Күнделік.кз

Kundelik.kz — Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай білім беру интернет-порталы.

Kundelik.kz жүйесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде енгізілді және жеке инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. Бүгінгі таңда жүйеде 6500-ден астам мектеп тіркелген.

Күнделік
логотипі
URL

kundelik.kz

Коммерциялық

Иә

Сайттың түрі

Цифрлы білім беру платформасы, Электронды күнделік және журнал

Тіркелу

Тегін, әкімшінің растауымен

Тіл(дер)і

қазақша, орысша

Ашылған уақыты

2016 жыл

Ай сайын порталға 4 500 000-нан астам адам кіреді, парақшаларды қарау саны 350 миллионнан асады (2023 жылдың ақпан айындағы Яндекс.Метрика мәліметтері бойынша).

Тарихы

2016 жылы "Дневник.ру" жобасының жетекшісі Гавриил Левидің айтуынша, Қазақстан аумағында "Күнделік.кз" білім беру платформасы енгізілді. Бүгінгі таңда жобаның ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, осы платформамен 6 мыңға жуық мектеп және 4 миллионға жуық қолданушы жұмыс істейді.

"Күнделік"-ті техникалық тұрғыдан әзірлеген Білім және ғылым министрлігі емес. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пайда болған. "Күнделік" жобасының бас директоры Мұхтар Ілиясовтың айтуынша, инвесторлар жаңа жүйені жасап бергені үшін мемлекеттен мүлде ақша алмаған. Жоба өзін 11 жылда ақтап алады дейді. Министрліктің бұл жобаны мақұлдап, жаппай енгізуінің бір ғана мақсаты бар екен: ол – мұғалімдерді қағаз толтыру "азабынан" арылтып, Қазақстанда сандық білім беру жүйесін қалыптастыру.

Қазақстандағы ұстаздардың пікірінше, "Күнделік.кз" – Ресейдегі осындай "Дневник.ру" жобасының айна қатесіз көшірмесі. Мұхтар Ілиясов экслюзивті сұхбат бере отырып, "Күнделік" компаниясының бір бөлігі ресейліктерге тиесілі екенін растады.

 "Әрине, әуел бастан қазақстандық компаниямыз деп айтып отырмын. Бірақ, біздің компанияның 45 пайызы Ресейдің "Дневник.ру" компаниясына тиесілі. Яғни, жобаның "жүрегін", негізін әзірлеген адамдар – ресейліктер. Ал, әдістеме, үш тілдегі жұмысын, академиялық бағалау жүйесін, сабақтардың санын енгізген біз. Ресейде бұл жобаны 150 адам жасап отыр, оның ішінде оншақты адамды бізге көмектесуге берген. Ал, Қазақстан тарапынан бұл жобада он екі адам – есепші, заңгерлер мен операторлар жұмыс істеп отырмыз" 

Пайдалану

Сонымен, бұл жүйеге кім және қалай тіркеліп, қалай пайдаланады? Яғни, ұстаздың, оқушының, ата-ананың жеке кабинеті қалай пайда болады.

"Күнделік" жүйесіне тіркелу үшін өтінішті тек мектеп бере алады. Мектеп әкімшілігі сыныптағы оқушылардың санын, аты-жөндерін және ата-аналардың аты-жөні мен өзге де мәліметтерді ұсынуы керек. Бұл жұмысты сынып жетекшілер атқарады.

Мектеп оқушылары туралы бүкіл мәліметті ұсынғаннан кейін "Күнделік" авторлары оны бес күн ішінде тексереді де, өтінішті расымен мектеп беріп отырғанына көз жеткізгеннен кейін келесі қадамға көшеді.

"Күнделік" авторлары мәліметтерді растаған соң, өтініш жіберген мектепке жүйе әкімшісіне арналған логин мен құпия сөз келеді.

Жүйенің әкімшісін мектеп тағайындайды. Бұл жұмыс жүктелген әкімші ұйымның жеке парақшасын толтырып, оқушылардың тізімін, мұғалім мен ата-ананың мәліметтерін жүйеге енгізеді. Бүкіл мәлімет базаға енген соң, сабақ кестесі және тағы басқа академиялық мәліметтер толтырылады. Содан кейін әкімші әр сыныптың жетекшісіне әрбір бала мен ата-ананың құпия сөзін таратады. Сынып жетекшісі өз кезегінде жиналыс өткізіп, әрбір баланың және оның ата-анасының жеке логині мен құпия сөзін қолдарына ұстатады.

Логин мен құпия сөз қолына тиген соң, оқушы, ата-ана мен ұстаз сайттың жоғарғы жағындағы "Кіру" тетігін басып, жұмысын бастап кетеді. Ұстаздың міндеті – баға қою, үй тапсырмасын жазу. Ата-ананың міндеті – баласының бағаларын қарап, сабақ кестесімен, үй тапсырмасымен танысу. Ал оқушының міндеті – сайттан үй тапсырмасын қарап, оны орындау. Айта кетерлігі, оқушы өзінің бағаларын және өзі оқитын сыныптың үй тапсырмасы мен сабақ кестесін ғана көре алады.

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Күнделік.кз ТарихыКүнделік.кз ПайдалануКүнделік.кз ДереккөздерКүнделік.кз СілтемелерКүнделік.кзҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ ұлттық киімдеріЖайылма сөйлемҚұқықҚазақстанның мұнай өнеркәсібіҚазақстандағы жануарлар әлеміТемірхан МедетбекҚасым ханның қасқа жолыХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміЭкономикалық қатынасМерезМәскеу шайқасыБайқоңыр (ғарыш айлағы)Леонардо да ВинчиОнтогенезКөп жасушалы ағзаларЭкологиялық проблемаТаразБиотехнологияМезозойАвторлық құқықГемоглобинАлаш партиясының бағдарламасыАвтокөлік шығаратын елдер тізіміҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеТолықтауышСоқырішекМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Қара металлургияАрғынКеңес Одағының БатырыТабиғатМіржақып ДулатұлыСөйлем мүшелеріҚазақстандағы көмір кеніЭкологиялық туризмҚазақ батырлар тізіміМысКітапханаҚазақстан 2050Жау тылындағы балаӘпке (драма)Зар Заман ақындарыНафтаДауыссыз дыбыстарҮркерСенсорлық жүйеСперматозоидВирустарШыңғыс ханАдам даму индексі бойынша елдер тізіміДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевДәрілік өсімдіктерОралхан БөкейХалел ДосмұхамедовАлюминийШығыс Қазақстан облысыЖануарлар қалай үндейді (ойын)ҒұндарҚант диабетіҚазақстан демографиясыЭтносИосиф Виссарионович СталинҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыПлагиатЖыныс мүшелерінің құрылысыАтмосфераҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақстандағы минералды ресурстарБірінші дүниежүзілік соғысЖоспарлы экономикаҚазақстан аудандарыҚазан төңкерісіТұмар ханшаҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыБіріккен Ұлттар Ұйымы🡆 More