Ислам Күнтізбесі

Бейсенбі

Бүгін

16 Shawwal

1445 Һижра


25 сәуір

2024 жыл


[жаңару]

Ислам күнтізбесі (Һижра күнтізбесі , ай һижрасы) — Мұсылман әлемінде қолданылатын Ай фазаларының өзгерістеріне негізделген күнтізбе. “Жәһилия” заманында, яғни исламнан бұрын Арабияда 24 жылдық жыл санау есебі қолданылды.

15 жыл 12 айдан, 9 жыл 13 айдан есептелді. Қосылатын артық ай “нәси” деп аталды. Абыздар оны орынды да, орынсыз да қосып, күнтізбені шатастыра бергендіктен Мұхаммед нәсиды есептен мүлдем шығарып тастады. Содан бері араб елінде жыл 12 синодтық айдан құралады. Ол 354 не 355 күн. Ислам діні шыққаннан бері арабтардың қолданылатын жыл санау жүйесі — “Тарих әл-һижра”. “һижра” — “ауып бару” деген мағынаны береді.

Ислам күнтізбесі һижрадан, яғни Аллаһ Елшісінің Меккеден Мединеге жер аударған күнінен басталады. Һижра есебін пайғамбарымыз Мұхаммед дүниеден өткен уақытынан кейін 5 жыл өткенде, 637 жылы халиф Омар ибн әл-Хаттаб р.а. (634 — 644) жасаған. Нақты жылдан 11 күн кем болғандықтан, Ислам күнтізбесіндегі жылдың басы жылжи береді. һижраның Күн қозғалысына қатысы жоқ. Ол тек Айға негізделген. Жерлері ыстық және шөлді болғандықтан Араб елдері күндіз демалып, түнгі салқында Айдың жарығымен жұмыс жасайды. Ислам күнтізбесінің шығуының басты себебі де осы.

Ай санау

Мұсылман жыл санауы Аллаһ Елшісінің Меккеден Мединеге һижрет жасаған уақытынан бері саналады. Осы күнгі жасалған һижрет мұсылман тарихында ерекше орынға ие болды. Жаңа күнтізбенің қолданысқа енуі туралы шешімді халифа Омар ибн әл-Хаттаб басқа сахабалармен кеңесе отырып қабылдаған болатын. Осылайша мұсылман күнтізбесі «Һижри» деп атала бастады. Мұсылман күнтізбесі күнмен емес, аймен есептелгендігі себепті біздің қазіргі жылсанағымыздан біршама айырмашылығы бар. Осы себепті бір жылы 10, екінші жылы 11 күнге қысқа болып жатады.

Бұл жөнінде Алла тағала Құранда былай дейді:

إِنَّ عِدَّةَ الشُّهُورِ عِندَ اللّهِ اثْنَا عَشَرَ شَهْراً فِي كِتَابِ اللّهِ يَوْمَ خَلَقَ السَّمَاوَات وَالأَرْضَ مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ

«Расында Аллаһ қасында көктер мен жерді жаратқалы Аллаһтың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар»

Тәубе сүресі, 36-шы аят

Һижра айлары

Һижра араб.: هِجْرَة‎ айлары шамамен жаңа ай туған сәттен басталады..

12-ші айдан, Зүл-Хижжа айынан басқа айларда 30 және 29 күн болады, жоғарыдағы айдың ұзақтығы айдың дұрыс фазаларына сәйкес күнтізбені ұстап қалуына бағытталған 30 жылдық циклде өзгереді.

11 жылы бұл циклдің Зүл-Хижжа айында 30 күн, ал қалғандарында 19-29 күн бар. Демек, бір жылда 354 немесе 355 күн бар. Кібісе жылдарға ешқандай ай қосылмайды, сондықтан атаулы айлар сол маусымда қалмайды, бірақ әрбір 32 және ½ жыл сайын толық күн немесе маусымдық жыл (шамамен 365 және 1/4 күн) арқылы артқа жылжиды.

  1. Мұхаррамالمحرّم, "тыйым салынған" — заңға қарсы (харам), бұл айда соғыс жүргізуге де тыйым салынған. Мұхаррам айы мұсылмандардың ең қасиетті айы, Ашура күні осы айда.
  2. Сафарصفر, "бос" — еретеректе араб халқы осы айда үйлерін бос қалдырып кететін болу керек.
  3. Рабиғул әууәлربيع الأوّل, "бірінші көктем".
  4. Рабиғул ахирربيع الثاني немесе ربيع الآخر, "екінші (немесе соңғы) көктем".
  5. Жұмада әууәлجمادى الأولى, "шөлді (сусыз) жердің бірінші айы". Көне заманда "жаздың" бірінші ай.
  6. Жұмада ахирجمادى الثانية немесе جمادى الآخرة,
  7. Ережепرجب, "сыйластық" немесе "құрмет", бұл келесі қасиетті айда соғыстар мен ұрыстарға тыйым салынған.
  8. Шағбанشعبان, "шашылу", ертеректе Араб рулары осы ай уақытында жатырқап су іздеуге шыққан көрінеді.
  9. Рамазанرمضان, қасиетті айлардың бірі, мұсылмандар бұл айда таң атысынан, күн батқанға дейін ораза тұтып, жаман қылықтардан арылады.
  10. Шәууәлشوّال,
  11. Зұлқағдаذو القعدة,
  12. Зұлхижжаذو الحجّة, "қажылық айы", жыл сайынғы мұсылмандардың Меккеге Қажылыққа баратын айы.

Ислам күнтізбесі

  1. Мұхаррам
  2. Сафар
  3. Рабиғ әл-әууәл
  4. Рабиғ әс-сәни
  5. Джумада әл-әууәл
  6. Жумад ас-сәни
  7. Раджаб
  8. Шағбан
  9. Рамазан
  10. Шәууәл
  11. Зул-Қағда
  12. Зул-Хиджа


Ай атауы Күн саны Ай атауы Күн саны
Мұхаррам (қаңтар) 30 Ережеп (шілде) 30
Сафар (ақпан) 29 Шағбан (тамыз) 29
Рабиғул әууәл (наурыз) 30 Рамазан (қыркүйек) 30
Рабииғус сәни (сәуір) 29 Шәууәл (қазан) 29
Жұмада әууәл (мамыр) 30 Зұлқағда (қараша) 30
Жұмада ахир (маусым) 29 Зұлхижжа (желтоқсан) 29

һижри жыл басы

1 мұхаррам 1422 ж. 26 наурыз 2001
1 мұхаррам 1423 ж. 15 наурыз 2002
1 мұхаррам 1424 ж. 5 наурыз 2003
1 мұхаррам 1425 ж. 22 ақпан 2004
1 мұхаррам 1426 ж. 10 ақпан 2005
1 мұхаррам 1427 ж. 31 қаңтар 2006
1 мұхаррам 1428 ж. 20 қаңтар 2007
1 мұхаррам 1429 ж. 10 қаңтар 2008
1 мұхаррам 1430 ж. 29 желтоқсан 2008
1 мұхаррам 1431 ж. 18 желтоқсан 2009
1 мұхаррам 1432 ж. 8 желтоқсан 2010
1 мұхаррам 1433 ж. 26 қараша 2011
1 мұхаррам 1434 ж. 15 қараша 2012
1 мұхаррам 1435 ж. 5 қараша 2013
1 мұхаррам 1436 ж. 25 қазан 2014
1 мұхаррам 1437 ж. 15 қазан 2015


Дереккөздер

Ислам күнтізбесінің айлары
Мұхаррам | Сафар | Рабиғ әл-әууәл | Рабиғ әс-сәни | Джумада әл-әууәл | Жумад ас-сәни | Раджаб | Шағбан | Рамазан | Шәууәл | Зул-Қағда | Зул-Хиджа


Tags:

Ислам Күнтізбесі Ай санауИслам Күнтізбесі һижри жыл басыИслам Күнтізбесі ДереккөздерИслам КүнтізбесіБейсенбі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МамыргүлҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы38-атқыштар дивизиясыТәуекел ханКөсемшеАИВ/ЖИТСҒұндар мемлекетіМахаббат, қызық мол жылдарКөкпарТуризмОңтүстік ҚазақстанОттегіШанхай Ынтымақтастық ҰйымыӘсет НайманбайұлыҚазақстандағы хандық биліктің жойылуыАрал теңізіБурабай ұлттық паркіҚазақстан географиясыАллитерацияҚазақстандағы түсті металдарҚазақстанның экологиялық проблемаларыҒарышМысБәдікҚазақстан мемлекеттік рәміздеріМәңгілік бала бейнеЕртісАмерика Құрама ШтаттарыТемекіШығыс Қазақстан облысыМиИтШикізатКонгресс кітапханасыШолпан (ғаламшар)Магмалық тау жыныстарыЛимфа жүйесіМәдени өсімдіктерҚазақ философиясыКүй аңызы (әңгіме)Қара құрдымМұхтар Омарханұлы ӘуезовАнықтауышТөле биСпирттерҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевТранспортирҚазақстандағы «қайта құру» саясатыБүркітЭкологиялық туризмАвтоматтандыруАлтынемел ұлттық паркіҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемӨзгергіштікҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыСептік жалғауБіріккен Араб ӘмірліктеріҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеФизикалық-географиялық аудандастыруИталияЕсімдікЖіктік жалғауҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыМетонимияТүркияҒабиден МұстафинМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміӘлемнің жеті кереметіҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміТемірхан МедетбекМеталлургияӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіЖұлдызЖай механизмРақымжан ҚошқарбаевҚазақстан теңгесі🡆 More