бейнелеп айтқанда Асқанадамды (супермен) туғызады. Бұл Ницшенің эволюция идеясымен де байланысты екенін көрсетеді —— Асқанадам Мәңгілік қайталанымның іріктеуі мен сұрыптауының нәтижесі. Ницшенің саясаттану идеясы бойынша қоғам дәрежелі болуға тиіс. Егер ұсақ тобырлар Мәңгілік қайталанымда тозып жоғалатын болса, біртіндеп әлеуметтік дәреже де жойылады. Мәңгілік қайталанымда тіршілікті шірітетін, кері кетіретін, әлсірететін терістеуші күштер мен керітартпа күштерге шығар жол жоқ. Тек тіршілікті жақтайтын күштер, жетілдіретін күштер, шабыттандыратын, жігерлендіретін күштер ғана Мәңгі қайталануға тиіс. Демек, Асқан адамның туылуына алып баратын Мәңгілік қайталанымда талғампаздық және сұрыптау жүреді: кәртею мен шіру ығыстырылады, әлсіздік шектеледі, тіршілікке қарсылық сыналады. Тек мықтылар ғана Мәңгілік қайталанады, әлсіздерге шығар жол жоқ, тек балалар ғана қайталанады, кәрілерде қайталану мүмкіндігі болмайды, тек дені сау кемел адамдар ғана қайталанады, ауырулар мен жабылар жойылып отырады, тек тіршілік күшін растаушы, жақтаушылар ғана қайталаанады, тіршілікті терістеуші күштер қайталанбайды. "Асық үйіру" мағынасында: "Мәңгілік қайталаным кездейсоқтықты да растайды, асық үйірудің рет саны мен асық үйірудің өзін растайды, қолдайды, содан сөзсіздік келіп шығады." Асық үйірудің нәтижесінің қайталану мүмкіндігі шексіздіктегі кездейсоқ бір рет, ол шекті күйдегі Мәңгілік қайталанымға алып барады". Шексіз көп кездейсоқтық болмаса, шекті сөзсіздік болмайды, көптік болмаса бірлік болмайды. Дегенмен, Ницше айтқан: "Сенің тұрмысыңдағы азабың, шаттығың, идеяң, тіпті айтып жеткізуге болмайтын барлық нәрселер, үлкенді-кішілі істер түгелдей сенің бойыңда қайталанады, ұқсас тәртіппен қайта көрінеді." Демек, қайталанбайтындарға қарағанда қайталанатындары көбірек болмақ.

Дегенмен, егер бұл түрдегі растау мен терістеу мәмілесі егер Мәңгілік қайталану сенімінен туатын болса, ал қайталанудың өзі объективті түрдегі рас нәрсе емес болса, онда ол бейне И.Канттың Ақыл туралы үш жорамалы секілді тек субъективті нәрсеге айналады. Ондайда, растау мен терістеу мәмілесі өмірдің шолақтығына бола және барша жаратылғанның күйреуіне орай үмітсіздікке беріледі. Сондықтан Ф.Ницше мұнда Мәңгілік қайталанудың объективтігін баса дәріптеді.

Ф.Ницшенің пікірі бойынша, егер біздің күштілігімізді қиялдау және жоспарлау мөлшеріміз шексіз болса, онда біз үшін Мәңгілік қайталанымның маңызы қалмайды. Өйткені, шексіз көп күш үшін көбею де, азаю да мәнін жояды. Сондықтан дүниеде күштің шамасы шексіз емес, сондай-ақ ол да барша кеңістікке бірдей тең шамада жайылған емес. Демек кеңістік пен күш ғарышта шексіз емес. Сондықтан Уақыт шексіз және кеңістік пен күш шекті болғандықтан, Мәңгілік қайталанымның сұрыптауға құрылған қайталануы іске асады. Ницше былай дейді: "Егер дүние-ғаламды мәлім көлемдегі, мәлім шамадағы күштердің орталығы деп мөлшерлесек, онда дүние өзінің өмір сүру ойынында белгілі шамадағы асық үйіру санының бірігуін бастан кешіреді. Шексіз уақытта әрбір мүмкін бірлік әрқашан шыға беруі мүмкін. ... Сондай-ақ әрбір бірігу мен келесі қайталанудың бірігуі арасында барлық бірліктер түгел шығуы мүмкін және бұл бірлікте әрбір белгілеу барлық нәтиженің себебі болуы да мүмкін. Міне бұл қайткен күнде мүлде тең шамадағы тәртіптің қайталанысы бар екенін көрсетеді. Сондықтан дүние дегеніміз қайталаныс, ол басталудан ақырласуға дейін жылжыған ауысулар арқылы өзін туғызып, шексіз түрде өзін қайталайтын ойын."

Ницше Шаттық ілімінде былай дейді:

Мәңгілік Қайталаным  Егер мәлім бір кеште, бір құбыжық сенің жалғыздық аулаңның есігінен еніп, саған былай десе: "сенің қазіргі және кезіндегі өміріңді сен тағы бір рет, тіпті шексіз рет бастан кешіресің, бірақ одан еш жаңалық байқамайсың. Сенің өміріңдегі қайғы мен шаттық, ой-қиял, күрсіну, сондай-ақ айтуға келмейтіндер мен күлкенді-кішілі істер шексіз түрде қайта бастан кешіріледі, ұқсас тәртіппен қайталанып отырады, осы сәттің орманынан шыққан өрмекші мен ай секілді осы сәт пен сенің өзің де қайталанасың. Болмыстың мәңгілік құмсағаты тоқтаусыз айналады, сен де сол құмсағатпен бірдейсің, сондағы бір түйір топырақ қанасың." Құбыжықтың сөзін тыңдаған соң сен жерге жата қалып тісіңді шақырлатып мынау құбыжықты қарғыс айтасың ба? Әлде, ұлы сәтті бастан кешіргендей былай жауап бересің бе: "Керемет, мен мұндай керемет даналықты ешқашан естіп көрмеппін!" Егер бұл идея сені кеулеп, сені өзгертсе, онда ол сені быт-шыт етуі де мүмкін. "Сен тағы бір рет келгің келе ме? Шексіз қайта келе бергің келе ме?" Бұл барша адамға арналған, барша ғаламға қатысты мәселе ең ауыр жүк болып сенің қозғалысыңа күш түсіреді! Немесе, сен өзіңнің өзің болуың үшін не істейсің? Сен өзіңді мәңгілік растау үшін және айқын таңбалап белгілеу үшін өз өміріңе қалай мәмле жасайсың? Мәңгілік Қайталаным 

Өткен тарих айтып кеткендей, бұл түрдегі Қайталаныс ап-айқын емес, тарих та біркелгі, бір өлшемді, ұп-ұқсас қайталанбайды. Сондай-ақ бұл түрдегі Қайталаныс бізден алыс та емес, өйткені ол сенің өміріңнің ішінде қайталанып жатыр, сенің өміріңді құраған нәрселерді қайталап жатыр.

Мәңгілік Қайталаным 
Сағат

Демек, Ницшенің көздеген мәселесі адам өмірінің мәнділігі мәселесіне барып тіреледі, содан "Ұқсастық қайталанады" идеясын ұсынады және сол арқылы "өмірде мән-мағына бар ма, әлде жоқпа" мәселесіне жауап қарастырады. Бейшар адамдар, дүрмекке ерген тобырлар, ақырласқан адамдар, кәртейгендер, азғындағандар, іріп-шірігендер, өмірді қаралағандар түгелдей қайталанбайды, сондықтан олар басқа бір нәрсеге табыну арқылы тағдырдан бойтасалағысы, ұлы нәрселердің етегіне оралып уақыт тезінен өткісі келеді. Нағыз қайталанатыны ғажайып сәттер, ұлы жүрек, қайсар ерік, жасампаздық, жеңімпаздық, даңық құштарлығы, билеу, бойсұндыру, ең болу, міне солар Мәңгілік қайталанады және Асқан адамды туғызады.

Демек, Мәңгілік қайталаным нигилизм мен пессимизмге қарсы айтылған ең қуатты қарсылықтың бірі есептеледі.

Дереккөздер

Tags:

Мәңгілік Қайталаным ТарихыМәңгілік Қайталаным Ф.Ницшенің бұл идеяны түсіндіруіМәңгілік Қайталаным философиялық мағынасыМәңгілік Қайталаным ДереккөздерМәңгілік ҚайталанымАғылшын тіліФридрих НицшеҒарыш

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ХристиандықТағамның маңызы, құрамы және қызметіОңтүстік ҚазақстанЭмбрионОңтүстік АмерикаАҚШ президенттерінің тізіміҚытайТүйелерАлаш автономиясыДүниежүзілік көрме (2017)Бауыржан МомышұлыАқпараттық қауіпсіздікҚазақстанның Қызыл кітабыЖылу электр станциясыБұлшықет талшығыЖеңіл атлетикаҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіРедуценттерЭлектр тогыДамушы елдерСөйлемнің бірыңғай мүшелеріҚазақ ұлттық киімдеріИзомерияЖайылма сөйлемОтбасыҚұстарХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыЛенинград шайқасыЖұмыссыздықСептік жалғауРентген сәулелеріБірінші дүниежүзілік соғысОнтогенезҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыАсқазан ауруларыНаурыз мейрамыҚазақстандағы көмір кеніЖоғары деңгейлі программалау тіліНорвегияҰлпан (роман)ХромосомаларСөз таптарыМәлік ҒабдуллинӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Мұнай экспорттаушы елдер ұйымыҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыГеродотБатыс Ғұн ИмпериясыҮстеуДауысты дыбыстарОрганикалық қосылыстарКөбеюҚояндарҚант диабетіАзаматтық құқықАуыл шаруашылығыБактерияларАйша бибі кесенесіТел өскен ұл316-атқыштар дивизиясы16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыГидросфераНАСАҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныЖүрек ауруларыКомпьютерлік желіАлаш партиясыМемлекет астаналары тізіміЗат есімӨмірзая (роман)Қазақтың XX ғасырдағы мәдениетіШоқжұлдызТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріҚайта құру кезеңіҰшқан ұяРақымжан ҚошқарбаевПлацента🡆 More